ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
20 февраля 2020 | 17:01

"Сұхбатымды көрген бұрынғы күйеуім оралды". Жеті баланың анасы елордада такси жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Манкебаева. @ Qazaqstan телеарнасының кадры Айзат Манкебаева. @ Qazaqstan телеарнасының кадры

Нұр-Сұлтанда жеті баланың анасы 38 жастағы Айзат Манкебаева қазіргі уақытта такси жүргізіп, нәпақа тауып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жеті баланың анасы 38 жастағы Айзат Манкебаева қазіргі уақытта такси жүргізіп, нәпақа тауып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде оның қолында бес баласы бар, ал үлкен екі баласы Алматыда интернатта оқып жатыр екен. Айзат Манкебаева телеарнаға берген сұхбатынан кейін күйеуімен қайта қосылғанын айтып берді.

"Алматыда туып-өскенмін. 2001 жылы тұрмысқа шықтым. Сосын елордаға 2015 жылы көшіп келдік. Мамандығым мүғалім, бірақ мұғалім мамандығы бойынша жұмыс істеп келсем де, декреттен-декретке шығып, солайша жұмысқа қайта орала алмадым. Сондықтан такси жүргізушісі болып жұмыс істеп көрейін дедім", - деп бастады әңгімесін елордалық көпбалалы ана. 

Айзат Манкебаева көпбалалы ана ретінде баспана алуға кезекке өзі барып тұрмағанын айтты. Айтуынша, үш жыл бойында тұрғылықты тіркеудегі мекенжайы болуы керек екен. Осы шартқа байланысты ол кезекте тұра алмапты.

"Бірақ жақында маған баспана алуға 76-орындасыз деп бір адам хабарласты. Маған үй бермесе де, ұлтарақтай жер берсе болар еді. Еш жерде кезекте жоқпын. Тұра алмадым. Бірақ телефоныма хабарласып, алдымда осыншама адам бар деп өздері хабарласты. Бірақ менде үш жыл бойы тіркеуде болуым керегі айтылған шарты бар екен, мен алты айлап, ары кетсе бір жыл ғана бір орында пәтер жалдап жүрдім. Кейде пәтерақыны төлей алмаған соң қуып жібергендер де болды", - деп назын айтты Айзат. 


Айзат Манкебаева жалдап тұрып жатқан үй. @ Qazaqstan телеарнасының кадры

Өз өмірі туралы баяндап Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатынан кейін екі жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуімен қайта қосылыпты. 

"Телеарнаның журналистеріне сұхбат бергенмін. Сол сюжетті бұрынғы күйеуім көріп, үйге оралды. Осы екі күн бұрын оралды. Қазір отбасымыз бүтін. Бірақ күйеуімнің әзірше жұмысы жоқ. Автобус жүргізушісі болып жұмыс істесем бе деп отыр. Ажырасқаннан бері заңды түрде алиментін төлеп тұрмаса да, жағдайы жеткенінше көмектесіп отырды. Мен оны кешірдім, себебі балалары әкесін жақсы көреді. Кездесуіне шектеу де қойған емеспін. Қандай жағдай болса да балаларыма "әкені сыйлау керек" деп айтып отырамын. Өмірде не болмайды? Кешірдім. Енді осы басымыз бүтін, балаларымның әкесі болып, жақсы өмір-сүреміз деп сенемін", - дейді Айзат Манкебаева.

Бүгінде ол 40 мың теңгеге үй жалдап отыр. Келіншек бұрынырақта автопаркте көлікті күніне 8 мың теңге төлеп, адам тасымалымен айналысып көрген екен. 

"Бірақ "күніне 8 мың теңгені далаға төлеп жатырсың" деп ақыл айтқандар болды. Сондықтан көлік кейін өзімде қалатындай жолын іздестірдім. Сөйтіп, достарымның ақылымен интернеттен күніне 9 мың теңге төлеп, екі жыл бойы жұмыс істесем, көлік менде қалатындай келісім жасап, енді міне, өз көлігіммен адам тасып жүрмін. Күніне тоғыз мың теңге төлеп жүрмін, екі жылдан соң өз атымда болады", - дейді ол.

Айзат тапқан-таянғаны бала-шағасына артылып жатпаса да, жететінін, оған шүкір дейтінін айтады. 

"Күн сайынғы 9 мың теңге жалға алудың ақшасын табамын, жанармайымды, пәтерақыны, тамаққа кететін қаражатты шығарамын. Мұның бәрін осы такси жүргізушісі болып тауып отырмын. (...) Бір күнде 20-25 тапсырыс түседі. Әр тапсырыс 850 теңгеден жоғары тұрады, астаналықтар менің осындай жұмыс таңдап, күнімді көріп жүрген соң көмектесіп, мың теңге болса да ақша қосымша тастап кететін болды. Мысалы бір Азамат есімді журналист жігіт Facebook-те менің мәселемді көтеріп, тапсырыс құнын төлеп, одан кейін қосымша 10 мың теңге беріп кетті. Мұндай адамдарға алғыс айтамын", - дейді көпбалалы ана.

Сондай-ақ, көпбалалы ана елордалықтардың бей-жай қарамай, жағдайын түзеуіне көмектескенін де әңгімелеп берді.  

"Астананың халқы суық дейтін пікір бар. Бірақ мен келіспеймін. Себебі көмектесетін қайырымды жандар бар. Мысалы бес баламен отырған маған ет алып келетін Медет есімді, көмір алып келетін Нұрбол есімді қайырымды жандар бар. Соларға алғыс айтамын", - дейді Айзат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети