ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 июля 2018 | 12:52

"Спортпен айналысуға ақша керек деп кім айтты?". Португал воркаутшысынан мотивация

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір салауатты өмір салтын ұстанатындардың саны күн санап артып жатыр. Денені үнемі шынықтыру, интеллект өрісін кеңейту, рухыңды шыңдау деген ұстанымды ұстанатын португал Пэдро Фортес Instagram желісіндегі парақшасында 45 мың оқырманы бар. Фортес Тengrinews.kz тілшісіне көше спорты жайлы әңгімелеп берді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазір салауатты өмір салтын ұстанатындардың саны күн санап артып жатыр. Денені үнемі шынықтыру, интеллект өрісін кеңейту, рухыңды шыңдау деген ұстанымды ұстанатын португал Пэдро Фортес Instagram желісіндегі парақшасында 45 мың оқырманы бар. Фортес Тengrinews.kz тілшісіне көше спорты жайлы әңгімелеп берді.

"Отбасым спортпен шұғылданғандықтан, мен де бала кезімнен қызыға бастадым. Неге екені кей адамдарға салауатты өмір салты десе бірден жасыл өсімдектерден тұратын диета, күндіз-түні бойы жаттығу деген ойда болады. Негізінде спорт ол - ұзақ өмір сүруіңе кепіл беретін керемет қызығушылық десем қате айтпаймын", - деп мәлімдеді Пэдро.


© Instagram

Бір қызығы, Пэдро еш уақытта жаттығу залына ақша төлеп барып көрмеген екен. 

"Бай болсаң, әрине, жақсы ғой. Бірақ, көшеде, жағажай алдында, үйдің ауласында жаттықанға не жетсін. Жұрттың ойынша арықтау үшін, салауатты өмір салтын ұстану үшін тек жаттығу залына бару керек. Бұл теріс пікір. Шынымды айтсам, таза ауада, көшеде жаттыққанға не жетсін. Оған қоса бәрі тегін тұр. Метрода немесе автобус аялдамасында жаттықтанды жақсы көремін. Әсіресе, жаттығып жатқан кезімде қасыма бір топ адам жиналып, артымнан ілесе қайталап жатса керемет", - дейді Пэдро.

1.74 сантиметр бойы бар Пэдроның салмағы 70 келі. Туғанынан дене бітімім жақсы, барлығы генетикадан деген спортшы спорт арқылы табыс тапқысы келетінін жасырмады.

"Мен спортты жақсы көремін, спорт мені жақсы көреді дегендей, неге сүйген ісіңнен ақша таппасқа. Өзімнің дене шынықтыруға байлансты мектебімді ашқым келеді. Көптеген адамға үлгі болғым келеді. Адамдарға мотивация беруден басқа өзімді басқа салада көрмеймін", - дейді Пэдро Фортес.


© Instagram

YouTube видеохостингісінде тұрақты көрермені бар Пэдро видеоны өзі монтаждап, өзі жүктейтінін айтады.

"Менің YouTube-арнама видео салу себебім жаттығу залына бармай-ақ, көшеде, жағалауда, үйде жаттыға беруге болатынын ұқтыру, менің видеомды көру арқылы жаттықса да болады. Менің қаламда салауатты өмір салтын ұстанушылар мен қолдамайтындардың саны 50 де 50. Темекі тарту, ішімдік ішу, есірткіге құмарлық, жат мінез-құлық кеңінен етек алып жатыр. Меніңше, жастарға әрдайым үлгі болатын да, үлгі беретін де ата-ана мен ересектер. Жастайынан не көріп өседі, соны істейді. Бастысы барлық қыздың назарын аударуға болады, олар дене бітімі ірі жігіттерді жақсы көреді ", - деп күлді Пэдро Фортес.

Сұхбаттасқан Дана Құтпанбаева

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети