ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 марта 2020 | 12:56

"Коронавирус "наконец-то" келуі мүмкін". Сіз кімсіз, Бекшин мырза?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлемге коронавирус пандемиясы тарап жатқанда Қазақстан да қауіпті вирустан сақтану шараларын бастады. Осы тұста еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин түрлі мәлімдеме жасап, ел аузында болған. Tengrinews.kz тілшісі Жандарбек Бекшин туралы деректер жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемге коронавирус пандемиясы тарап жатқанда Қазақстан да қауіпті вирустан сақтану шараларын бастады. Осы тұста еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин түрлі мәлімдеме жасап, ел аузында болған. Tengrinews.kz тілшісі Жандарбек Бекшин туралы деректер жинады. 

Алғашқы қызметі - бас санитар

Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген. 24 жасында Свердловск мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Мамандығы - "Гигиена, эпидемиология, санитария".

Оқу бітірген жылы, 1982 жылдан бастап медицина саласында қызмет етіп келеді. Алдымен Целиноград қалалық санитар-эпидемологиялық станциясында бас санитар, бөлім меңгерушісі болып бес жыл қызмет еткен.

Кейін үш жылға жуық Целиноград қаласы және облысының халықтық бақылау комитетінің инспекторы болып жұмыс істеген. Тәуелсіздік алған жылдары Целиноград қалалық санитар-эпидемологиялық станциясы бас дәрігерінің орынбасары болған. Бұл қызметте сегіз жыл жұмыс істеген.

Медицина саласындағы өтілі - 48 жыл

1998-2011 жылдар арасында Астана қаласындағы мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінде департамент басшысы, басқармасы директоры секілді қызметтерде болған.

2011 жылы ол алғаш рет Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалады. 2013 жылы тамыздан бастап, сегіз айға жуық бұл қызметте болмады. Бүгінге дейін елдің бас санитар дәрігері қызметін атқарып келеді. Бұл қызметпен бір уақытта Денсаулық сақтау министрлігінде түрле лауазымды атқарған.

Былтыр министрлікке қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. Бекшиннің медицина саласында жүргеніне 48 жыл болды. 1998  жылы медицина ғылымдарының докторы атанған.

Жандарбек Бекшиннің бүгінге дейін түрлі марапаты бар: 2014 жылы "Құрмет" орденін алған, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 5 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "5 жыл Астана", "10 жыл Астана", "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі" медальдарын таққан.

Жеке өмірі туралы дерек жоқ

Желіде Бекшиннің отбасы туралы мәліметтер жоқ. Тек үйленгені туралы жазылған. Сұхбаттарында да көбіне қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берген. Соңғы мәлімдемелерінің бірінен кейін оның сөзі Желіде мемге айналған. 

Оның "Коронавирус 11-16 наурыз арасында елімізге "наконец-то" келуі мүмкін" деген сөзін көбі талқылаған еді. 

Еліміздің бас санитар дәрігері әлеуметтік желілерге тіркелген. Instagram парақшасында 628 фолловер бар, бірақ бұл аккаунтында әлі ештеңе жарияланбаған.

Бекшин Facebook желісінде белсендірек. Қызметіне қатысты кездесулер мен ақпараттарды осы желідегі парақшасында бөлісіп отырады. Бүгінде Facebook-парақшасында 654 жазылушы бар, достарының санын жасырып қойған.

Әлемде коронавирус тарай бастағанда, Жандарбек Бекшин одан сақтанудың жолдарын айтқан. Сол кезде ол қазақстандықтарды жөтелу этикетін сақтауға, бірреттік майлық пайдалануға, қолды сабынмен жиі жууға, қолға ақша алмауға кеңес берген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer