ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 сентября 2021 | 11:11

Ұят, ысырап, бәсеке. Карантинде қазақтың тойы қалай өзгерді?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Елімізде 27 қыркүйектен бастап ресми түрде той өткізуге рұқсат берілді, әрине бұрынғыша 300-500 адамға болмаса да, асабалар осыған да шүкір деп отыр. Олардың айтуынша, той-жиынға рұқсат берілгенімен, сұраныс бұрынғыдай емес. Tengrinews.kz тілшісі асаба, шоумендермен қазіргі тойлар, ондағы өзгерістер мен трендтер туралы сөйлесті.  


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 27 қыркүйектен бастап ресми түрде той өткізуге рұқсат берілді, әрине бұрынғыша 300-500 адамға болмаса да, асабалар осыған да шүкір деп отыр. Олардың айтуынша, той-жиынға рұқсат берілгенімен, сұраныс бұрынғыдай емес. Tengrinews.kz тілшісі асаба, шоумендермен қазіргі тойлар, ондағы өзгерістер мен трендтер туралы сөйлесті.  

Алматы

Алматылық асаба Бауыржан Игімбетовтің сөзінше, тойға рұқсат беріліп жатса да халықтың тапсырысы қатты арта қоймаған. Ол мұны рұқсат қысқа жақын, халық соғым алып, тамағын түгендей бастағанда берілгендіктен деп есептейді.  

"Көбіне тапсырыстар Алматыдан болып жатыр. Карантинде көбіне ұзату тойлары, мерейтой, тұсаукесер болатын. Фуршет тойлар да көбейді. Ал рұқсат бергелі үйлену тойларына тапсырыс ала бастадық", - дейді ол.

Асабаның ойынша, карантин жарияланғаны бір жағынан дұрыс та болған.

"Адамдар арасында той жасау бәсеке болып кетті, бірінен бірі өткен шоу бағдарламалар сұрайтын. Бір адамды шақырмаса ұят болады деген бар еді. Ал карантинде кімді шақырсаң, өз еркің, ешкім ешкімге ренжімейді", - дейді ол.

Бауыржан Игімбетов тойға рұқсат берілгеніне халық әлі де сенбейтінін айтады. "Сіздің тойыңыз үшін арнайы рұқсат сұрадым" деп әзілдейді екен ол. 

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Тағы бір алматылық асаба Мырзабек Мәди бұрынғыдай көп той жоғын айтады. "Қазір өзі 2-ақ той, ұзату мен үйлену қалды. Оған да шүкір", - дейді ол. Оның айтуынша, тойға рұқсат берілгелі Алматы өңірінен тапсырыс көп, Қарағанды және Нұр-Сұлтан да бар екен.

"Тойларда уақыт жағынан өзгеріс бар. Бұрынғыдай түн жарымға дейін тойлау жоқ. Қазір күндіз өтеді көбі. Сосын микс тойлар көп. Мысалы, ұзату, құдалық, сырға салу, бәрі бір күнде, бір уақытта өтеді", - дейді асаба.

Дегенмен Мырзабек Мәди қаладағы мейрамханалар заңды ұстанатынын айтты. Себебі қалада болатын тойларым кейінге қалды, дейді ол. 

Ақтау

Ал ақтаулық асаба Шәкіратбек Сандыбекұлының ойынша, қанша жерден тыйым салынса да, той бәсеңсімейді. Оның айтуынша, той азайғаны рас, бірақ болмады деген сөз емес.

"Шынын айтса, халық бұрынғыдай емес. Дүбірлеген той жасап, от болып жанып тұрған халықты карантин біршама қысып тастады, адамдарда көңіл-күй жоқ. Өлім-жітім де көбейді. Біреудің тумасы, ағайыны, баласы қайтыпты деген жаңалықтардан кейін халық біршама тойдан тыйылды", - дейді ол. 

Асабаның сөзінше, қазір адамдар 500-1000 адамдық мейрамхана іздемейді. "Бұл ысырап екенін түсінді. Ал мейрамханаларды 80-100, әрі кетсе 120 адамға іздейді", - дейді Шәкіратбек Сандыбекұлы.    

Ол Ақтауда кейінгі кездері теңіз жағасында отшашумен неке қиған сәнге айналғанын айтты. Яхтаға мініп қыдырып қайту да бар екен. 

© pexels.com

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтандық асаба Аман Әмірханов та бұйырған тапсырыс түсіп жатыр, алайда әзірше қатты арта қойған жоқ дейді. Оның айтуынша, асабалардың қызмет ақысы да қымбаттамаған, керісінше түсіп кетті десе болады.

"Себебі 50-60 адамдық тойға ешкім 80-150 мың төлегісі келмейді. Ал мейрамхана іздегенде, адам ең алдымен қалтасына, сосын адам санына қарайды деп ойлаймын", - дейді ол.

Аман Әмірханов қазіргі жастардың ойы жүйрік, Интернет дамыған заманда әрбір адам ерекше бір заманауи дүние жасағысы келетінін, бірақ оған қазіргі ахуал мүмкіндік бермей отырғанын да айтты.

"Сонда да табиғат аясында шетелдік стильде өткізу, тортты құлып ретінде жасау, қыздың артынан жасауын алдырмай, ұл жақтан қалың мал сұратпай, той жасамай, жастардың өмір сүруіне көмек ретінде екі жақ қосылып үй алып беру деген сынды неше түрлі идеялар дамып келе жатыр", - дейді асаба. 

© pexels.com

Тараз 

Ал тараздық асаба Сағымбаев Файзулла алдағы күндерге тапсырыс өте қарқынды түсіп жатқанын айтты. Көбі Жамбыл облысынан. Ол да асабалардың бағасы төмендеген, өйткені елдегі жағдайға қарайласу керегін айтады. Қызмет құны 50-80 мың теңге арасы екен.

"Мейрамханалардың да бағасы төмендеген. Карантинде адамдар тек үйдегі беташармен шектелетін. Қазір рұқсат етілгеннен бастап қайта мейрамханаға ауысты", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети