ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 июня 2020 | 13:05

"Өте қиын болайын деп тұр". Асабалар тойға мораторий жариялау туралы ұсынысқа пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жақында әлеуметтік желіде Қазақстанда тойға бес жылдық мораторий жариялау ұсынылды. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі асабалардан пікір сұрады. Қазақтың тойына біраз уақытқа мораторий жариялау туралы ұсынысты ақтөбелік филолог, саясаттанушы Оралбек Өтеғұлов abai.kz сайтында жариялаған еді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жақында әлеуметтік желіде Қазақстанда тойға бес жылдық мораторий жариялау ұсынылды. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі асабалардан пікір сұрады. Қазақтың тойына біраз уақытқа мораторий жариялау туралы ұсынысты ақтөбелік филолог, саясаттанушы Оралбек Өтеғұлов abai.kz сайтында жариялаған еді. 

"Ахметбек Нұрсила деген кісі "шегірткелер" (әртістерді - автор) депті. Мен тойға шығып, қарапайым халықтың қалтасын тонайтын әртістерді паразиттер деп атар едім. Иә, олар таза паразиттер. Сондықтан, мен қоғамды осындай паразиттерден тазарту үшін тойханаларда той жасауға 5 жылға дейін мораторий жариялауды ұсынар едім. Бұл не береді дегенге келсек, қоғамда той бизнесі тоқырап, басқа салалардың дамуына үлкен мүмкіндік болар еді", - деген еді ол. 

"Дәл тойдан коронавирус шығады дегенге сенбеймін"

Рауан Алишевтің той әлемінде асабалық қызмет атқарып жүргеніне төрт жылдан асқан. Ол тойға бес жыл мораторий жариялауға келіспейтінін айтты. 

"Ол дұрыс емес деп есептеймін. Ол карантин кезінде жасалып жатқан тойды жауып тастау үшін жасалған дүние деп ойлаймын. Себебі қазір барлығы ашылып, тойды ғана болмасын деп тыйым салып жатыр. Қанша сауда орталығы ашылды. Ол жерге күніне шамамен 10 мыңнан аса адам кіреді. Олар жан-жақтан келеді. Базарлар да ашылды, ол жерге де неше түрлі адам кіріп-шығады. Ал тойға адамдар жуынып, ауылда болса сиырын сауып, қалада болса жұмысынан келіп, әсемденіп, бірақ келеді. Тынышынан кіріп, қайтып кетеді", - дейді асаба. 

Рауан дәл тойдан коронавирус шығады дегенге сенбейтіні жеткізді. 

"Коронавирус бар болса бар шығар. Бірақ дәл тойдан коронавирус шығады дегенге сенбеймін. Тойханалар жабылған күннің өзінде асабалар тойсыз қалады деген сөз емес. Екі қолға бір күрек табылады. Бірақ қазақтың тойы бәрібір бітпейді. Себебі қазірдің өзінде, байқасаңыздар, адамдар есік алдында той өткізіп жатыр, шағын тойханаларда той болып жатыр. Қазақтар тойын жасап жүре береді. Біз солай күн көре береміз. Ал егер мейрамханалар жабылса, тамада тойсыз қалады деген сөз емес. Бұл жағдайда тойхананың иесі, кәсіпкерлер, 1000-2000 теңгеге күні қарап жүрген қарапайым халық қиналады", - дейді ол. 

Рауан Алишев © instagram.com/asaba.rauan

Асаба мораторий қабылданған күннің өзінде немен айналысатынын айтты. 

"Барлығының табыс көзі көбіне той-томалақтан болып тұр ғой. Күніне болмаса да аптасына 1-2 рет беташар, бесік той болады. Солай күн көретіндер болады ғой. Өзім мамандық бойынша да жұмыс істеймін. "Мәдениет және өнер" мамандығын бітіргенмін. Сол бойынша мектепте тойдан бөлек музыка пәнінің мұғалімімін", - дейді Рауан. 

"Халық қайғырып кетті"

Сегіз жылдан бері той басқарып келе жатқан Мейірбек Медетбек те бұл мораторийдің қабылданғаны дұрыс емес екенін айтты.

"Себебі қазірдің өзінде халық онсыз да қайғырып кетті. Қиыншылықтан қиыншылық болып кетті. Әр адам өзінің қуанышын атап өткісі келеді ғой. Өз көзіммен көрдім, қаншама жас қиналып кетті. Тойын үйде жасап жатыр. Көздерінен бір мұң байқаймыз. "Әттең, тойымыз дүркіреп өтуші еді, көп адам шақыратын едік" деп жатады. Өте ауыр тиіп жатыр. Қазақ тойдан айырмасын дейді ғой. Бекер айтылмаған. Әр адам қуанышымен бөліскісі келеді", - дейді ол. 

Асабаның сөзінше, тойлануы керек бірнеше шара ғана қалуы керек. 

"Иә, келісемін. Кейде 40 жылдық, 18 жасқа толуды тойлау ерсілеу көрінеді. Үйлену, ұзату тойлансын. Қалғаны керек емес. Ал тойды бес жыл болдырмай тастауға асаба ретінде де, қарапайым халық ретінде де қарсымын. Мен де той бергім келеді", - дейді асаба. 


Мейірбек Медетбек

Мейірбек Медетбек бұл мораторийдің қабылдануы асабалардан бөлек бірнеше мамандық иесіне қиын түсетінін айтады. 

"Егер ол мораторий қабылданса өте қиын болайын деп тұр. Ол тек асабаларға қатысты емес қой. Оның ішінде бет әрлеушілер, бишілер, әншілер, операторлар қиналады. Өз басым карантин басталған кезде басқа бір кәсіп ашсам ба деп ойланып кеттім. Заңға бәріміз бағынамыз. Қарсы келе алмаймыз. Көнеміз. Өзім магистратура бітіргенмін. Егер мораторий қабылданса мамандық бойынша жұмыс істейміз ғой", - дейді асаба.  

"Әншілердің басқа табысы жоқ". Рамазан Стамғазиев тойға тыйым салуға қарсы шықты

Ал асаба Ардақ Ибрашев бұл мораторийдің қабылданатынына амалсыз көнетінін жеткізді. 

"Бұл мораторийдің қабылданғаны халыққа дұрыс шығар, бірақ біз үшін дұрыс емес қой. Осы арқылы нан тауып отырғаннан кейін тойдың болғаны бізге жақсы. Бірақ егер сондай шешім қабылданып жатса қарсылық білдірмейміз ғой. Көбіне тойдағы ысырапшылдық үшін, болатын үлкен той бар, кіші той бар. Маңызды тойларды қалдыру керек, сол үшін істеп жатыр деп естідім. 

Той әлемінде жүргеніме 11 жылдай болды. Әркімнің оқыған оқуы бар. Сонымен күн көретін шығар. Өз басым солай істеймін. Өнерді бітіргенбіз. Бірақ енді көреміз, мұғалімдік жолға түсеміз бе, әлде басқа кәсіп ашамыз ба дегендей. Мораторий қабылданса қарсы болмаймын. Келісеміз ғой, басқа амал жоқ", - дейді Ардақ. 

Еске салайық, Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин той-томалақ өткізуге болмайтынын айтқан болатын. 

"Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар - ұжымдық шаралар дейік - қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған", - деп түсіндірді ол.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берген еді. 

"Қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ адам көп жиналатын жерге бармау керек: қауіп әлі бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз", - деген еді Көлгінов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer