ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 декабря 2019 | 12:35

"Мен көрген Манчестер". Қазақ студенті ағылшындардың тіршілігін баяндады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жеке мұрағаттан Жеке мұрағаттан

Қазақстандық Айдос Ахметов Ұлыбританияның Манчестер қаласында оқып жатыр. Былтыр АҚШ-та оқып қайтқан, ал биыл Англияда тәлім алып жатыр. Айдос Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ағылшындар арасындағы өмірі мен Манчестердегі футбол, жастардың белсенділігі туралы сөз қозғады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Айдос Ахметов Ұлыбританияның Манчестер қаласында оқып жатыр. Былтыр АҚШ-та оқып қайтқан, ал биыл Англияда тәлім алып жатыр. Айдос Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ағылшындар арасындағы өмірі мен Манчестердегі футбол, жастардың белсенділігі туралы сөз қозғады.

"Жарты миллион студент бар"

Айдос Ахметов 1991 жылдың 22 желтоқсанында қарапайым отбасында туған. Айтуынша, Жетісай ауданы, Құрбан ата ауылында дүниеге келген.

Мұхит асып, АҚШ-та бір жыл оқып қайтқаннан кейін білімін шыңдау үшін Англияға жол тартқан.

"Англиядағы оқуға "Болашақ" бағдарламасы арқылы түстім. Қазір University of Manchester-де оқып жатырмын. Манчестерге келгенімде ағылшын тілі жағынан қиындық болмады. Себебі ағылшын тілін бұған дейін АҚШ-та үйренгенмін. Қазір "Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік" мамандығы бойынша "Мастер" дәрежесін алып жатырмын", - дейді ол.

Айдостың Манчестердегі оқуы 2020 жылы қыркүйекте аяқталады. Ол өзі үшін таңсық қалаға келгенде бірнеше дүние таңғалдырғанын айтады.

"Қатты таңғалдырған дүние - қаланың ескі болуы және барлық дерлік мекеменің сыртқы келбетінің қызғылт түсті болуы. Қазір жаңа биік ғимараттар салынып жатыр. Сонымен қатар, білім алып жатқан шетелдік студенттердің соншалықты көп екеніне таңданысым жоғары. Мысалы, 2017-2018 жылдың статистикасы бойынша, мұнда 500 мыңдай шетелдік студент білім алады. Шетелдік әр студент орта есеппен 15 000 фунт стерлинг төлесе, ел экономикасына біраз ақша құйылады", - дейді Ахметов.

"Жаңбыр тоқтамай жауады"

Оның айтуынша, Англия жастары саяси өте белсенді.

"Олар өз мемлекеттеріндегі ғана емес, әлемде болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасын білдіріп, шеруге шықты. Өзім көрген жайтты айтайын. Сирия мен Түркия арасындағы болып жаткан қақтығыстан соң біздің университет территориясында күрдтерге қолдау көрсетілген шеру болды", - дейді Айдос.

Ол Манчестердің ауа райы ұнағанын айтады. Бірақ қалада оған ұнамаған нәрселер де бар екен.

"Ең қатты ұнағаны - ауа райы, жаңбыр жауады да тұрады, сол жаңбырда футбол ойнаған өте керемет сезім екен. Ал ең ұнамағаны - қалада баспанасыз қаңғыбастар көп екен. Жаңбыр жауғанда жағдайлары қалай болады екен деп жаның ашиды", - дейді ол.

Сөзінше, Манчестерде кеш ерте түседі.

"Ұнамайды демесем де, үйренісе алмай жүрген тағы бір жайт: түстен кейін 15:30-16:00 шамасында күн бата бастайды. Кешкі сағат бес-алтыда дала Қазақстандағы түнгі бір сияқты сезіледі. Соған әлі үйренісе алмай жүрмін", - дейді қазақстандық жігіт.

"Шайды басқа сусынға алмастырған"

Әлемде ең шайқұмар халық ағылшындар деген ұғым бар. Бірақ Айдос Ахметов шайдың орнына басқа сусынды көбірек ішетінін айтады.

"Ағылшындар шайқұмар деген ұғымды естігенмін. Бірақ менің байқағаным, соңғы уақытта ағылшындар шайдан сыраға ауысқан сияқты. Себебі бәрінің қолында сыра. Бізде бір-бірін шайға шақырса, олар сыраға шақырады. Әр аптаның демалыс күндері қала орталығында шағын мереке секілді өтеді. Сондықтан, ағылшындарға қарағанда қазақтар көбірек шайқұмар деп ойлаймын", - дейді ол.

"Футбол болатын күн - Манчестерде мереке"

Айдостың сөзінше, Манчестерде спортқа, әсіресе футболға көп көңіл бөлінеді. Футбол алаңдары өте көп, сондықтан қаланың кез келген түкпірінен оңай тауып алуға болады екен. Англияның футбол отаны екенін бірден сезуге болатынын айтады Ахметов.

"Футбол болатын күн манчестерліктер үшін мереке. Байқағаным - мұнда "Манчестер Юнайтедтің" жанкүйерлері өте көп. Себебі бұл клубтың тарихы тереңде жатыр. Соңғы уақытта "қызыл сойқандардың" нәтижелері көңіл көншітпей жүрсе де, жанкүйерлері мол. Ал "Манчестер Ситидің" жанкүйерлері - көбіне жастар мен шет елден келгендер. "Ситидің" қожайыны араб болғандықтан, Манчестердегі арабтардың көбі сол клубды қолдайды. Футбол болатын күні барлық кафе, мейрамхана ойынды тікелей эфирде көрсетеді.  Футбол матчынан тыс уақытта екі клубтың жанкүйерлері арасында төбелес, жанжал деген болмайды. Олар тек спортта ғана бәсекелес", - дейді Айдос Ахметов.

Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer