ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 января 2022 | 14:45

"Оңай әдіс жоқ" - 7 тіл білетін қазақстандық тіл үйренудің қыр-сырын бөлісті

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Нурислам Вахаповтың жеке мұрағатынан Сурет: Нурислам Вахаповтың жеке мұрағатынан

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. 

"Қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын, қытай, итальян тілдерін білемін. Қазіргі уақытта корей және испан тілдерін үйреніп жүрмін", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КИТАЙСКИЙ ЯЗЫК | Nurislam 王烨 (@nurislam_chinese)

Нурислам Вахапов бала кезінде кекештеніп сөйлегенін жасырмады. Сол үшін сабақ, мазмұндама айтқанды ұнатпаған ол университет қабырғасында да осындай қиындықтар болғанын баяндады. Оның сөзінше, университеттен кейін ғана өз мүмкіндіктерін түсініп, жаңа белестерді бағындыра бастаған. 

Полиглот жігіттің ана тілі қазақ және өзбек. 9-сыныптан кейін Қытайға тіл курстарына барған оның өзге тілдерді үйренуге қызығушылығы оянған. Онда қытай тілінен бөлек, орыс тілін де тереңдете оқығанын айтады.

"Орыс тілі маған басқа шетел тілдерін үйрену үшін қажет болды, себебі орысша сөздік қорым жеткіліксіз екенін түсіндім. Өзге тілде сөйлем құрай алуым үшін орысша нақты, түсінікті ойлауым керек болды", - дейді ол. 

Нурислам Қытайдағы тіл курстарынан кейін Мәскеу мен Екатеринбургте бірнеше жыл тұрып, жұмыс істегенін айтты. Кейін Алматыға келген. Сөйтіп 21 жасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне түседі. 

"Үшінші курста Бейжіңге алмасумен оқуға бардым. Алдымен қытай тілін оқыдым, кейін тереңдетілген орыс тілін. Қытайда Чикагодан келген америкалықпен тұрдым. Онымен ағылшынша сөйлесуге тура келді. Ол кезде ағылшыншам шорқақтау еді. Қытайда оқып жүргенде америкалық, италиялық, ирландиялықтармен көп сөйресуге тырыстым. Себебі қытайшадан бөлек басқа да шет тілдерін үйренгім келді", - дейді ол. 

Ал итальян тіліне ынтасы құрбысы Джулия ДеМартиноның арқасында оянған. Ол алғашқыда боғауыз сөздер үйреткенін де жасырмады. Кейін өзі де тілге қызыға бастаған. 

Тіл үйрену әдістері

Нурисламның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай тәсіл жоқ.

"Мұның бәрі маркетинг. Ешкім сізді ағылшынша сөйлеуге бір айда, қытайша сөйлеуге үш айда үйретпейді. Бұл үшін қажырлы еңбек керек. Бір нәрсені бастамас бұрын мақсат қойған абзал. Соңғы нәтижені көре білу керек. Сосын осы мақсатқа жету үшін қадам-қадам бойынша жоспар жасаған жөн. Мақсатсыз, ынтасыз тіл үйрену мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде қиынға соғады, оған қоса қызықсыз болады", - дейді ол.

Сондай-ақ, полиглот жігіт тілді танымалдығына қарай үйрену қате деп санайды. 

"Тіл үйренуге шешім жасағанда, алдымен "Мына тіл маған ұнай ма, содан кейін бұл тілмен не істеймін?" деген сұраққа жауап беру керек. Екі адым алда ойлау керек. Тіл үйрену - кез келген адам еңсере алатын сынақ", - дейді Нурислам.

Ол қандай да бір тілді дұрыс үйрену үшін көп практика қажет, бұл ең тиімді әдіс екенін айтты.

"Көп сөйлесу қажет. Шетелдіктермен сөлессе тіпті керемет. Тілді белгілі бір уақытта меңгеруге болады деп айта алмаймын, бәрі адамға байланысты. Бірақ бір күн ұзағынан оқып, кейін демалғаннан гөрі, күніне аз уақыттан жаттыққан дұрыс. Күн сайын жарты-бір сағаттан, себебі одан ары ми қабылдамайды. Күніне 50 сөз жаттаудың да қажеті жоқ, ол ұмытылып қалады, көп дегенде бес сөзден жаттаңыз. Сөздер жатталуы үшін көп мәтін оқыған жөн, олардың қолданысын көріп, өзі жатталып қалады", -  деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ, Нурислам шетел тілінде сөздерді дұрыс айту үшін, яғни фонетикады дұрыстау үшін Shadowing деген тәсілді бөлісті. Ол дегеніміз сериал, фильм көріп актердің эмоциясымен мәтінді қайталау. Полиглот жігіт кез келген тілді үйренгенде осы әдісті қолданатынын айтты. 

Нурислам тіл үйренудегі кедергілерді де тізіп шықты. 

"Біздің қоғамда қате сөйлесең оны түзеп қана қоймай, айыптап, ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Осыдан адамда тіл үйренуде кедергілер пайда болады. Ол жеткілікті деңгейде сөз немесе грамматиканы дұрыс білмегеннен де өз өзінен ұялып сөйлемеуі мүмкін. Қате жіберуден қорқады. Алайда менің айтарым, қателесуден қорықпау керек, әйтпесе қандай проблема бар екенін түсінбейсің. Ал оны түсінбегеннен қалай жұмыс істеу керегін білмей прогресс болмайды", - дейді ол. 

Полиглот тілді дұрыс үйрену үшін асығудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Бірақ күнде бір сағат уақытыңды бөлу керек. Күн ара емес. Деңгей көтерілген сайын көбірек уақыт бөлесіз, бірақ практикаға. Біз көп сөйлеген сайын тілді жақсырақ меңгереміз. Тіл үйренудегі кедергілер тек мида. Сол үшін қате кетуден қорықпаңыз. Қателік жасау арқылы сол қатені қайталамауды үйренеміз", - дейді ол. 

Тіл білетін адамның артықшылығы неде? 

"Кез келген шет ел тілі саған басқа жол, басқа әлемге есік ашады. Тіл білген сайын адамды да, олардың сезімін, эмоциясын жақсы тани бастайсың. Сен басқа адамдарды зерттей бастағанда көкжиегің кеңейеді. Өзің де бастан аяқ өзгеріп шығасың. Ойың өзгереді, өзіңмен жұмыс істей бастайсың, өзіңе деген махаббат оянады. Ал өзіңе махаббат дегеніміз - жеке дамуың үшін талмай еңбек ету", - дейді ол.

Осындай оймен Нурислам жақында Балиге көшіп барған. "Менің жұмысым осында өмір сұруге мүмкіндік берсе, неге жаңа жерді зерттеп, білімімді кеңейтпеске?", - дейді ол. 

Суреттер: Нурислам Вахаповтың жеке мұрағатынан

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer