Ұстаздар күні: Заңгер мұғалімге не себепті гүл мен шоколад сыйлауға болмайтынын айтты

04 Қазан 2018, 15:30
2
© Podarki.ru
© Podarki.ru

Биыл 7 қазанда атап өтілетін Ұстаздар күні әрбір ата-ана баласының мұғаліміне сыйлық жасайды. Алайда мұндай сыйлық пара болып саналмай ма және қандай көлемдегі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке, ал қайсысы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден сұрап білді. 

Алматы аудандық адвокаттар алқасының заңгері Ерлан Ерболатұлы мұғалімдерге сыйлық жасағанда оның сомасы 2 АЕК-тен, яғни 4810 теңгеден асып кеткен жағдайда пара болып саналатынын және оның арты қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын айтты. Ал осы сомаға дейінгі қандай да бір сыйлық әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады екен.

"Егер сіз мұғалімді өзінің жұмысын жақсы атқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмай алғыс айтқыңыз келсе, онда сіз берген сыйлықтың құны 2 АЕК-тен (2018 жылы 4810 теңге) асып кетпеуі керек. Бірақ, тіпті бұл жағдайда да, мұғалімнің сыйлық алғаны көпшілікке жарияланса, мұғалімге 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершлікке тартылуы мүмкін", - деп мәлімдеді Алматы аудандық адвокаттар алқасының заңгері Ерлан Ерболатұлы.

"Айта кету керек, Қазақстан Конституциясының 30-бабына сәйкес әрбір азамат мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім ала алады. Ал біздің мемлекетте орта білім міндетті. Мұғалімдерге, мектеп директорларына жасалған қандай да бір сыйлық заңға сәйкес пара болып саналады, ал оның арты қылмыстық жазамен аяқталады. ҚР Азаматтық кодексінің 115-бабында мүлікке жататын сыйлық түсінігі бар. Олар: ақша, оның ішінде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективті нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өнімдерді жекешелендіру құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүліктер жатады", - дейді заңгер.

Алайда гүл немесе шоколад, я болмаса басқа да бір сыйлық мұғалім өзіне еркінен тыс, ойда жоқта берілген жағдайда не істеуі керек? Бұған қатысты адвокат Владислав Мадзигон Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаднамасын келтіріп отыр.

"Заң бойынша, тіпті бір теңгенің сыйлығын алудың өзі жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Ал сома 2 АЕК-тен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал сыйлық жасалып тұрғанда мұғалім сыйлықты алса, бірақ жауапқа тартылғысы келмесе мемлекеттік қорға өз еркімен тапсыруға міндетті", - дейді Мадзигон.

Енді осы жаднамаға тоқталсақ, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың алған сыйлықтарын өткізу бойынша жаднамада жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген сыйлықты 7 күнтізбелік күн ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізуі керектігі айтылған.

"Сыйлықты өткізу тұлғаның сатып алу не болмаса сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын тіркей отырып белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО түзген мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-тапсыру актісімен жүргізіледі", - делінген жаднамада.

Ал сыйлықты өткізбеген жағдайда, ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 472-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, мұғалім әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц