Елімізде соғым маусымы - ет сүрлеп, қазы айналдыратын кезең қызу жүріп жатыр. Әлеуметтік желілерде де соғым бизнесі қызған. Түрлі хабарламаларды қарап шықсақ, сатушылар соғымның келісін 1700 теңгеден сатса, малдың өзіне 700 мың теңгеге дейін ақша сұрайды. Сондай-ақ, етті бұзып, жеткізіп беретіндердің де саудасы жақсы жүріп жатқанын байқауға болады. Tengrinews.kz хабарландыру сайттарына сүйеніп, дәл қазір елімізде соғым саудасы қалай жүріп жатқанына шолу жасауды ұйғарды.

Интернеттен түрлі хабарламаларды көруге болады, бірі тек бөлшектеп сатып, бағасын төмендете алмайтынын айтса, тағы бірі соғымды көлікке айырбастайтынын жазыпты.
Желідегі хабарламаларға сүйенсек, соғымды несиеге беретіндер де жеткілікті болып шықты. Шымкенттік сатушының айтуынша, ол соғымды несиеге бір айға ғана бере алады.
Несиеге соғым
Етке кепілдік береді
Ал екінші бір сатушы соғым ұнамай қалған жағдайда ақшаны қайтаруға дайын екенін айтады. Сондай-ақ, автор 30 келіден аса ет алса, бауыр, бүйрек тегін берілетінін жазыпты.
"Соғымды көлікке айырбастаймын"
Алматы облысының тұрғыны тіпті соғымды көлікке айырбастаймын дейді. Соғым 350 000 теңге деп жазыпты.
Соғым маусымы: Ет сүрлеудің тәсілдері
Cатушылардан бөлек, соңғы күндері ет бұзып, жіліктеп беремін дейтін қызмет түрлері де көп екен. Етті бөлшектеп, мүшелеп беретіндер қызметіне 5 000 теңгеден бастап ақы сұрайды. Ал сойып беру үшін 30 000 теңгеге дейін сұрайды екен.
Сондай-ақ, Интернеттен қарағандылықтың соғым бұзып беретіні туралы хабарламасын көруге болады. Бұл хабарламаның басқалардан гөрі көп қаралым жинағанын айта кету керек.
Ал мына сатушы клиенттерінен ұсақ-түйек әңгіме бойынша мазаламауды сұрайды. Автор Батыс Қазақстан облысынан екен.
"Соғымды жиһазға айырбастаймын"
Тағы бір хабарлама беруші жатын бөлме жиһазын соғымға айырбастағысы келетінін айтады. Қарағандылық жиһаздың еш бүлінбегенін жазған. Бұл хабарлама да көп қаралым жинаған.
Біреулер жатын бөлме жиһазын айырбастағысы келсе, өзгелері көлігін соғымға айырбастағысы келген көрінеді.
Соғым маусымы: Союдың тәртібі, түрлері және ырымдары