Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қалың мал: салт па, сауда ма?" тақырыбы қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама қонағы Еркеғали есімді 22 жастағы жігіт бос уақытында той жүргізіп, қосымша табыс тауып жүрген соң осы жаздан қалмай үйленгісі келетінін айтады. Жігіттің мамандығы - ветеринарлық санитария. Алайда сүйікті қызы отбасын құру үшін 800 мың тенге керек екенін айтқан.
Қазіргі уақытта жігіт сүйген жарына қол жеткізу үшін бар күшімді салып, ақша жинап қызымның алдына сұраған қалың малын апарамын дейді.
Эфир барысында Еркеғалидің болашақ жары Перизат хабарласып, ата-анасы расында 800 мың тенге әкел деп айтқанын растады.
Қызылорданың тумасы Еркеғалидің болашақ жарының айтуынша, ол қызыл дипломмен бітірейін деп жатқанын әрі медицина маманы қымбат тұратынын айтып, осы жағынан қарастыру керек деп ашығын айтты.
Сонымен қатар, студия қонақтарының арасында қызға әкелген қалың мал жасауына кетеді деген қызу пікірлер де болды.
Одан бөлек, қазақ эстрадасының әншісі, отбасын құрмаған 40 жастағы Бауыржан Нарымбетов мен отбасын құрған жағдайда қыздың алдына қалың мал апармаймын, ол нағыз жанып тұрған сауда емес пе деп ашуланды.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Оқи отырыңыз:
Қалың мал - құнығу, ал қыз алып қашу - қылмыс па?
Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер
"Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе". Қазақ тойындағы трендтер
Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді
Дегенмен қалың малдың мөлшерін белгілеп, оны талап ету ұят емес пе? Алып келген қалың малына разы болып, екі жастың бақытты болуына лебізін білдіріп аман есен үйден шығарып салу керек қой.
Атауына қарағанда,мал саудасына ұқсайды...
қою керек қалың мал дегенді ұлтымыз көбейсін десеңдер...шашылып той жасауды тиым салу керек заңмен... несиеге қалың мал беріп той жасап содан ажырасу көп... аздап ырымдап беретіндей жасау керек...
10 жылдан Кейн тагыда бересин 800000тенге , оны алып кетиндерши деп )))
Қалыңмал баз баяғыдан кележатқан аталарымыздан қалған салт. Ол қаражаттың бір тиінін да қыздың әке шешесі қалтасына салып алмайды, қайта еселеп қыздың тірлігіне жасауына жаратып жігіттің үйіне апарады. Қалыңмал деп қиналады жігіттер жағы, бірақ ойланып көріңіздерші қызды ұзату оңай емес. Себебі үлкен отауға не керек болса жас отауға да сол керек. Ыдыс аяқ, көрпе төсек, біреңсараң теxника мен киімі, кілем, жиһаз дегендей. Сондықтан қалыңмал керек. Қайта 800мың деп оңай құтылып жатыр бұл жігіт.
енды дастургой бырак озыне кайтадыгой екы уш есе болып
Кім оңтүстік,кім солтүстік пен шығыс екені білініп ақ тұр...
300мың қалың мал бергенбіз, үш есесін білмеймін, екі есе точно қайтты жасауы болып