ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 июля 2021 | 12:07

Саз балшықтан үй салуды ойлаған жалғызбасты анаға журналист ақша жинап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/gulmir_ktk Фото: instagram.com/gulmir_ktk

КТК телеарнасының журналисі, тележүргізуші Гүлмира Әбіқай оқырмандарымен бірге ақша жинап, Қызылорда облысында тұратын жалғызбасты анаға үй алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

КТК телеарнасының журналисі, тележүргізуші Гүлмира Әбіқай оқырмандарымен бірге ақша жинап, Қызылорда облысында тұратын жалғызбасты анаға үй алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистің Әсел есімді оқырманы 11 жыл бойы екі баласымен пәтер жалдап келген. Одан кейін үш жылдай сарайда тұрған. Екі баласымен саз балшықтан времянка салмақ болған. 

"Кішкентай қызы су тасып, баласы анасына көмектесіп армандары асқақ еді. Құрылыстың тетігін білетін бауыры жанашырлық танытып, қабырғасын көтеруге көмектеспек еді, ол кенеттен жол апатынан қайтыс болды. Еңіреп жылаған әйелдің етегі жасқа толды. Мен Әсел жайлы жазылған қаңқу сөздерге мән бермедім, еңбекқорлығын бағаладым", - деп жазды Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында. 


Әсел екі баласымен тұрған жер

Осылайша Гүлмира Әбіқайдың оқырмандары бір тәулікте 5 миллион 300 мың теңге, ал жалпы 6 миллион 700 мың теңге жинаған. 

"Қала шетіндегі жерге времянка саламын деп бала-шағасымен балшық илеп, кірпіш құйып, киіз үйде тұрып жатқан отбасы жайлы парақшама бес күн бұрын жаздым. Бастапқы ойым еңбекқор әйелге демеу болып, времянка көтеруіне сәл де болсын қаржы жию болған. Оқырманымнан бір түнде 5,3 миллион теңге жиналды. Қуанғанымыздан времянканы ұмытып, Сыр бойынан үй іздей бастадық. Қызылордада не көп - сатылатын үй көп. Алайда, көбі ескі, пәтерлердің қабырғасы ыдырап төбесінен су ағып тұр. Жер үйлерің қымбат, көбіне құжаты дұрыс емес. Тәуекел деп құрбан айттағы бір сауапты тағы да Әселге арнайық деген ұсынысымды жерге тастамаған оқырманыма ризамын", - деп жазды Гүлмира Әбіқай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Осылайша күні кеше Әсел Нұрсұлтан және Қызғалдақ есімді балаларымен қоныс тойын тойлады. 

"2018 жылы салынған үй. Газы, суы бар, ауласы 10 сотық. Жаңа аудан, керемет көршілер. Бұрынғы қожайындары да тамаша жандар екен, жиһаздың біразын қалдырды. Сонымен, менің алтын оқырмандарымның арқасында қазақтың тағы бір отбасы қуанышқа кенелді. 

(...) Жаңалық осы, қоныс тойға келем деушілерге бұл үйдің есігі ашық. Қызылордаға қонаққа келген әр оқырманым Сыр бойында бір үй бар деп келе беріңіздер. Ал, менің қайырымды оқырмандарыма мың алғыс, әр шаңыраққа амандық, іске береке тілеймін. Мен сіздермен мақтанамын", - деді журналист оқырмандарына. 

Суреттер Гүлмира Әбіқайдың Instagram парақшасынан: instagram.com/gulmir_ktk

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer