ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 марта 2021 | 17:02

Тоқтар Серіковтің анасы қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/saken_maigaziyev/ © instagram.com/saken_maigaziyev/

Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды әншінің досы Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасындағы жазбасында естіртті. 

"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус жәннат нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазды әнші. 

Ләйлә Сұлтанқызы, Ғаділбек Жаңай, Бейбіт Кушкалиев, Гүлнұр Оразымбетова сынды әнші-журналистер де көңіл айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Тоқтар Серіковтің жары Бейбіт Сейдуалиева отбасында болған қайғылы оқиғаны Instagram-да бір қара суретпен көрсетті.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бейбит Сейдуалиева (@toktar_beibit)

Желі қолданушылары әншінің анасына көңіл айтып, сабыр тілеп жатыр.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TOKTAR SERIKOV (@toktar.serikov)

Айта кетейік, Тоқтар Серіковтің туған бауыры Жайық Серіков Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі ММ бастығының орынбасары. Азаматтық қорғау органдарында 19 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Жайық Серіковтің ұжымы қазаға қайғырып, көңіл айтады.

Тоқтар мен Жайық Серіковтер анасымен

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы азаматтық қорғау подполковнигі Серіков Жайық Қадырұлына және туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. Сіздердің отбасыларыңыз үшін бүгін аса ауыр күн. Себебі, өмірдегі ең қымбат жан анаңыз өмірден өтті. 11 баланы дүниеге әкеліп, батыр ана атанған жанның жаны жәннатта болсын демекпіз. Оның артынан ерген балалары мен немерелеріне амандық тілейміз", - дейді Серіковтің ұжымындағылар.


Жайық Серіков анасымен

Тоқтар Серіков - қазақтың сүйікті әншілерінің бірі. Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Әншінің ата-анасы өмір бойы мал баққан шопан болған. Бұл туралы ол "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген. Марқұм әкесі өнерге жақын кісі болған. Жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан деседі. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer