Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 февраля 2019 23:52

Қызылордалық етікші үш ай құлдықта болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құлдықтан құтылғандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құлдықтан құтылғандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ток-шоуда Жамбыл Болатбаев есімді кейіпкер өзінің үш ай құлдықта болғанын баяндады. Астанаға оңтүстіктен келген Жамбыл құл базарда жұмыс істеп жүрген. Кейін Ербол есімді жігіттің ұсынысымен 50 мың жалақыға жұмыс істеуге келісім береді. Астана қаласында қыстауда жұмысқа кіріскен ол 15 күн жұмысының жақсы болғанын айтты. Уақыт өте келе жұмыс иесінің тамақ бермейтінді шығарған, өзі сұраған жалақысын алмағаны тағы бар. Бірнеше рет қашуға бел буған Жамбылды қатты соққыға жыққан. Соның кесірінен денсаулығына зақым келген.

"Қызылорда облысының тумасымын. Астанаға келгеніме 6-7 ай болды. Басында жұмыс табыла қоймады. "Артем" базарындағы құл базарға бардым. Сонда жұмыс істеп жүрдім. Күніне 6 000-10 000 аралығында тауып жүрдім. Бір күндері "джиппен" бір үлкен, ақыл тоқтатқан кісі келіп, "айлыққа жұмыс істегісі келетіндер бар ма?" деп сұрады. Ауылда өскендіктен, малдың тілін білетінімді айтып мен сұрандым. Астана маңындағы ауылдардың біріне бардық. Жатар орным мен тамағым тегін, 50 мың айлық беремін деді. Бастапқы күндері барлығы да жақсы еді. Бірақ бірте-бірте дауыс көтеріп, өзгере бастады", - дейді Жамбыл Болатбаев.

"Қазақ десең өзіңе тиеді. Әр кім өз бақытын жасаушы. Осындай жағдайға жеткеніңізге өзіңіз де кінәлісіз. Мінезді болсаңыздар екен. Үш ай құлдықта ұстады дейсіз, үш ай бойы не істеп жүрдіңіз сонда? Басқа мемлекетке алып кетсе, мейлі екен. Бірақ елімізде жүріп, қалай сонда?", - деп сынға алды бағдарламаға келген қонақтардың бірі.

"Менің де бауырларым бар, әрқайсы үйленген, отбасылары бар. Әке-шешем бар. Бұрын жиі хабарласып тұратын едім. Сол екі-үш ай бойы хабарласа алмадым. Мені уайымдап, іздеу салған екен. Әзірше ештеңе айтпадым, не болғанын үйдегілерге барғанда айтамын. Құжаттарым жоқ, бірақ көшірмелері бар. Ана жағдайдан соң, мұнда мүлде қалғым келмейді. Бірдеңеге ұрынып қаламын ба деген үрей бар. Қызылордаға қайтатын болып шештім. Автобуспен болсын қайтамын. Қайтадан етікші боламын", - дейді Жамбыл Болатбаев.

Бағдарламаға келген заңгер Жандос Тұяқов бұл жағдайдың құлдық емес, еңбек қарым-қатынастарына жататынын айтты.

Мына жағдай заң талаптары бойынша құлдыққа жатпайды, бұл еңбек қарым-қатынастарына жатады. Егер оны дәлелдесе жұмыс берушіні жауапкершілікке тартуға болады. Біріншіден, әлеуметтік қорғау департаментіне барып, арыз жазуы керек. Инспекторлар тексеріс жүргізу арқылы қандай да бір шара қолдануға болады, бірақ іс жүзінде жұмыс берушілер жауапкершіліктен құтылып кетіп жатады. Өйткені мұндай істерді дәлелдеу өте қиын", - дейді заңгер.

Бағдарлама барысында кейіпкерлерді жұмыспен қамтимын деп хабарласқан көрермендер де болды.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети