ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 февраля 2022 | 18:20

Шетелде жүргенде қауіп туындаса не істеу керек? Маман кеңестері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет. Фото: elements.envato.com Көрнекі сурет. Фото: elements.envato.com

24 ақпанда Украина СІМ Ресейдің толық шабуылы басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Украинада жағдай шиеленісіп жатқаны жасырын емес. Өзге елде жүргенде Қазақстан азаматтары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда не білу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Беккулов Азамат жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

24 ақпанда Украина СІМ Ресейдің толық шабуылы басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Украинада жағдай шиеленісіп жатқаны жасырын емес. Өзге елде жүргенде Қазақстан азаматтары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда не білу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Беккулов Азамат жауап берді.

Маманның айтуынша, шетелге сапарды жоспарламас бұрын қандай жағдай болса да, барлық ақпаратты біліп алу қажет. Бұл қатарда шетелдегі елшіліктің мекенжайы, байланыс телефондары бар. Кез келген мәселе туындаса, оның ішінде соғыс қаупі бола қалса да, жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, елшілікке хабарласуы керек. Жағдай шиеленісіп тұрса, түрлі тәсілмен елшіліктен көмек сұрап, өзінің тұрған жерін айтуы қажет. Кейін Қазақстан тарапынан эвакуациялау туралы шешім шығарылса, қайда, қай уақытта жинайды деген ақпарат жарияланады.

"Барлығы елшілік бекіткен шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Мысалы, қазір Украинадағы жағдайға сай тіке рейстер қатынай алмайды. Дегенмен Еуропа арқылы маршруттар қарастырылған", - деді маман.

Заңгер шетелге шықпас бұрын әрбір азамат ескеруі қажет кеңестер берді:

  • Саяхат немесе басқа мақсаттағы сапар алдында баратын елдің заңдарымен, кейбір ерекшеліктерімен танысу қажет.
  • Шетелге шыққанда үнемі жаңалықтарды бақылап отыру артық етпейді.
  • Соғыс жүріп жатқан елде жүрсеңіз, киімге де аса мән бергеніңіз абзал. Қара не қою жасыл түсті киімдер немесе әскери форма кимеу қажет. Керісінше жарқын түсті киімдер кию қауіпсіз екеніңізді көрсетеді.
  • Жеке құжаттарға мұқият болу керек. Өйткені жеке құжаттар кез келген жағдайда мәселені шешіп, оқиғаға ешқандай қатысыңыз жоқ екенін дәлелдей алуы мүмкін.
  • Жеке құжаттарды жоғалтып немесе басқа да жағдайлар болса, дереу мәселені шешу қажет. Өйткені төтенше жағдай болып жатқан елдің құқық қорғау органдары белгісіз адамдар қауіп туғызады деп ойлауы мүмкін.

Сонымен қатар, маман шетелде жүргенде оқыс оқиға болып жатқанын білсе, қорықпай, дереу жедел сөмке дайындау керек екенін айтты. Ал сөмкеге фонарик, дәрі-дәрмек, ұзақ уақыт сақталатын консерві тамақтар секілді қажет дүниелерді салып алу қажет.

Қазақстанның Украинадағы құрметті консулдарының байланыс телефондары жарияланды

Автор: Жансая Қадыржанова

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524.6  course up  550.92  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer