ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
23 апреля 2018 | 15:06

"Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе". Қазақ тойындағы трендтер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mfa.kz © mfa.kz

Қазақты тойшыл халық деп бекер айтпаса керек. Елде қандай дағдарыс болса да, той индустриясы күннен күнге дамып, түрлі трендтер пайда болып жатыр. Кез келген іс-шараны ұйымдастырып беретін ұйымдар мен агенттіктер де жетіп артылады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі той саласындағы мамандардан қазіргі қазақ тойларындағы трендтер мен жаңашылдықтар жайлы сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақты тойшыл халық деп бекер айтпаса керек. Елде қандай дағдарыс болса да, той индустриясы күннен күнге дамып, түрлі трендтер пайда болып жатыр. Кез келген іс-шараны ұйымдастырып беретін ұйымдар мен агенттіктер де жетіп артылады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі той саласындағы мамандардан қазіргі қазақ тойларындағы трендтер мен жаңашылдықтар жайлы сұрап білді.

Шоуға айналған тойлар

Қазіргі уақытта қандай тойда болсын әзілкештер, әншілер, бишілер жүреді. Тіпті эстрада жұлдыздарының концертіне ұқсас тойлар да бар. Бұл мәселге қатысты той-томалақ ұйымдастыру орталығының жетекшісі Алтай Сабанчинов пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір жеңіл тойларға сұраныс жоғары.

"Қазіргі тойдың ағымы, яғни, форматы жеңіл түрдегі тойларға сұранысқа негізделген. Шоумендердің заманы келді, ойын, жеңіл әзілдер, КВН ойыншылары. Суырып-салма ақындар, жыршы мен жыраулардың заманы өтіп кетті деп айту ерсі. Олар әрқашан классика болып қала береді, қай уақытта да халықта сұраныс болады", - дейді Алтай Сабанчинов.

Асаба Асхат Қылышбектің айтуынша, баяғыдай екі жас қол ұстасып кіре салу деген жоқ.

"Заманына қарай амалы" дегендей заман таныған сайын және мейрамханалар үлкейіп, кеңейіп жатқан сайын, тойлардағы бақталастықтың күшейіп жатуына орай қазір тойларда түрлі шоулар пайда болды. Той басталғанда ең бастысы кіргізу мәселесі жайлы айтатын болсақ, баяғыдай екі жас қол ұстасып кіре салу деген жоқ. Бар болса да, ондай аз. Қазір міндетті түрде кез келген тойда, мысалы, үйлену тойын немесе ұзату тойын алайық, жастарды арнайы театрландырылған қойылыммен және шаңырағымен кіргізеді. Екі декоратив аққуға мініп келетіндер мен титаник сияқты кемеге мініп келетіндер де бар. Сондай-ақ, ұзату тойы кезінде қалыңдықты танымал әншілер оны алып кіріп, ұзатып шығу трендке айналып жатыр. Ең арзаны 250 000 теңгеден басталады. Үлкен мейрамханаларда тойхана ішіне лимузин кіргізу сәнге айналды, Шымкентте тіпті тікұшақпен залға келіп қонады дейді, бірақ ондайды өзім көрген жоқпын", - дейді Асхат Қылышбек.

Еуропалық, ұлттық және діни бағыттағы тойлар

Асхат Қылышбектің айтуынша, қазіргі қазақ тойлары үш бағытта өрбіп жатыр. Біріншісі - еуропалық бағытта, екіншісі - қазақи нақышта, үшіншісі - діни ортада салт-дәстүрлерді ұстанатын бағыт. Еуропалық бағытта аты айтып тұрғандай көбіне қазақтың ұлттық дәстүрлеріне мән беріле бермейді, мұнда қазақтар шетелдік дәстүрлердің озық тұстарын пайдаланғысы келеді. Тойда орындалатын әннен залдың безендірілуіне дейін. Дегенмен, басым көпшілігі қазақи бағытқа мән береді екен.

Ал үшінші бағыт діни ортада өткізілетін тойлар екен. Маманның айтуынша, мұндай тойлар спирттік ішімдіктерсіз өтеді және онда артық музыка болмайды, яғни, халал той. "Айтылатын сөздер - насихат, уағыздар. Киім киіс, жүріс-тұрыс, ішіп-жеу барлығы діни шариғаттың талабына сай", - дейді ол.

Еліміздегі ивент-орталықтардың бірінің жобалар жөніндегі шефі Рустам Мамкеновтің айтуынша,
қазақ тойларының форматы үнемі жаңарып, түрлі жаңашылдықтар енгізіліп жатады.

"Қазақтың тойлары да қызмет нарығының өзге де сегментері секілді бір орында тұрақтап қалмайды. Олар үнемі жаңарып, түрлі жаңашылдықтар енгізіліп жатады. Біздің компанияның қызметкерлері де үнемі түрлі семинарларға, тренингтерге, Ресей мен басқа елдердегі курстарға барып тұрады. Онда біз тәжірибе алып, фантазиямызды одан да жаңарта түсіп отырамыз", - дейді Рустам Мамкенов.

Сондай-ақ, маман соңғы кездері тойды еуропалық стильде өткізу трендте екенін айтады.

"Соңғы уақытта көбі тойларды еуропалық стильде өткізуді қалайды. Бірақ ұлттық тематика да сұранысқа ие. Мұнда барлығы клиентке байланысты. Клиент өзінің ойындағысын айтады, ал бізге оған дұрыс кеңес беріп, оны жүзеге асырамыз. Декор жайлы айтатын болсақ, біз қазақ тойларының форматы өзгелерден айтарлықтай ерекшеленетінін білеміз. Біздің халық барлығы жоғары деңгейде болғанын қалайды, барлығы жылтырып, өсірілген гүлдердің мол болуы, алтын түсті безендіру форматы, жан-жақтан жарықтың көп түсуі, Led-дисплейлер және тағы басқалары", - дейді ол.

Қазір кез келген адам той ұйымдастырғанда барын салады. Әрине, барлығы тойды жарқыратып, қонақтардың есінде қалатындай етіп өткізгісі келеді. Сондықтан бүгінде қазақ тойлары бір-бірінен асып түседі. Біреулер ерекше шоулар мен ойындар ұйымдастырып жатса, тағы біреулері қонақтарды залдың ерекше безендірілуімен таңғалдырады.

Жұртты таңғалдырған тойлар

Таяуда Интернетте талқыланған Шымкенттегі үйлену тойларының біріндегі ерекше торт қоғамда әбден талқыланды. Жұрт таңғалған торттың салмағы 1500 келі болған еді. Кейін бұл тортты ресейлік кулинар Ренат Ағзамов дайындағаны анықталған. 

Қазақстанда дүркіретіп той өткізу үшін 10-15 қымбат көліктен тұратын кортеж, саны 300-ден асатын қонақ пен залға лимузинмен кіру қажет деп санайтындар аз емес. Қазіргі таңда той иелері бір күнге ең қымбат көліктерді жалға алуға асығады. Мысалы, мына видеода шымкенттік жас жұбайлар тойханаға лимузинмен кіріп келген. 

Ал мына ерекше кортеж Шымкент-Ташкент тасжолында түсірілген екен.

Мына видеода түйемен кіргендерді көруге болады. Видеоны әлеуметтік желілерге Шымкент тұрғыны Адиль Ильяев жариялаған екен. Оның айтуынша, бұл үйлену тойы Шымкентте болған.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде 23 жастағы гимнаст қыздың 3 бөлмелі пәтердің құнына тең той көйлегін кигені жайлы талқыланған болатын.  Қалыңдық көйлегін қазақстандық әрі қырғызстандық дизайнер Наиль Байкучуковқа тіктірген екен. Үйлену тойының жүргізушісі көйлектің бағасы Астана орталығындағы үш бөлмелі пәтердің бағасымен тең екенін айтып өткен еді.


© Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева

Сүндет тойда баланы мейрамханаға атпен кіргізу де сәнге айналған.

Сондай-ақ, соңғы кездері тойларда жұбайлардың достары міндетті түрде өнер көрсетуі әдетке айналған. Осылайша жақын достары қонақтардың көңіл-күйін көтеріп, бірге өнер көрсетеді.

Мұндай тойлардың ауқымы үйлену тойынан кем түспейді, ақысы көрімдікпен қайтады. Баланы патша сияқты қылып таққа мінгізіп алып шығу қызметі сұранысқа ие. Тақты жалға алу үшін 7-10 мыңнан 25 мың теңгеге дейін шығару керек екен.

Тағы бір жаңащылдық - қалыңдықтың басына әуелей ұшып келіп жабылатын фата. Мұндай қызықты жаңашылдықтың Интернетте видеосы талай тарап жүр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети