ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 ноября 2023 | 14:33

"Мұң тұндырып жанарың". Қазақстандықтар орындап жүрген "Сен" әні қырғыз туындысы екені рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok

Қазақстандықтар орындап жүрген "Сен" әні қырғыз туындысы екені рас па? Massaget.kz тілшісі әннің сөзін жазған ақын Қанат Жүнісовпен және композиторы Қайрат Баекеновпен байланысты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар орындап жүрген "Сен" әні қырғыз туындысы екені рас па? Massaget.kz тілшісі әннің сөзін жазған ақын Қанат Жүнісовпен және композиторы Қайрат Баекеновпен байланысты.

Желіде қойылым кезінде театр әртістерінің Бәйтерек тобы орындаған "Сен" атты әнін айтып жатқан видео тарады.

@teatralemi Өтер көктем, өтер күз ..💔 #рекомендации #мтюзастана #elbruso #fyp ♬ оригинальный звук - teatralemi

Алайда видеоға қатысты бұл қырғыз әні екенін жазғандар бар.

"Қырғыз әндері қандай, ә?! Керемет"

"Бұл әнді 20 жыл бұрын Сұлтан Садыралиев орындаған"

"Султан Садыралиев және Акбар Суйунбаев. Бұл қырғыздың бұрынғы әні"

"Бұл ән гитарамен 2005-2006 жылдары мен 17-18 жаста болғанда айтылған. Әуел бастан қазақ әні. Кейіннен Садыралиев қырғызша орындаған болатын", - дейді пікір жазғандар.

Бұл ақпаратқа қатысты әннің сөзін жазған Қанат Жүнісов пікір білдірді.

"Бұл әнді "Бәйтерек" тобы 2003 жылы маған сөзсіз құр әуенін алып келді. Әнін жазған Қайрат Баекенов. Сөзін мен жаздым", - дейді Қанат Жүнісов Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Әнін жазған Қайрат Баекенов те бұл пікірлерге қатысты пікір білдірді.

"Бұл әнді мен арнайы "Бәйтерек" тобына жаздым, сөздің авторы Қанат Жүнісов. Құқықтың бәрі қорғалған. "ҚазАқ" авторлық қоғамымен", - дейді Қайрат Баекенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети