ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 июня 2018 | 18:55

"Мәселені бір ауыз сөзбен шешуге болады" - Журналистер мамандықтың қыр-сыры жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Журналистика - білім мен алғырлық, батылдық пен сабырлықты талап ететін мамандық. Мақсаты халыққа ақпаратты дұрыс әрі түсінікті жеткізу болғандықтан, сол мамандық иелері жұмысында аянбай тер төгеді. 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні. Осыған орай Tengrinews.kz журналистерді төл мерекесімен құттықтай отырып, оқырманға журналистердің қызықты әрі қауіпті жұмысы жайлы оқиғалар ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Журналистика - білім мен алғырлық, батылдық пен сабырлықты талап ететін мамандық. Мақсаты халыққа ақпаратты дұрыс әрі түсінікті жеткізу болғандықтан, сол мамандық иелері жұмысында аянбай тер төгеді. 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні. Осыған орай Tengrinews.kz журналистерді төл мерекесімен құттықтай отырып, оқырманға журналистердің қызықты әрі қауіпті жұмысы жайлы оқиғалар ұсынады.

Журналистің жұмыс барысында денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. ҚР Президенті сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистері академиясының академигі Серiк Жанболат түсірілімнен кейін бетімнен ұсақ темірлерді қысқышпен алып отырғаным есімде дейді.


Серік Жанболат © КТК кадры

"Хабар" арнасындағы "Жеті күн" бағдарламасының дүркіреп тұрған кезі еді. Сонда тікелей эфирге шығып, талай бағдарламаны жүргізіп жүрген менің кенет даусым шықпай қалды. Жөткірініп, су ішсем де даусым шығатын емес. Дәл бағдарлама қызу жүріп жатқанда барымды салып жүргізуге тырыстым. Эфирден шыққан бетте көрерменнен ұят болды-ау деп, қатты күйзелдім. Сонда әріптесім Дана Нұржігіт хабарласып, жағдайымды сұрап, даусымның эфирде ап-анық естілгенін айтты. Өзі де талай бағдарлама жүргізіп жүрген білікті маман болғандықтан мұның бәрін сол ғана дәл байқапты. Көңілі ғой, уайымдамасын деп, қолдау білдірді", - деп әңгімеледі Серік Жанболат. 

Айтуынша, тағы бірде репортаж түсіру барысында бетіне күйе жаққан кездері де болыпты. Оқиға орнынан толыққанды ақпарат жеткізіп, көрерменге жан-жақты ұсыну үшін осындай да қадамдарға баруға тура келеді, дейді ол.


Ардақ Камал. © Жеке мұрағаттан

Журналистің қаруы - cөз. Ол арқылы күніне көптеген адамның мәселесі шешіледі. Соған дәлел ретінде журналист Ардақ Камал қонақүйге ұзақ уақыт қарызын төлемей келген әнші туралы айтып берді.

"Бір қонақүйге тоқтаған әнші екі жыл бойы қарызын төлемей қашып жүр деген хабар келді. Бар қаражат қонақүй есебінен алынатын болыпты. Мен сол әншінің Instagram-дағы парақшасына "Мен журналиспін, сіз қарызыңызды өтемей жүр екенсіз" деп жазып едім, әлгі әнші сол күні кешке, адамдарын жіберіп, қарызын толығымен жауып кетіпті. Бұл кім екені құпия болып қалсын. Бірақ оқиғаға сюжет жасамадық. Мұндай жағдай жиі болып тұрады. Бір қоңырау арқасында жол, су жоқ деген мәселелер әп-сәтте шешіледі. Ең бастысы сюжет жасалмаса болды", - дейді журналист.

Оның айтуынша, кейіпкерлерін жасырын камерамен ұстап алған кездері де болыпты. 

"Енді жұмыс істеп бастағанымда әріптесіммен қаржы пирамидасы туралы сюжет түсіруге барғанбыз. Онда камераға рұқсат жоқ. Жасырын камера берілмеді, телефонға түсіруге тура келді. Бірде спикер менің тығып түсіріп отырғанымды байқап қалған болу керек, маған қарап қабағын түйіп, күдікпен қараған. Сөйтіп, біз жас журналистер қашып кеткенбіз. Сюжет шыққан соң, бізді кейін тауып ала ма деп қорыққаным бар. (...) Ал ең жағымдысы, көмегің тиген адамдар алғысын айтып, ризашылығын білдіріп, батасын берген кез. Сондайда өзіңді сиқыршы сезінесің", - дейді жас маман.


Әнуар Кәрбозов. © Жеке мұрағаттан

Журналист Әнуар Кәрбозов полиция қызметкерін қуғанымыз бар еді дейді.

"Шолақ Қарғалы деген ауылда жергілікті тұрғындар полиция қызметкері бізге тиіседі, ұрып-соғады деп шағымданған. Сөйтіп, оқиғаны түсіруге барғанбыз. Полицейден сұхбат алмақшы болып, ол бізден қашып, артынан 20 минуттай қуғанымыз есімде. Әрине айқай-шусыз болмайды", - деп журналист қызықты оқиғасын бөлісті.


Нұрсұлтан Есжан. © Жеке мұрағаттан

Танымал тележүргізушісі, радиожүргізуші Нұрсұлтан Есжан эфирде жасырғың келген жағдайды халық бәрібір байқап қояды дейді.

"Студент кезімде қазіргі "Ревью" секілді бір бағдарлама болатын. Мен жүргізушісімін. Бірде жұмыста әлдекіммен ерегесіп, төбелесіп қалдым. Нәтижесінде бір қолым сынды. Жаспыз ғой, кеудеде от лапылдап тұр. Эфирде мені алмастыратын адам жоқ, қолым гипстелген күйде эфирге шығуға тура келді. Режиссер гримерді шақыртып, ұзын жеңді көйлек кигізіп, сынған қолымды байқатпау үшін қалтама салғызып қойды. Сөйтіп бір ай бойы тек бір қолыммен қимылдап эфирді жүргіздім. Осылайша сынық қолымды халық байқамайды деп ойлап жүрген мен қателесіппін. Бір айдан кейін бір отырыста "Нұрсұлтан, қолың жазылды ма? Бәрі жақсы ма, не болды?" деп бір кісі сұрайды. Сөйтсем бір ай бойы халық қолымның жарақатын білген, көрген екен, эфирде де байқалады екен. Мен оны сол кезде ғана түсіндім. Көрерменнен ұялғаным-ай. Менің балалық ақкөңілдігім шығар, ешкім байқамады деп ойлап жүргенім", - дейді Нүрсұлтан Есжан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer