ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 сентября 2021 | 11:30

"Мұндай адаммен қарым-қатынасты үзген дұрыс". Психолог кімдер кибербуллинг жасайтынын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© elements.envato.com © elements.envato.com

Интернеттің дамуымен ақпараттық кеңістікте адам қауіпсіздігіне байланысты түрлі ұғым пайда болды. Солардың бірі - кибербуллинг. Яғни, Желіде шабуыл жасау, қоқан-лоқы көрсету, кемсіту, ар-намысқа тию. Instalive эфирі аясында психолог, Phd доктор, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов Tengrinews.kz тілшісіне кибербуллинг қаупі мен салдары, онымен күрес туралы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Интернеттің дамуымен ақпараттық кеңістікте адам қауіпсіздігіне байланысты түрлі ұғым пайда болды. Солардың бірі - кибербуллинг. Яғни, Желіде шабуыл жасау, қоқан-лоқы көрсету, кемсіту, ар-намысқа тию. Instalive эфирі аясында психолог, Phd доктор, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов Tengrinews.kz тілшісіне кибербуллинг қаупі мен салдары, онымен күрес туралы айтып берді. 

Кибербуллинг ұғымы 1990 жылы Америкада шыққан. Ал Азия елдерінде 2000 жылдан бері бар. Кибербуллинг - әлеуметтік желі арқылы кибершабуыл жасауды білдіреді. 

"Бұған дейін буллинг деген ұғым пайда болған. Ол осы заманда да бар. Әлімжеттік, бопсалау дегенді білдіреді. Бұл күнделікті мектепте, көшеде, ағайын-туыс арасында, үйде де кездеседі. Кибербуллинг қазір жастар арасында белең алып барады десе болады. Әлеуметтік желілердің пайда болуымен адамдар телефонмен, месенджер, Интернет арқылы бір-біріне неше түрлі сөз жазады, жеке ар-намысына тиеді", - дейді психолог. 

Ар-намысқа тиетін сөздер дегеніміз - адамның физиологиясы мен жан дүниесіне қатысты айтылатын сөздер. Мұндай сөзбен тиісіп кету жолдастардың арасында да кездеседі. Кибербуллингке адамның ыңғайсыз суреттерін немесе видеосын рұқсатсыз Желіге салып жіберу де жатады. 

Маманның сөзінше, әлімжеттік көрсету мектеп оқушыларының да, ересектердің де арасында белең алып барады. Бұл адамның эмоциясын дұрыс басқара алмауынан, дейді Нұрымов. Осыдан ішкі жан дүниесін дұрыс бағыт-бағдарға жұмсамаған адам өзгеге зиян тигізеді екен. 

"Желіде бір адам жаман пікір жазып, оған екінші біреу like басқанның өзі кибербуллингтік шабуылға жатады. Ал қазір қоғамға қарап отырсам, негативке қарай белең алып бара жатқандаймыз. Өйткені адам санасы бірден ашулануға бейім. Адам күні бойы жинап келген теріс эмоциясын әлеуметтік желілерде шығарады. Бір оқиғаға біреу теріс пікір жазса, міндетті түрде екіншісі оны қостайды", - дейді психолог.  

Негатив жазатын адамдардың өзіне қандай зиян тиеді?  

Ермек Нұрымовтың айтуынша, мұндай адамдар өзіне де, өзгеге де зиянын тигізеді. Ал соның салдарынан қоғамға да тікелей әсер етіп жатыр.

"Адам бойындағы ашуды, негативті, реніш, қорқыныш, агрессияны бойында жинай берсе, бұл тікелей өзіне бірінші әсер етеді. Ғылымда психосоматика ұғымы бар. Онда адам ұзақ уақыт қандай да бір теріс эмоциямен жүрсе, оның әлсіз жерінен ауру пайда болады делінеді. Аурудың 90 пайызы эмоциямен тікелей байланысты", - дейді эмоциялық интеллект эксперті. 

Қалжың мен кибербуллингті қалай ажыратамыз? 

"Дос бар, дұшпан бар. Бір-екі рет қалжыңдап айтса, түінікті. Ал келбетіңе қатысты ар-намысыңа тиетін сөздерді қалжыңмен қайта-қайта, жиі айтып, тиісе беретін болса, мұндай адаммен қарым-қатынасты үзген дұрыс. Адам сізге деген теріс ойларын қалжыңмен жеткізе берсе, ондай адамды дос деп айта алмаймыз", - деді маман. 

Кибербуллинг салдары

Психологтың айтуынша, кибербуллингті жеңуде ата-ана тәрбиесі өте маңызды. 

"Жастардың бәрі әлсіз, көп сөз көтере алмайды деп қатты әбестей берсек, біз баланың сенімін жоғалтамыз. Осы жерде көп ата-анаға айтарым, баланың психологиясы өте әлсіз болғанымен, оны өзіне сенімді, лидер, өз-өзіне жауап бере алатындай етіп тәрбиелесек, сонда ғана бала кибер шабуылдарға, әлімжетікке жауап бере алады.  

Ал қорқақ боп өскен бала кибербуллинг қармағына түседі. Бұл кейін келеңсіз жағдайларға әкеп соғуы әбден мүмкін. Бұл үшін адам суицидке де барады", - дейді ол.

Ермек Нұрымовтың сөзінше, шабуылға тап болған бала алдымен депрессияда, күйзелісте жүреді. Адам жұмысқа, мектепке, балабақшаға барғысы келмей қалады. Бөлмеде жалғыз қалуын сұрайды. Көшеге, сыртқа шығуға қорқады. Үнемі жайдары жүретін адамдардың көңіл күйі түсіп жүреді. Оқушы болса, сабақ үлгерімі бірден түсіп кетеді. Жатарда жылауы мүмкін. Ал кішкене балалар, бастауыш сынып оқушылары кешке жіберіп қоюы да ғажап емес. Себебі ол бойындағы қорқынышын сыртқа шығара алмайды, не өзі жеңе алмайды. 

Желіде ренжітсе не істеу керек? 

Бірінші кезекте, Желіде адамға қарсы жаман, теріс пиғылды шабуылдар басталса, міндетті түрде агрессорды бұғаттау керек. Екінші, өзің отырған әлеуметтік желінің әкімшілігіне "шабуыл жасалып жатқанын" жазып жіберу керек, дейді Ермек Нұрымов.

Бала кәмелетке толмаған болса, ата-анаға ескертуі керек немесе өзі жақсы сырласатын аға-әпкесі, құрбысына айта алады. Ал 18 жастан асқан болса, мемлекеттік құқық қорғау органдарына арыз жазу арқылы шағым түсіру керек. 

Осыдан "әр бала мұндайды жақындарына айта бермейді ғой" деген ой келеді. 

"Кибербуллингке ұшырамас үшін мектепте міндетті түрде профилактикалық сабақтар немесе тәрбие сағаттары болуы керек деп санаймын. Әр баланың өзі жақсы сыйлайтын, беделді, сенім арта алатын адамы бар. Ол ата-анадан бөлек, ағасы, әпкесі болуы мүмкін. Сол адамдар балаға ақыл-кеңесін айтса, баланың түзу жолға түсуіне толық мүмкіндігі бар. 

Ата-ана, мектеп, психологтар үш жақтан жұмыс істесе, кибербуллингтің алдын алуға толық мүмкіндік бар", - деді маман.

Кибербуллинг заңда қарастырылған ба? 

Ермек Нұрымовтың сөзінше, кибербуллинг бұдан ары ушықпаса, тоқтамайды. Ал оның алдын алу үшін мемлекет заңға өзгерістер енгізуі керек немесе жаңа заң шығаруы тиіс.

"Қазір кибербуллингтік шабуылға қатысты тікелей заң жоқ. Жеке адамның ар-ожданына тіл тигізу деген бар. Осы заңмен адамды қудалауға болады. Келешекте кибербуллингке арнайы заң шығуы мүмкін. Оның да аулы алыс емес. Себебі қоғамның өзі осыған алып келді. Адам кәмелетке толғаннан кейін әрбір сөзіне, әрбір ісіне жауап беруі керек. Ал 18-ге толмаса, оған әке-шеше жауап береді. Себебі баланың тәрбиесі, бірінші кезекте, ата-ананың қолында. Бала сорғыш сияқты, ол отбасындағы тәрбиесін қоғамға көрсетеді", - деп түйіндеді психолог. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer