ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 декабря 2021 | 16:45

TikTok-та 21 жастағы мұғалім шетелдіктерге қазақ тілін оқытып жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

TikTok-та 21 жастағы қазақстандық мұғалім шетелдіктерге қазақ тілін оқытып жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

TikTok-та 21 жастағы қазақстандық мұғалім шетелдіктерге қазақ тілін оқытып жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызылорда облысының тумасы Ибрагим Кеңес ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бүгінде ол тіл оқыту орталығында 500-ге жуық оқушыны дайындап шықты. Сонымен қатар, қашықтан шетелдіктерге қазақ тілінен сабақ береді. Қазіргі уақытта кейіпкеріміздің TikTok-тағы парақшасында 5 мыңнан аса оқырманы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЭКСПЕРТІ💯 (@ibragim_kenes)

"Кейінгі жылдары ағылшын тілінің маңызы мен оның әлемдік өркениеттегі орны ерекше байқалады, тиісінше ағылшын тіліне сұраныс та артты. Қазіргі таңда тіл үйренудің заманауи әдістерін қолданып, ағылшын тілін оқытып жүрмін. Менің пайымдауымша, шетел тілін зерттеуде, ең алдымен, speaking skills тәжірибесі қажет. Сол себепті де әңгімелесу платформаларына тіркеліп, шетелдіктермен диалог құруды қолға алдым. Олармен әңгіме барысын оқушыларыма түсіндіріп, ағылшын лингвистикасының жаңа алғышарттарымен таныстырамын. Ең қызығы, шетелдіктер менің Қазақстан азаматы екенімді біліп, керісінше, олардың қазақ тіліне деген қызығушылығы артып келеді", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЭКСПЕРТІ💯 (@ibragim_kenes)

Ибрагимнің айтуынша, шетелдіктерге қазақ тілін үйрену оңайға соғып жатқан жоқ. 

"Шетелдіктер қазақ тілін ең қиын тіл деп есептейді. Олар көп жағдайда қазақ тілінің айтылымы мен сөз құрылымынан қатты қиналады. Қазақ тілін үйренуші шетелдіктердің арасында ерекше ынта танытып, күнделікті лекцияға қатысатындары да бар, бірақ олардың басым бөлігі сабақты бел ортасынан аяқтап жатады", - дейді қазақстандық мұғалім. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЭКСПЕРТІ💯 (@ibragim_kenes)

Сонымен қатар, ол шетелдіктердің не себепті қазақ тілін үйренгісі келетіндігін түсіндірді. 

"Әу баста бұл мен үшін де түсініксіз әрі қызықты жайт болды. Ағылшын тілін жетік меңгерген жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығы қайдан пайда болғанын түсінбедім. Шәкірттерімнің бірі TikTok желісінде қызықты қазақша контенттің көптігін айтып, соларды түсіну үшін қазақ тілін білгісі келетіндігін айтқан еді. Демек, әлеуметтік желідегі қызықты контенттің арқасында сұраныс пайда болды. Одан бөлек, қазақ тілі шетелдіктер үшін экзотика болып көрінеді. Қазақ тілін толық меңгеріп алмаса да, жиі қолданылатын сөздерді білгісі келеді", - дейді Ибрагим Кеңес. 

Қазір қазақстандық мұғалімнің парақшасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүр, ал ол жасаған видеолар 100-мыңнан аса қаралым жинайды. Көрермендер қатарында шетелдіктер көп. 

@ibragimkenes

3 қазақ тілін үйренді

♬ Mystery of Love - Mr. Fingers

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer