Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 мая 2019 16:46

Мектеп бітіру кеші неге ата-аналардың әмиян жарысына айналды - Психолог пікірі

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bilim-pavlodar.gov.kz © bilim-pavlodar.gov.kz

Түлектер дәстүрге айналған соңғы қоңырауды өткізіп, қоштасу вальсін билегеннен кейін әдетте мектеп бітіру кешін күтіп, уақыт санай бастайды. Оны оқушылар асыға күтсе, ата-аналардың көбі күні жақындаған сайын алаңдай түседі. Заманауи мектеп бітіру кешінің проблемасы - қаржы мәселесі екені құпия емес. Тіпті кей ата-ана несие алуға дейін барады. Мұндайда ойға "Мектеп бітіру кеші неге ата-аналардың әмиян жарысы болып кеткен? Неге оқушылар үшін бұл күн аса маңызды?" деген сұрақтар келеді. Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына психолог Анаргүл Маулиқызы мен педагог, филолог әрі психолог Нұрсұлу Сейдақова жауап берді. 


Түлектер дәстүрге айналған соңғы қоңырауды өткізіп, қоштасу вальсін билегеннен кейін әдетте мектеп бітіру кешін күтіп, уақыт санай бастайды. Оны оқушылар асыға күтсе, ата-аналардың көбі күні жақындаған сайын алаңдай түседі. Заманауи мектеп бітіру кешінің проблемасы - қаржы мәселесі екені құпия емес. Тіпті кей ата-ана несие алуға дейін барады. Мұндайда ойға "Мектеп бітіру кеші неге ата-аналардың әмиян жарысы болып кеткен? Неге оқушылар үшін бұл күн аса маңызды?" деген сұрақтар келеді. Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына психолог Анаргүл Маулиқызы мен педагог, филолог әрі психолог Нұрсұлу Сейдақова жауап берді. 

Нұрсұлу Сейдақованың айтуынша, мектеппен қоштасу кешінде әр бала өзін дәлелдегісі келеді, әсіресе мектепте еленбей жүрген, назардан тыс қалған, қолдау таппаған оқушылар. 

"Мектеп мұғалімдерінің үлкен қателігі - білімімен немесе пысықтығымен көзге түскен баланы өмір бойы көтермелейді, ал оқымайтындарды кемсітіп қояды. Дегенмен, сол оқымайтын баланың басқа өнері болуы мүмкін немесе сыныптастарының алдында сөзі жақсы өтетін шығар. Ол жағы еленбей қалып жатады. Осылайша бала іштей қысылып, өзін басқадан кем санауы мүмкін. Ал қоштасу кешінде әдемі көйлек я болмаса костюм киген бала барлығының назарында. Сондықтан білімімен көзге түспеген бала сыртқы келбеті, материалдық тұрғыда өзін көрсетіп, басқалардың көзінше бағасын көтереді", - дейді ол. 

Психологтың айтуынша, қазір ересектермен қатар балалардың да құндылығы өзгеріп жатыр. 

"Рухани, адами қасиеттерге емес, материалдық байлыққа ұмтыламыз. Ол қазіргі балалардың бойынан байқалады. Кімнің көйлегі ең әдемі, ең қымбат деген бәсеке бар. Психологиясы қалыптаспаған, ата-анасынан, жақындары мен ұстаздарынан қолдау таппаған, әрдайым көтермелеп, мақтап отырмаған бала бұл жасандылықты дұрыс көреді", - дейді Нұрсұлу Сейдақова.


© zhanarganonir.kz

Психолог қаржы жағынан қиналып немесе басқа себептермен мектеппен қоштасу кешіне бармай қалғандарға өкінудің қажеті жоқ дейді. Бастысы мықты екеніңді дәлелдесең болғаны. 

"Әрине бұл жастағы оқушылар үшін кешті өткізу маңызды. Десе де, 5 жылдан кейін осы оқиғаның сен үшін маңызы бола ма? Көбі жоқ, бұл сыныптастармен араласпауым да мүмкін дейді", - дейді ол. 

Анаргүл Маулиқызының айтуынша, бүгінгінің мектеппен қоштасу кеші - батысқа еліктеу, бәсекелестік. Ал оған жол беріп отырған ата-ананың өзі.

"Казіргі таңда мектеп бітірушілер қоштасу кешін өте ауқымды өткіземіз деп шығынға батып жатады. Барлығы балам ешкімнен кем болмасын, басқа ата-аналардан, туыс, достардан ұят болмасын деп жасалады. Бұл дұрыс емес. Ал жағдайы төмен отбасыда өскен бала қоштасу кешіне бармай да жатады. Салдарынан сыныптастарынан шеттеліп, араласпай кетеді. Ал баланың өзіне деген сенімі азайып, болашаққа қадам басуға, жақсы нәтижелерге ұмтылуға қорқынышы күшеюі әбден мүмкін. Үлкен шығынсыз-ақ болашақ өмірге керемет қадам басуға болады. Оны ұмытпаған абзал", - дейді психолог. 

Психологтың айтуынша, мұндай қымбат кештерден баланың санасында "өмірде барлығы керемет, әдемі, дайын күйде болу керек" деген ой қалыптасады. 

"Салдарынан, кейін тығырыққа түскен бала одан шығатын жол таба алмай, қиналуы мүмкін. Баланың жауапкершілікті сезіне білгені дұрыс", - дейді ол.

Айта кетейік, таяуда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп бітіру кеші туралы сөз қозғаған еді. Ол қазіргі таңда мұның жарысқа айналып бара жатқанын айтып, атаулы күнді тек мектеп қабырғасында өткізу керектігін ұсынған. Себебі бұл ең алдымен балалар қауіпсіздігі. "Бұл балалар мен ата-аналар үшін жүрекжарды кездесуі болуы тиіс", - деген ведомство басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети