ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 марта 2019 | 21:29

Қыздың жігітке сөз айтуы қазақта бұрыннан бар - Психолог

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгінде "Үйлену оңай, үй болу қиын" деген мақал жиі қолданылатын болды. Себебі отбасын құрып, бір жыл толмастан ажырасып жатқандар көбейген. Ал осы үйленуге дейінгі "сөз айту" процесі әркімде әрқалай болады. Көптеген жас осы сәт мәңгі есте қалуы үшін барынша тырысып жатады. Көз үйренгені жігіттің қызға сөз салуы, ал қыздың жігітке сөз салуы сирек болса да кездесіп жатады. Бұл ұят па әлде батылдық па? Осы мәселеге байланысты бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қыз сөз салса, жігіт көз сала ма?" тақырыбы қозғалды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде "Үйлену оңай, үй болу қиын" деген мақал жиі қолданылатын болды. Себебі отбасын құрып, бір жыл толмастан ажырасып жатқандар көбейген. Ал осы үйленуге дейінгі "сөз айту" процесі әркімде әрқалай болады. Көптеген жас осы сәт мәңгі есте қалуы үшін барынша тырысып жатады. Көз үйренгені жігіттің қызға сөз салуы, ал қыздың жігітке сөз салуы сирек болса да кездесіп жатады. Бұл ұят па әлде батылдық па? Осы мәселеге байланысты бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қыз сөз салса, жігіт көз сала ма?" тақырыбы қозғалды.

Бағдарлама барысында әлеуметтік желіде бойжеткеннің жігітке сезімін білдіріп, күйеуі болуға ұсыныс жасағаны талқыланды. Ал бағдарлама қонағы болған Мұса өзіне екі қыз үйленуге ұсыныс жасағанын айтты.

"Жастардың тілімен айтқанда, "Не твой вкус" дейді ғой. Көңілің жатпайды ол қызға, бірақ ол сенің көңіліңді аулап қоймайды. "Қой" деп айтайын десең, қыздың көңіліне қарайсың, ыңғайсыз жағдайлар болды. Сен біреуге ілтипат танытқаннан бастап, жауапты боласың, яғни ол қызға үміт бересің. Жасым 29-да, әлі бойдақпын. Өмірімде бір қызды сүйдім, бірақ сол баяғы қыздардың қарғысы-ау деймін, мен оларға жасағанды, сол қыз маған жасады. Осы жасқа дейін маған екі қыз өмірлік жар болуға ұсыныс білдірді, бүгінде ол қыздар тұрмысқа шықты. Қыз болған соң, оларға "жаным" деп еркелетіп қоятыным бар еді, сол да себеп болды деп ойлаймын", - дейді Мұса Тұрлыбек.

Сондай-ақ, Руслан есімді көрермен "үйленейік" деп жары ұсыныс тастағанын айтады. 

"Осыдан жеті жыл бұрын қазіргі әйелім бірінші болып маған ұсыныс жасады. Жеті-сегіз ай қыз бен жігіт болып жарасып жүрдік. Ұсыныс айту көпшіліктің көзінше емес, екеуара болды. Үйленсек қайтеді деп ол бастады. Мен 26-да едім, нағыз үйленетін жас, бірақ қобалжыдым ба, үйлену туралы ұсынысты айтуға созбақтап жүріп алдым. Жауапкершіліктен қорықтым ба екен? Білмеймін. Сосын мен үйленсек, үйленейік дедім. Қазір бір баламыз бар, бақытты отбасымыз деп айта аламын. Барлығы ойдағыдай", - дейді Руслан Омаров.

Бағдарлама барысында көрермендер тарапынан түрлі пікір болса, басым көпшілігі осындай істің қазақ қыздарына тән еместігін жеткізді, ал қалғандары керісінше мұны батыл шешім деп, қолдады.

"Қыз баланың жігітке ұсыныс айтуы - батылдық. Қазақта Наурыз мерекесі кезінде, селт еткізер деген ырымы болған. Яғни, қыздар өзіне ұнаған жігітке ілтипат білдіретін болған. Бұл батысқа еліктеу, гендерлік саясат немесе бүгінгі заманның жаңалығы емес. Ол қазақта бұрыннан бар", - дейді психолог.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети