ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 января 2019 | 20:18

"Тозақ пен жұмақты көргендей болдым" - Клиникалық өлімді бастан кешірген әйел

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Өліп-тірілгендердің өмірі өзгерді ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Өліп-тірілгендердің өмірі өзгерді ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Операция кезінде клиникалық өлімді басынан кешкен Нәзигүл Мекебай сол сәтте сезіп-білгенін баяндады.

"Сол жақта өзімді бақытты сезіндім. Өзімнен басқа ешкімді көрмедім. Ес-түсімді білемін. Сандырақ не фантазия емес. Өзімнің бір ерекше жерге барғанымды, өмірі көрмеген жерді көргенімді сездім. Күмістей аппақ, шегі жоқ кеңістік. Көзге ілінер ештеңе жоқ. Жан-жағының барлығы жылтырап тұр. Астыдан тұман тұрғандай, яғни мені бірдеңе көтеріп тұрғандай болды. Аяғым қатты затты басып тұрған жоқ. Ондағы уақытты да өлшей алмадым. Бірақ өзімді сондай бақытты, жеңіл сезіндім", - дейді Нәзигүл Мекебай.

Емшілік қасиеті бар Гүлнар Құдайберген де операция жасау барысында өзін сырттай бақылағанын айтады. Сонымен қатар, ол басқа әлемдегі адамдармен сөйлесіп, қайта осы өмірге оралғандығын және комада болған сәтінде тозақты да, жұмақты да көргенін әңгімеледі.

"Маған ота жасалып жатқан уақытта хирургтердің әңгімесін естіп отырдым. Олар "болды" деді. Бірақ мен оны қолыммен түртіп, "Мен тірімін" деп айтайын десем, өз айтқаным өзіме естілмейді, қолдарым көрінбейді. Бірақ айту керектігін біліп жаттым. Хирургтердің "біршама жасқа келгенімді, темекі көп шеккенімді айтып" аман қалуға мүмкіндік аз екенін айтып жатты. Мен болсам осы құбылыстың барлығын үстінен көріп тұрмын. Сосын мен әп-сәтте бір кеңістікте пайда болдым, ол жер қып-қызыл болды. Жұмыртқа сияқты бірдеңеден айғайлаған дауыстар шығып жатты, барып тыңдадым. Барлығы кешірім сұрап, тәубесіне келіп жатқандай дауыстар естідім. Басында тозаққа түстім бе деп ойладым. Содан мені аппақ, көз ауыртатындай шағылысқан мекенге алып барды. Жұмаққа келдім деп ойладым. Онда ежелгі адамдар жүргендей, ақ шашты, үстіне ақ матадан киім киген, бірақ бойлары менен кіші еді. Олар маған "Саған ерте әлі, сен қайтасың" деді. Маған қызымның және жолдасымның жылап тұрғанын көрсетті. Менің қайтқым жоқ, бірақ өмірде адамдардың қиналып жатқанын көрдім", - дейді Гүлнар Құдайберген.

Реаниматолог Нұрбол Асабайұлы клиникалық өлім мен биологиялық өлімнің ара-жігін анықтап айтты. 

"Клиникалық өлім мен биологиялық өлімді шатастырмау керек. Клиникалық өлім дегеніміз - науқастың жүрегі, өкпе қызметі тоқтайды. Тоқтағаннан кейін, ағзадағы айналымдағы қан процестері тоқтайды. Мұның бәрі тоқтаған кезде миға тасымалданатын оттегі, зат алмасу процестері, жүйкеге қажет қорек заттар тоқтағаннан кейін 1-5 минутта ағза ары қарай қызмет көрсетсе өмір сүруге мүмкіндігі бар деген сөз. Яғни толық өліп бітпеген. Егер одан кешігіп қалса, онда биологиялық өлім болады. Бұл кезде адам қайтып келмейді. Физикалық, химиялық, биохимиялық заттар толығымен тоқтап, ағзалар некроз болып шығады. Қайта оралу процесі іске аспай қалады.

Тікелей эфир барысында бағдарламаға келген кейіпкерлердің өміріне ұқсас құбылыстарды өткерген көрермендер қоңырауы көп болды.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer