ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 января 2020 | 12:40

Түрік жігітіне 15 жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншек өмірі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Ердоуду отбасымен. © Отбасы мұрағатынан алынған фото Айгүл Ердоуду отбасымен. © Отбасы мұрағатынан алынған фото

Айгүл Ердоуду осыдан 20 жыл бұрын Түркияға көшіп келген. Тараз тумасы, 46 жаста. Туризм саласындағы жұмысына байланысты осында көшіп келдім дейді. Осы салада әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр. Түрік азаматына тұрмысқа шыққан. Айгүл Ердоуду Tengrinews.kz тілшісіне Түркиядағы өмірі жайлы, ондағы бала тәрбиесі мен білім беру жүйесі, сондай-ақ, түріктер туралы қызық деректерді айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Айгүл Ердоуду осыдан 20 жыл бұрын Түркияға көшіп келген. Тараз тумасы, 46 жаста. Туризм саласындағы жұмысына байланысты осында көшіп келдім дейді. Осы салада әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр. Түрік азаматына тұрмысқа шыққан. Айгүл Ердоуду Tengrinews.kz тілшісіне Түркиядағы өмірі жайлы, ондағы бала тәрбиесі мен білім беру жүйесі, сондай-ақ, түріктер туралы қызық деректерді айтып берді.

Айгүлдің айтуынша, ол Қазақстанға соңғы рет былтыр қазанда келген. 

"Қазіргі уақытта туризм саласында жұмыс істеп жатырмын. Осында түрік жігітіне тұрмысқа шықтым. Бірінші некемнен ұлым бар, дегенмен күйеуімнің жақындары мен туыстары бізге жылы қарады. Ұлымның тәрбиесіне араласты, қазір оны университетте оқытып жатыр. Қызымыз дүниеге келді, 12 жасқа келіп қалды. Ресми түрде отбасы құрғанымызға осымен 14 жыл болды. Танысқанымызда маған бірден ұсыныс жасады. Алайда мен ол кезде тұрмысқа шыққым келген жоқ, оған қоса, Түркияда тұрғым келген жоқ. Алайда отбасылық жағдайларға байланысты - анам қайтыс болған соң, ол ұлым екеумізге қамқор болатынын айтты. Әкем қарсы болған жоқ, ол біздің бұрыннан араласып жүргенімізді білді ", - дейді Айгүл.


Айгүл Ердоудуның ұлы, студент.

Айгүл түріктердің өте еңбекқор халық екенін айтады.

"Түріктер өте еңбекқор, мейірімді халық. Әрине, мұнда да жемқорлық бар, бірақ Қазақстандағыдай емес. Халық саны 80 миллионнан асады. Барлығы ақкөңіл, әңгімелескенді ұнатады. Мұнда менталитет мүлде басқа, халқы да адалырақ, ниеттері де таза, кішіпейіл. Енемнің маған деген сүйіспеншілігіне таңғаламын, данагөй, мейірімді кісі. Немерелері үшін жанын беруге дайын, менің баламды да бөліп-жармайды, туған күндеріне сыйлық жасап тұрады. Түріктер мықты отағасы, олар үшін анасы, әйелі, балалары әрдайым бірінші орында", - дейді ол.


© instagram.com/istanbul_beautifull

Сондай-ақ, ол түрік әйелдерінен көп үлгі алғанын айтып өтті.

"Түрік әйелдері бала қарап, оны тәрбиелеуге өте ерекше қарайды, бала тәрбиесін бірінші орынға қояды. Олардан көп нәрсені үйрендім.

Қазір ұлым Ыстамбұл университетінде инженер-машина жасау факультетінде соңғы курста оқып жатыр. Бүгінде Түркияның экономикасы жақсы дамып жатыр, өз машиналарын шығарып жатыр. Сол себепті де ұлым осында қала беруді ойлап отыр. Ал қызым 6-сыныпта орта мектепте оқиды. Мектеп басшылығының арқасында балаларға мұнда бассейндер, спорт секциялары және театрлар тегін", - дейді Айгүл Ердоуду.


Қызы, 6-сыныпта оқиды

Ол Түркияда халық саны көп болғандықтан, онда өмір сүру қиын екенін айтады.

"Менің жалақым - шамамен 500 доллар, ал күйеуім 1000 доллардай табады. Бірақ Ыстамбұл үшін бұл көп емес, оған қоса, күйеуім ұлымды университетте оқытып жатыр. Өмір сүру мұнда оңай емес. Қазақстанды сағынамын, әрине, қалай десе де, туып өскен жеріңді сағынасың ғой. Анда-санда мейрамда қазақтар болып жиналып тұрамыз", - дейді Айгүл.

Биыл олар Жаңа жылды үйде қарсы алыпты. Ыстық шай, бөрек және ет, ірімшік қосылған бөректер.


Қызы мен күйеуі. Отбасы мұрағатынан алынған суреттер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети