ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 мая 2021 | 15:00

"Вакцина қайнатып жатырмыз". Қазақстандықтар екпе туралы қалай әзілдеп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру биыл 1 ақпанда басталды. 17 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде 1,8 миллионнан аса адам екпе салдырған. Алайда әлі күнге дейін вакцинаға байланысты түрлі әңгіме тарап жатыр. Оның ішінде, екпеге қатысты әзілдер де бар. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты тараған әзілдерді жинады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру биыл 1 ақпанда басталды. 17 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде 1,8 миллионнан аса адам екпе салдырған. Алайда әлі күнге дейін вакцинаға байланысты түрлі әңгіме тарап жатыр. Оның ішінде, екпеге қатысты әзілдер де бар. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты тараған әзілдерді жинады.  

Бұл "вакцина жасатудан қашып бара жатқан адам" туралы видео. Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін хабарлаған болатын.  

Вайнер Мейіржан Төребаев вакцинаны дер кезінде салдырмаған адамның машақаты туралы видео түсірген. Бастапқыда ол вайнда ресейлік вакцинаға, артынша қытайлық, соңында қазақстандық вакцинаға сенбейтінін айтқан.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turebayev Meirzhan (@meirzhach_tv)

Ал "Күлкі базар" YouTube-арнасының әртістері вакцинаны салдырғанын камераға бастан аяқ түсірген әкімдер туралы видео түсірген. 

Коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезеңдерде желіде вакцина арқылы адамдарды жаппай чиптеу басталады деген ақпараттар тарап кеткен болатын. Артынша Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты жаппай чиптеуді қолға алмақ деген айыптар тағылды. 

Соған байланысты қазақстандықтар: "Маған салынатын вакцина чиппен болғанын қалаймын. Мені Билл Гейтс басқару керек. Себебі мен өзімді алып жүре алмаймын" деген әзіл жазба таратып жатыр. 

Бұл вакцина салдыруға келгендегі адамдар туралы вайн. Бірі енесін қытайлық вакцинаны салдыруды сұраса, енді бірі вакцинадан қорқатынын айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дария (Муся❤️) (@dariya_musya)

 Ал бұл 5G-ге қатысты кезекті әзіл. 

"Prfizer вакцинасын салдырғандар 5G мұнарасына келіп, бес минуттай тұрып, коронавирустың жаңа штамына қарсы жаңаруды жүктеп алсын" делінген суретте. 

Әлдекімдер коронавирус пандемиясын "кәсіпке" айналдырған. 

"Сәлем, Айдар, қалайсың? Кәсіп қалай жүріп жатыр? Мака әлі де тігіп жүрсіңдер ме?

Маска бұрынғы әңгіме ғой. Қазір вакцина қайнатып жатырмыз", - делінген диалогта.

Ал кейбіреулер вакцинаны "тиімді қолданудың жолын" тапқан.

"1. Төлем картасын қолғаптың ішіне салыңыз. 2. Қолыңызбен төлеңіз. 3. Кезекте тұрған адамдарға қарай "Екпе салдырғаным дұрыс болыпты" деп айғайлаңыз". 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer