Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 декабря 2019 11:05

"Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ": 1991 жылы қазақ басылымдары не жазды?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіл мәселесі, егемендік, тәуелсіз ел Президентінің жарлықтары. Бұл - тәуелсіздіктің алғашқы жылдары БАҚ беттерінде көтерілген негізгі мәселелер. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып, егемендік алған алғашқы жылдары қазақстандық басылымдар тағы қандай мәселе көтергенін анықтап көрді. 


Тіл мәселесі, егемендік, тәуелсіз ел Президентінің жарлықтары. Бұл - тәуелсіздіктің алғашқы жылдары БАҚ беттерінде көтерілген негізгі мәселелер. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып, егемендік алған алғашқы жылдары қазақстандық басылымдар тағы қандай мәселе көтергенін анықтап көрді. 

Кітапханадағы ескі басылымдарды қолымызға алған кезде көзімізге түскені - сол кездегі "Егеменді Қазақстан" газетіндегі Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. 

"Республика азаматтары қазақтың мың жылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлай отырып, сол үшін желтоқсанның 1-інде дауыс берген болатын. Егемендік туралы айтқанда мен Қазақстан тұйықталған система болуға дайындалып жатыр дегенді айтып тұрғаным жоқ. Мұның өзі саяси және экономикалық дербестікті жүзеге асыру мүмкіндіктеріне зиянды әсер ететіні айқын болар еді", - делінген Елбасы сөзінде. 

Қазақ халқының арманы орындалып, республика тәуелсіздігін алғаннан кейін "Егеменді Қазақстан" басылымы қарапайым тұрғындардың ертеңгі күні мен болашақ тірлігіне көз жүгірту мақсатында қала әуежайы мен базарға шығып, халықпен тілдесіп қайтқан екен. 

Бір тұрғын тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін газет атауын "Егеменді Қазақстаннан" "Тәуелсіз Қазақстан" деп ауыстыруды ұсынған екен. 

Бұл - "Егеменді Қазақстан" газетінде Шерхан Мұртазаның Парламент сессиясында туған ойлары жайлы мақаласы, 1991 жыл 26 желтоқсан.

Көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаев "Егеменді Қазақстан" газетінде "Үлкен тілек үстіндеміз" атты мақаласында тарихқа терең үңіліп, қазақ елінің өзге елдермен терезесі теңесіп жатқанын мақтап, мадақтап, Елбасына табыс тілеген екен. 

"Сондықтан да біз бүгін ортақ тағдырымыздың осындай жауапты кезеңінде көсем басшымызды сәтті тауып алғанымыз үшін бір-бірімізді құттықтап, Президентімізге табыс, өзімізге бақыт тілеуге әбден құқылымыз.

Ақ жол, ағайын!

Іске сәт, азамат!", - деген екен Әбіш Кекілбаев.

Бұл - "Ана тілінің" 1991 жылғы 12 желтоқсандағы нөмірі. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы бұл мақалада халқымыздың тарихындағы бірнеше жазу жүйесіне тоқталып өткен екен. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алыс-жақын шетелдегі қазақтардың да қуанғаны сөзсіз. Бұл құттықтау жеделхаты Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан парламентінің атына Стамбулдағы Түркия қазақтары қорынан келген екен. 

16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдауына байланысты Ресей басшылығы республиканың тәуелсіздігін тануы туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, 17 желтоқсанда Румыния еліміздің тәуелсіздігін танып, құттықтауын жеткізген екен.

Ал бұл Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң, 1991 жыл, 10 желтоқсан.

Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы жарлығы. 

Бұл материалда КСРО журналистер одағының мүшесі Самат Жүнісов "Көзден таса болғанмен, көкейде тұр" атты мақаласында желтоқсан оқиғасына бес жыл толуына орай жазған ой-толғауы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети