ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 июля 2019 | 17:40

Маман кредитсіз әрі үнеммен той жасаудың жолдарын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ халқын тойсыз елестету мүмкін емес. Тойды дүркіретіп өткізуге тырысады. Тойға кем дегенде 100-200, тіпті 500 адамға дейін шақыратындар бар. Асаба, оператор, фотограф, әнші-бишілер дегеннің бәріне ақша төлеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, кез келген той үлкен шығынды талап етеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ халқын тойсыз елестету мүмкін емес. Тойды дүркіретіп өткізуге тырысады. Тойға кем дегенде 100-200, тіпті 500 адамға дейін шақыратындар бар. Асаба, оператор, фотограф, әнші-бишілер дегеннің бәріне ақша төлеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, кез келген той үлкен шығынды талап етеді.

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде берілген тұтынушылық кредиттердің 9 пайызы "той кредиттері" екен. Күні кеше Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев тиісті табыс болса, той үшін кредит алуға тыйым салынбайтынын айтқан еді. Дегенмен той бизнесіндегі мамандар той жасау үшін кредит алмай-ақ, оны үнеммен жасауға болатынына сендіріп отыр. Tengrinews.kz тілшісі той ұйымдастырушысы Лаура Мырзабековадан жұрттан қалмай, миллиондаған қарыз алмай-ақ той өткізу үшін не істеу керектігін және қай тұста үнемдеуге болатынын сұрап білді.

Тойды өткізетін кезең

Маман шығынға той маусымының әсері мол екенін айтады.

"Барлығы білетіндей шілдеден бастап қазан айының ортасына дейін үйлену маусымы қыза түседі. Бұл кезде барлығы қымбаттайды, қыз жасауынан бастап дастарқанға қойылатын тәттілердің барлығы қымбаттай түседі. Ал осы салада табыс тауып жүрген асабалар, тойда өнер көрсететін әншілер мен бишілер, фотографтар, операторлар, Love Story ұйымдастырушылары, қалыңдық көйлегінің бағасы, жалпы event-агенттіктердің кез келген қызметі арзанға түспейді. Сондықтан тойды қараша, наурыз, сәуір және мамыр айларында өткізу тиімді деп санаймын. Нағыз той маусымы саналмаса да, онда тұрған ештеңе жоқ. Дәл осы айларда қаражатты біраз үнемдеуге болады. Оған кепіл бере аламын", - дейді маман.

Қалыңдық көйлегі

Әрине, қалыңдық болсын, күйеу жігіт өмірде бір рет қана болатын маңызды күні ханшайым болғысы келеді. Қалыңдық көйлегі сататын арнайы салондарда көйлектердің бағасы шарықтап тұрады. Бірақ ол көйлекті тек сол күні киетіңізді және оны басқа да жаққа енді кимейтіңізді түсіну қажет.

Миллион теңгеге дейін барады, ал 1 күнге жалға алу 100-120 000 теңгеден басталады. Бұл тек жалға алу құны. Бұл ретте мен қалыңдықтарға былтырғы коллекцияларды мұқият қарап жүруге кеңес беремін. Әдетте дүкендерде былтырғы коллекцияның көйлектері 70-80 пайызға дейін жеңілдіктер болады. Сондай-ақ, көйлек тіктіру де ұтымды нұсқа болады деп айта аламын. Бірақ ол үшін зор шыдам керек. Ал ол нұсқа болмаса, Интернеттегі хабарландыру сайттарынан осыған дейін киілген қалыңдық көйлектерін қарап шығуға болады. Бүгінде ондай хабарламалар өте көп. Мысалы, мен танитын қалыңдықтардың көбі көйлекті 400-500 000 теңгеге алып, оны 200 000 теңгеге сатып жібереді. Әрине, олар көйлекті химиялық тазалаудан өткізіп барып сатылымға шығарады. Сондықтан бұл да той жасауда үнемдеуге болатын басты нәрсе деп айта аламын.

Безендіру

Байқағаным, соңғы күндері мейрамханаларда бұрынғыдай түрлі-түсті шарлар, гүлдер мен баннерлерді үйіп қою тренд емес. Жастардың суреті немесе есімдерінің инициалы жазылған қарапайым әрі әдемі баннер қою сәнге айналды. Жылтыр декорлар қосып, қолға түскеннің барлығын жапсырудың қажеті жоқ. Оның барлығы қып-қызыл ақша. Баннерді жасату да арзанға түспейді. Сондықтан той жасауға ақша үнемдеймін дейтіндерге залды безендіруге шашылмауға кеңес беремін. Себебі гүлдермен, шарлармен, ленталармен безендіруге өте көп ақша кетеді. Бастысы есімдеріңіз көрсетілген әдемі баннер қойып қойсаңыз болғаны.

"Гулянка"

Өздеріңіз білетіндей, той кортежін жалдау өте қымбатқа түседі. Жалдайтын көлік түрі қымбат болса, оның сағаты екі есеге қымбат болады. Мүмкіндік болып жатса, әрине, той кортежін ұйымдастыруға болады. Бірақ ондаған көлік жалдаудың керегі жоқ. Тек жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан бірнеше адам болғаны жөн. Мұнда ең ұтымды нұсқа - қалыңдық пен күйеу жігіттің достарынан көмек сұрау. Бүгінде екінің бірінде көлік бар.

Сол себепті кортеж үшін шығынға батпаудың жолы - таныстарды іздеу. Бұл жағдайда тек лимузин жалдау міндетті емес. Бірақ көбі бірнеше лимузин болуы қажет деп санайды. Қазір ол аса трендте емес деп айта аламын. Сондықтан оған көп ақша жұмсамауға болады. 

Шоу-бағдарламалар

Сиқыршы, саксофонист, шоумендерді немесе клоундарды шақыртуға асығудың қажеті жоқ. Олар тойды тамаша, әрі қызық өткізіп береді деп ешкім кепіл бермейді. Ал сағатына олар кем дегенде 50 000 теңге сұрайды. Бірақ, өкінішке қарай, көп жағдайларда ол шоулар өте  қисынсыз көрініп, той қонақтары жақпай жатады. Әркімнің қалауы болса да, тойға жүздеген адам жинағандықтан, қонақтардың дүниетанымын ескерген жөн. 

Шағын ғана бағдарламамен шектелуге болады. Мысалы, көп шығындалмай, fire show ұйымдастыруға болады.

Оның айтуынша, той алдында қазақстандықтардың көбі шығынды алдын ала есептемей, ақшаның қайда жұмсалып жатқанын түсінбей жатады. Соның салдарынан ақша жетпей, қарызға батады дейді. Осыған байланысты ол шығын толық өтелмейтінін ескеріп, бюджетті алдын ала есептеп, реттеуге кеңес береді.

Еске сала кетейік, той ұйымдастырушысы осыған дейін жастардың той алдында жиі жіберетін қателерін айтып берген болатын. Маманның айтуынша, жастардың көбі көбірек ақша жұмсасақ, той соншалықты жақсы өтеді деп ойлайды. 

Оқи отырыңыз:

"Қазақ тойы бірте-бірте өзгеріп жатыр" - Маман басты трендтерді айтып берді

Youtube-тен видеосын көру аздық етеді - Асаба таңдауда неге назар аудару керек

"Сапар айын бақытсыздық айы деп санаған". Қазақ қандай жағдайда той жасамаған

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети