ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
20 мая 2019 | 19:29

Үш жылдық тәжірибесі бар 24 жастағы медбике Нұр-Сұлтанда үш балабақша ашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі бір салада жүріп, тәжірибе жинап, сол бағытта өз ісіңізді ашу сіздің де ойыңызға келген болар. Барлығын бір-ақ күнде қоя салып, жаңадан бастап көрген жас азаматтар бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Баю үшін бар болу жеткілікті ме?" тақырыбы аясында өз басынан өткен оқиғаларын, кәсіпкер болу үшін не істеу керегін айтып, бай болудың құпиясы ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі бір салада жүріп, тәжірибе жинап, сол бағытта өз ісіңізді ашу сіздің де ойыңызға келген болар. Барлығын бір-ақ күнде қоя салып, жаңадан бастап көрген жас азаматтар бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Баю үшін бар болу жеткілікті ме?" тақырыбы аясында өз басынан өткен оқиғаларын, кәсіпкер болу үшін не істеу керегін айтып, бай болудың құпиясы ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарапайым қызметте жүріп, өз жеке кәсібін ашып, қазіргі таңда жақсы табыс тауып отырған еліміздің жастары тікелей эфирде жетістіктеріне тоқталды. Солардың бірі - Жандар Садықов мемлекеттік жұмыс істеп жүріп, бизнес ашқан. Қазірде оның бірнеше жеке кәсібі бар.

"Әкімшілікте жұмыс істедім, айлығым - 30 мың теңге болатын. Көлігім жоқ, автобуспен жүретінмін. Қыздармен танысқан кезде олар мені "қызық" көрмеуші еді. Көлігім жоқ, ақшам жоқ. Осының өзі де қосымша мотивация берді. Сосын ойландым. Бұлай ары қарай жалғастыра беруге болмайды деп өзіме уәде бердім. Солай бірінші кәсібімді 4-5 айда жиналған 200 мың теңгемен бастап кеттім. Негізгі жұмысымнан бөлек, күзетші, даяшы, қара жұмысшы да болдым", - дейді Жандар Садықов.

Ал Гауһардың жасы болса небәрі 24-те. Ол 3 жыл бойында медбике болып қызмет істеп, жеке балабақша ашуды жоспарлайды. Мақсатына жеткен Гауһардың бүгінде елордада үш балабақшасы бар.

"Колледжді тәмамдап, медбике болып қызмет еттім. Балабақшада үш жыл жұмыс істедім. Сосын өзімнің балабақшамды ашуды ұйғардым. Әрине ол менің ойыма бір күнде сап ете қалған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мектепке дейінгі білім орталығын ашу үшін ашық есік күндерін жариялады. Үш жылдық тәжірибесі бар адам ретінде ішкі қиындықтарын, қандай талаптары бар екенін жақсы білуші едім. Балабақша өзімнің кәсібім болса деп армандадым. Сондай-ақ, менің балабақшама басқалардан ерекше болғанын қаладым. Жасым -24-те. Қазіргі уақытта үш балабақшам бар", - дейді ГауҺар Есіркеп.

Әсет Бегалиев қаржы саласында қызмет істеген. Алайда жұмысынан шығып, жаңа іспен айналысуды жөн көреді. Нәтижесінде клининг қызметіне ауысып, қазір өз ісін бастап кеткен. 

"Өз ісімді бастаған уақытта минуста едім. Мойнымда несие болды. Сосын жұмыс істей бастадым. Негізгі жұмысымнан бөлек, қосымша табысым да бар еді. Әлі күнге дейін бар. Африкалық азаматты елге алдырып, ағылшын тілінен сабақ беретін орталық аштым. Осының өзінде менің шығысым мен кірісім тең еді. Мен шығыстың аз, табыстың көп болғанын қаладым. Өзім жер үйде тұрамын, жер үйдің жұмысы көп. Қыста қар тазалау, от жағу. Жазда бақша егу деген сияқты. Кешкі уақытта жалдамалы жұмыста жүріп, үйдің шаруасына уақыт таба алмайтынбыз. Негізгі жұмысымнан кетіп, төрт түрлі бағытта жұмыстар бастадым. Соның ішінде озғаны Cleaning болды. Еден жуу, қар тазалау, түрлі қызметтер түрін көрсету", - дейді Әсет Бегалиев.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети