ПОДЕЛИТЬСЯ
16 апреля 2020 | 15:26
"Ура! 42500 теңге түсті". Желі қолданушылары қалай әзілдеп жатыр?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде елдегі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатынын мәлімдеді. Қарапайым тұрғындар бұл көмекті алу оңайға соқпаған сияқты. Оны әлеуметтік желідегі әзіл-қалжыңы аралас видеодан байқауға болады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоларға шолу жасауды жөн көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде елдегі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатынын мәлімдеді. Қарапайым тұрғындар бұл көмекті алу оңайға соқпаған сияқты. Оны әлеуметтік желідегі әзіл-қалжыңы аралас видеодан байқауға болады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоларға шолу жасауды жөн көрді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар жәрдемақыны 3 жолмен алуға мүмкіндігі барын айтқан. Алайда іс-жүзінде 42 500 теңгені алу қарапайым тұрғындар үшін оңайға соқпаған секілді.
"Керемет, дәл айтыпсыздар", - дейді Гүлжан Қойшыбай есімді желі қолданушысы.
Желідегі видеода жәрдемақы алу оңай емес екені баяндалады. Онда кейіпкер шот ашу үшін таңғы 6-да банк бөлімшесіне барып, кезекке тұратынын, кейін 42 500 теңгені алу үшін электронды үкімет порталында өтініш беретінін айтады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от qazaqstanda.01 (@qazaqstanda.01) 5 Апр 2020 в 10:33 PDT
Instagram желісіндегі тағы бір видеода ер адам "42 500 теңгені алдыңдар ма?" деп терезеден айғайлайды. Бұл сұрақ желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіпті.
@rollanzhangaziev бұл жердемақы ешкімге берілмейді деген пікірде.
"Оны ешкім алмайды. Доллар өсті, мұнайдың бағасы түсіп кетті деген қырық сылтаумен бермейді", - дейді ол.
Ал @zhan.1706.ru есімді желі қолданушысы жәрдемақыға өтініш беру қиынға соққанын айтады.
"2 651 тенгесін төледік. 3 күн ұйықтамай, сайттарын күзетіп, әрең заявка бердік", - дейді ол.
"Жоқ, жәрдемақыны ала алмай отырмыз", - дейді @araikazubairova.
Алайда кейбір желі қолданушылары 42 500 теңге алғанын айтып, сүйінші сұраған.
"Сізге тағайындалды" деген хабарлама келді. Тексеруге банкке бардым. Ақшаны қол-қолма алатын болдым", - дейді @meira.tashbaeva.
Видеода кейуана 42 500 теңге алуға өтініш беріп қойғанын, жауабын күтіп отырғанын ән арқылы жеткізеді.
Сонымен қатар, жәрдемақыны алғандар үшін желіде эмоцияға толы видео да бар. Мұны көрген кезде езуіңізге еріксіз күлкі үйіріледі.
Тіпті, 42500 теңгенің құрметіне торт та пісіріліпті. Оны әлеуметтік желіде тараған фотодан көруге болады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также