ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 августа 2018 | 12:22

"Алдым да арықтай салдым". Артық салмақтан модельге дейінгі өмір

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/_alya_lyalya_ © instagram.com/_alya_lyalya_

Талдықорған қаласының 27 жастағы тумасы Әлия Азамат артық салмақтан арылуда қиналған. Жылдар бойы ұстаған диетасының көмегі де шамалы екен. Нәтижесінде күйзеліске ұшырап, өзін жек көрген кездері де болыпты. Алайда Әлия қазір бар кедергісін жеңіп, сымбатты қалпына келген. Оның үстіне, моделдік салаға бет бұрыпты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жетістікке жету құпиясын айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорған қаласының 27 жастағы тумасы Әлия Азамат артық салмақтан арылуда қиналған. Жылдар бойы ұстаған диетасының көмегі де шамалы екен. Нәтижесінде күйзеліске ұшырап, өзін жек көрген кездері де болыпты. Алайда Әлия қазір бар кедергісін жеңіп, сымбатты қалпына келген. Оның үстіне, моделдік салаға бет бұрыпты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жетістікке жету құпиясын айтып берді.

Әлияның айтуынша, мотивация мен ерік күшің болса денені қалыпқа оңай келтіруге болады. Ал ойды қалыпқа келтіру қиынырақ, себебі оған табандылық пен үлкен еңбек қажет, білімсіздік пен надандықты жеңе білуің керек. Ал жанды қалпына келтіру одан да қиын, оған риясыз Құдайға сену мен таза ниет қажет. Үшеуінің біреуі ақсап тұрса, өспейсің де, қанағаттанбайсың да. Бұл өмірін түбегейлі өзгерткен Әлияның сөзі.

Қазір Әлияның бойы 173 сантиметр, салмағы 57-60 келі аралығында. Ол өз-өзін қабылдап, жақсы көру үшін және бақытты болуы үшін көп уақыт жұмсаған. Алайда артық салмақтан өзін кез келген кейпінде жақсы көре алғанда ғана тез арылған.

"Өзіңді жеңу дейсіз бе? Жоқ, мен жеңбедім, керісінше достастым. 16-дан 22 жасқа дейін артық салмақпен алысып бақтым. Тамақтану тәртібімді де өзерттім, спортпен де айналыстым. Үнемі өзіме қарсы тұрып, күресумен болдым. Бірінші курс бітіргеннен кейін жағдай қиындап кеткенде, мен бұлай жалғаса алмайтынын түсіндім. 75 келі тартатынмын. Нәтижесінде өзгере бастадым. Ең алдымен ой дұрыс болуы керек. Бұл - ақылдың тазалығы. Барлық нәрседен позитив тауып, өзіңе, әлемге жымия қарауға тырысу керек екен. Кішкентай жетістіктерге қуана білсең, барлығы өзгереді. Бұл мен үшін ілгерілеу еді. Себебі ол кезде мен өзімді жек көретінмін, жалпы айтқанда күйзелісте едім", - дейді Әлия.

Әлия бала кезінен талапты, белсенді болыпты. Скрипка класы бойынша мектеп бітірген. Дебатқа қызығып, теннис, биге де қатысқан. Шанхайда Фудан университетін тәмамдапты, ол Қытайдың үздік университеттерінің үштігіне кіреді. Әлияның айтуынша, онда түсу сол кезгі арманы еді. Бір жыл ішінде қытайша үйреніп, қытай тілінің филологы мамандығына түсіпті. Ал кейін жоғары білімі бойынша біраз уақыт қана жұмыс істеп, шығармашылыққа бет бұрыпты. 

"Үш жыл мамандығым бойынша жұмыс істедім, оның ішінде екі жыл қытайлық логистикалық компанияларда және бір жыл халықаралық аудиторлық компанияда. Содан кейін өмірімде бір нәрсені өзгерткім келетінін түсіндім. Шығармашылыққа бет бұрдым. Қазір мен мэйк-ап артист, шаш стилисі және модельмін. Біреулер сән саласынан 25 жастан кейін кететін болса, мен осы жастан бастап келіп жатырмын", - дейді ол. 

Сымбаттылыққа жету жолында ойдың ғана тәртібі емес, жалпы жұртқа белгілі қалыптасқан ережелерсіз де алға жылжи алмайсың. Бұл - дұрыс тамақтану мен спорт. Әлияның айтуынша, ол вегетариан да болып көріпті.

"Санаң позитив ойлай бастағаннан кейінгі екіншісі - дұрыс тамақтану. Қуырылған, майлы және ұн өнімдерін жеуге болмайды. Жеміс, көкөністерді көп қабылдаған абзал. Ал ең бастысы - су. Мен әрдайым өзіммен бір жарым литр су алып жүремін. Вегатериан да болғанмын. Үш жыл бойы қызыл ет, сүт тағамдары мен тауық етін тұтынбадым. Салдарынан тыңғылықты зерттемеуден қан құрамындағы гемоглобин мөлшері нормадан түсіп кетті. Ал қазір бұл тәжірибемді ақырындап қайта қалпына келтіріп жатырмын", - деген ол үшінші қажеті спорт екенін атады.

"Үшінші қажеттісі - спорт. Өмір қозғалыстан тұрады. Көп жаяу жүремін, велосипед айдаймын. Қытайда шығыс биінен сабақ бердім. Шетелдік студенттермен түрлі спорттық жарыстарға да қатысатынмын. Ал қазір аптасына үш рет жаттығу залында арнайы жаттықтырушымен дайындаламын. Дұрыс тамақтануға тырысамын, тамақты аз-аздан бірақ жиі жеп тұрамын. Өмірге дұрыс көзқараспен қарап, не болса да жақсы қабылдауға тырысамын. Былай қарап тұрсаң, түрлі топта жазылып тұрған қарапайым ереже, ең бастысы қағидат - мұның бәрін жай ғана орындау", - деп күлді Алия.

Әлияның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 12 мыңнана аса оқырманы бар. Оның өмір танымы қыз-келіншектерге үлгі боларлықтай. Себебі оның өзі туралы мотивациялық жазбалары оқырмандарына шабыт береді. 

"Қыздар әлеуметтік желілерде көп жазады. Оларға үлгі екенімді, мен сияқты болғысы келетіндерін айтып қуантады. Бұрынғы және қазіргі суреттерін жіберіп, жетістігін бөліседі. Артық салмақтан арылғандар ғана емес, келбетіндегі өзгерістерін де жіберіп жатады. Мысалы, бірі менікіндей қысқа шаш қойса, екіншісі қасын қалыңдатқын. Мен үшін мұндай кері байланыс алу қуаныш", - дейді модель. 


Суреттер Әлия Азаматтың Instagram желісінен алынды

Ол Instagram-дағы бір жазбасында былай депті: 

"Менің қалай арықтағанымды сұрап әлі күнге дейін жазады. Білмеймін. Алдым да арықтай салдым. Бұл кез келген адамның қолынан келеді. Нәтижеге бірі ерте, ал екіншісі кеш жетуі мүмкін. Менің ерекше жаттығуым, диета мен түрлі "сиқырлы" құпияларым жоқ. Мен тек қатты өзгергім келді және ең оңайы - тән. Біз оны басқара аламыз, ал ол сізді тыңдайды. Тәнмен байаныс айқын, ол тез жауап қайтарады. Оны тыңдаңыз, бақылап, сезініңіз. Тәніңізді түсінуге тырысыңыз. Осы байланысты орнатып, кедергілерді жойыңыз. Жаныңызды да ұмытып кетпеңіз, себебі ол көңілге одан да көп мұқтаж". 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer