ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 мая 2021 | 11:30

Twitter-де Джо Байден, Илон Маскті оқиды. Тоқаев туралы қызық деректер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев. © РИА Новости Қасым-Жомарт Тоқаев. © РИА Новости

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды. Еңбек жолын тек мемлекеттік қызметпен байланыстырған Тоқаев елді басқарып отырғанына екі жылдан асты. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті туралы қызық деректер жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды. Еңбек жолын тек мемлекеттік қызметпен байланыстырған Тоқаев елді басқарып отырғанына екі жылдан асты. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті туралы қызық деректер жинады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев - танымал жазушының ұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі елге танымал жазушы болған. Кемел Тоқаев қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы саналады. Кезінде Ұлы Отан соғысына қатысып, "Ерлігі үшін" медалімен екі рет мараптталған, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденін таққан. 

Ал анасы Тұрар Шабарбаева педагогикалық университетте оқытушы әрі лингвист болған.

Президент Қасым-Жомарт деген ерекше есім қалай қойылғанын "Әке туралы сөз" кітабында жазған. 

"Есімім (Қасым-авт.) ағамның құрметіне қойылған, амал не, оны көре алмадым. Ал Жомарт деп анам атапты, менің жомарт адам болып өскенімді армандапты", - деп жазды Тоқаев кітабында.

Бірден бес тілде сөйлей алады

Тоқаев - Алматыдағы №25 лингвистикалық гимназияның түлегі. Мектепте жүргенде француз тілін тереңдете оқыған. Қазақ және француз тілдерінен бөлек, Президент орысша, ағылшынша және қытайша еркін сөйлейді. 

Мемлекет басшысы 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Кейін КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде тәжірибеден өткен. 


Қасым-Жомарт Тоқаев 26 жасында. © instagram/berikuali 

Он шақты кітаптың авторы

Президент анасының жолымен шеттілдерін жетік меңгерсе, әкесі жолымен кітап жазуды үйренген. Бірақ ол әкесі секілді көркемдік жанрда емес, көбіне мемуарлар мен халықаралық қатынастар туралы жазған. Бүгінде 10 шақты кітабы шыққан.   

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы сөз" атты кітабы туралы айттық. Сондай-ақ, оның "Преодоление" деп аталатын бірнеше дипломатиялық очеркі бар. "Жарық пен көлеңке: қазақстандық саясаткердің очерктері" атты кітабы да жарық көрген. 


Фото: Ozon.ru

Былтыр қазанда Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты кітабы шықты. 

Мемлекет басшысы кітап оқуға да құмар. Карантин кезінде бірнеше кітапты оқуға кеңес берген:

1. Жүсіп Баласағұн. "Құтты билік".
2. Абай Құнанбаев. "Книга мудрости"
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. "Құнанбай".
5. Ерлан Сыдыков. "Кунанбай".
6. Адам Туз. "Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир".
7. Алек Росс. "Индустрии будущего".
8. Кевин Келли. "Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее".
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Turkistan", "Жұлдыз" және сол секілді газет-журналдар.

Бала кезінен спортқа құмар

Қасым-Жомарт Тоқаев салауатты өмір салтын ұстанады. Бала кезінен үстел теннисіне құмар болған. Президенттің сыныптасы Андрей Антоненко "Комсомольская правда - Казахстан" басылымына берген сұхбатында президент қай спорт түрлерімен айналысқанын айтқан. 

"Ол табиғатынан спортқа жақын, бойы ұзын, денелі, жылдам болатын. Алдымен ол командалық спорт түрлерін - волейбол, баскетболды ұнататын. Содан кейін үстел теннисімен белсенді айналысты", - дейді Антоненко. 

Тоқаев үстел теннисінен мектеп чемпионы атанып, қалалық жарыстарда топ жарған. "КСРО спорт шеберіне кандидат" болған. Сондай-ақ, 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың маусымына дейін Қазақстан үстел теннисі федерациясын басқарған. 

2019 жылы ол Президент болып сайланғаннан кейін Оралда теннис ойнаған сәтінің видеосы жарияланған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Twitter-де Джо Байден, Илон Маскті оқиды

Қазір елімізде шенеуніктер әлеуметтік желіде өте белсенді, бұл Тоқаевтың тапсырмасы болатын. Өйткені Президенттің өзі әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Бүгінде Twitter мен Instagram желілерінде парақшасы бар. 

Мемлекет басшысын Twitter-де 189,4 мың адам оқиды. Президент 169 адамға жазылған. Оның ішінде АҚШ президент Джо Байден, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Apple бас директоры Тим Кук, SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маск бар. 

Ал Instagram-парақшасында 1,8 миллион фолловер бар. Тоқаевтың өзі бұл желіде ешкімге жазылмаған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы тағы да деректер:

  • Тоқаев еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекші референт ретінде бастаған. Содан бері мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Еңбек жолында Қазақстан премьер-министрі, сыртқы істер министрі секілді лауазымдар болған. 
  • Мемлекет басшысы 2007 жылы Сенат депутаты болып сайланып, кейін Сенат төрағасы болып тағайындалған. 
  • Тоқаев ажырасқан. Жалғыз ұлы Тимур 1984 жылы туған. Желіде ол туралы мәлімет жоқтың қасы. 
  • Президент - тарих ғылымдарының кандидаты. 1998 жылы ол Қазақстанның сыртқы саясаты бойынша диссертация қорғаған.
  • 2019 жылы маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет президент сайлауына түсіп, 77,5 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. 
  • Президент болғаннан кейін Тоқаев алғашқы ресми сапарын 2019 жылы 3 сәуірде Ресей Федерациясына жасаған. 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer