ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
24 января 2019 | 21:00

Миллион тауып алып, иесіне қайтармақшы болған жігіт халықтан кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жақсылық жасап жарысқандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жақсылық жасап жарысқандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға арқау болған әлеуметтік желі, ақпараттық сайттардағы соңғы жаңалықтар, яғни Астана, Алматы қалаларында қомақты қаражат салынған әмиянды тапқан азаматтар жайлы болды. Арлан есімді жігіт ғаламтор желісіне 1 миллион теңге салынған әмиян тауып алғанын және ішінде толық қандай "визиткалар" бар екенін айтқан жанға, яғни сол әмиянның нақ иесіне қаражатты қайтаратынын мәлімдеген. 

"Шынымен де табылған әмиян. Ол ешқандай әпкемнің әмияны емес. Көліктің ішінен табылған әмиян", - дейді Арлан Зәкіров.

Бұл ақпараттың халыққа жетуі үшін ол Айдын Тосқанбаева (@janym_baklajanym) атты танымал блогермен бірлесіп, видео салған. Айдын Тосқанбаева эфирге байланысқа шығып, өзіне Айдын деген жігіттің хабарласқанын айтты.

"Миллионнан аса теңге салынған әмиян тауып алдым, маған иесін табуға көмектесесіз бе деді. Басында күдік болды, бірақ ол шынайы болды. Таңертең келемін деген, бірақ кешкі уақытта бірақ келді. Жанымда ағаларым болды, себебі алдайтын жандар болуы мүмкін деп. Екеуміз кездестік, видеоға түсірдік. Ақшаны толығымен санап, иесінің күмәні болмауы үшін барлығын өз орнымен жасадық. Иесін іздеуге кірісіп кеттік. Бірақ Арланның өтіріктері шыға бастады, ол бұрындары біздің "Қайырымды жандар" ұйымының мүшесі болған еді. Белгілі бір себептермен ол топтан шығып қалған. Сосын мен қайтадан одан сұрай бастағанымда ол өз өтірігіне шалына бастады. Менің ойымша, бұл балада психикалық ауытқу бар сияқты", - дейді Айдын Тосқанбаева.

Эфир болып жатқан уақытта Айдын Тосқанбаева Instagram желісіндегі парақшасында Арлан есімді жігіттің бұл істі ойдан шығарғанын айтқан және халықтан кешірім сұраған видеосын жариялады.

Ұлттық ұлан офицері Нұрсұлтан Әміров сарбаздарының 5 миллион қаражатты иесіне тауып, қайтарғанын мәлімдеді.

476 мың теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген Нұрболат Садық қайтармаса күнәға батамын деп қорыққанын айтады.

"Бұл желтоқсанның 27-сі болған еді. Ұлы дала даңғылымен келе жатқанымда аяқ астымнан таптым. Негізі хабарландыру бойынша "флешка" алуға барғанмын сол жаққа. Затты алып, қайтып келе жатқанымда болды. Бірден қайтаруды ұйғардым. Оны өзіме алып қалатын болсам, күнә болар еді", - дейді Нұрболат Садық.

Тікелей эфир барысында ақшасын иелеріне қайтарып берген адал жандардың ісін қолдағандар да болды, алайда қоңырау соғып, "несиемді жабар едім", "таңға дейін қыдырар едім" деп қалжыңдап өз нұсқаларын білдірген азаматтар да табылды.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer