ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 августа 2018 | 09:59

Үйлену тойын шетелде жасау: Бағалар, кеңестер және жеке тәжірибе

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар арасында "үйлену тойымды шетелде жасағым келеді" деген сөздерді жиі естиміз. Қалыңдықтың асыл көйлегі, айнала құлпырған раушан гүл, шуақты күн мен теңіз шуы, жағымды ән мен әсем көрініс, мұның бәрі - ертегі емес, шындыққа жанасады. Үйлену тойын қалаған еліңізде ұйымдастыруға болады. Алайда салтанаттың қайда, қалай және қандай ерекшелігімен өткізуден кеңес бере алатын осы саладағы мамандар бар. Осыған байланысты еліміздің белгілі турагенттіктерінің бірінің сату жөніндегі басшысы Балжан Біләлова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар көбіне той үшін қай елдерді таңдайтынын және қалай жасайтынын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Жастар арасында "үйлену тойымды шетелде жасағым келеді" деген сөздерді жиі естиміз. Қалыңдықтың асыл көйлегі, айнала құлпырған раушан гүл, шуақты күн мен теңіз шуы, жағымды ән мен әсем көрініс, мұның бәрі - ертегі емес, шындыққа жанасады. Үйлену тойын қалаған еліңізде ұйымдастыруға болады. Алайда салтанаттың қайда, қалай және қандай ерекшелігімен өткізуден кеңес бере алатын осы саладағы мамандар бар. Осыған байланысты еліміздің белгілі турагенттіктерінің бірінің сату жөніндегі басшысы Балжан Біләлова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар көбіне той үшін қай елдерді таңдайтынын және қалай жасайтынын айтып берді.

Қазақстандықтар тойды қай елдерде жиі жасайды?

Балжан Біләлованың айтуынша, шет елдегі той көбіне еліміздегідей жүздеген адамға жасалмайды. Қазақстандықтар салтанатты рәсімге көбіне Түркия, Таиланд, Индонезия және Еуропаның кейбір қалаларын таңдайды екен.


© TRUErizm

"Тәжірибемізге сүйенсек, қазақстандықтар үйлену тойын 15-тен 150 адамға дейін жасайды. Қонақ саны жұптың қаражатына байланысты. Әдетте рәсім түрлі қонақүйде ұйымдастырылады, ball room жалға алынып, швед дастарханын жаяды", - дейді ол.

Қанша қаражат қажет?

Кімге болса да тойға кететін қаражат маңызды. Шет елдегі той отанда жасалған тойдан арзан шығады деген де ой қалыптасқын. Алайда маман қаражат өткізілетін орын, шақырылған қонақ пен жас жұбайдың ұйымдастырғысы келген қызықтары мен басқа да қалауларына байланысты дейді. Мысалы Доминикан елінде өкізілген үйлену тойына Қазақстаннан барған жас жұбайлар 12 мың АҚШ долларын жұмсапты.


© YouTube

"Доминиканда мини-той өткіздік. Қонақтар болмады, жұбайлар арасында ғана ұйымдастырдық. Олар бес жұлдызды қонақүйде тұрды, шаштараз, визажист қызметі мен көлік жалдадық. Салтанатты рәсім шіркеуде өтті. Ал кешке яхта жалға алдық, сонымен қатар, романтикалық кешкі ас пен отшашу болды. Барлық шығын, ұшып келуімен қосқанда, 12 мың доллар болды", - дейді Балжан Біләлова.

Шетелде үйленген қазақстандықтардың тәжірибесі

31 жастағы қазақстандық Элина Смирнова өміріндегі ең маңызды күндердің бірін Мальдив аралында өткізген. Той тек екі жастың ата-анасы мен жақын туыстары арасында болыпты. Оның айтуынша, Қазақстанда жүргенде алдын-ала қонақүй қарастырып, сол жақпен байланысып, бағасы жағынан келісіпті.

"Некемізді Алматыдағы орталық неке сарайында қидық. Кейін мейраханада отбасымызбен кешкі ас іштік. 3-4 күннен кейін Мальдив аралдарына ұшып кеттік. "Бунгало" қонақүйіне тоқтап, бірнеше күн аралды аралып, танып, үйренісуге, демалуға уақыт бөлдік. Ал тойды алты күннен кейін жасадық. Некелесу рәсімі шамамен бір сағат қана болса да, керемет өтті. Жалпы онға жуық адам болдық, ата-анамыз және әпкем отбасымен және отыз шақты жергілікті тұрғын болды", - дейді ол.

"Тойды елде жасамағанымыз үшін туысқандар ренжімеді"

Бұл Элинаның сөзі. "Өзім орыс ұлтынанмын, күйеуім қазақ-орыс аралас. Жолдасым тойды ұйымдастыруға араласпаймын дегеннен кейін, түрлі нұсқаны қарастыра бастадым. Шешімге келгеннен кейін отбасымыз да шетелге шығуды қолдады. Туысқандар да қарсылық танытпады. Олар өзі де көп емес", - дейді ол.

Элина макияж бен суретке түсіруге ақша жұмсамапты. Ал тойы жалауда өткен, ал кешке шам жарығында ас ішіпті.

"Салтанатты шарадан бұрын шаштаразға барып шаш үлгісін жасаттым, ал макияжды әпкем жасап берді, себебі ол кәсіби визажист, ал оның күйеуі фотограф. Былайша айтқанда бұл жағынан қатты шығындалмадық. Қонақүйде болғанымызда алдымен гүлмен безендірген Golf автокөлігі бізді алып кетіп, жағалауға апарды. Айнала әсем саябақ, гүлмен безендірілген аркалар болды. Рәсім толығымен ағылшын тілінде өтті. Сақина алмасып болғаннан кейін көңіл көтеру басталды. Әдемі, ақ түсте киінген жергілікті тұрғындар ән салып, би басталды. Ал кейін пирске барып жергілікті тұрғындармен суретке түстік. Оның жалғасы қайықпен қыдыру болды. Мальдив аралдарының ұлттық аспаптары ойналып, ән айтып, көңіл көтердік. Ал кешке аралға оралғанымызда шам жарығында жағада ас дайын тұр екен. Тағамдары өте дәмді болды, лобстер және басқа да түрлі тамақтар", - дейді келіншек.

Осыдан кейін жас жұбайлар елсіз аралға барып, сонда күні бойы қыдырыпты. Барлық жағдайын ұйымдастырушылар жасап беріпті.


© tropic.photo

Ерлі-зайыпты Мальдив аралдарын таңдағанына еш өкінбейді. Аз адам болса да ұмытылмас әсер алып, демалып қайттық дейді Элина. Оның айтуынша, ақша жағынан да қазақстандық тоймен пара-пар шыққан.

"Мальдивте адамдар ашық көңіл, сыпайы және өз деңгейінде қызмет көрсете алады. Дәл осы жерді таңдағанымызға еш өкінбейміз. Он күннен кейін ата-анамыз отанға қайтты, ал біз 18 күн "Бунгалода" су үстінде тұрдық. Қазақстанда той жасамасақ та, есесіне күшті, ұмытылмас әсер алып, жақсы демалып қайттық. Ақшасы да Қазақстанда жасалатын үйлену тоймыен пара-пар шықты. Біз шамамен 15 мың доллар жұмсадық. Бірақ той 2012 жылы болғандықтан, қазір қымбатырақ шығатын шығар", - дейді кейіпкеріміз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети