ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 декабря 2020 | 14:55

"Енді сезіндім". Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" тәжін киді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жұлдыз Абдукаримова Жұлдыз Абдукаримова

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" конкурсының тәжін киіп, лентасын тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" конкурсының тәжін киіп, лентасын тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада  Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" конкурсының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

"Қасымдағы қыздардың бәрі осы уақытқа дейін қандай сезімдесің деп сұрап жатыр. Шыны керек, мен осы уақытқа дейін толқып жүрдім. Сезінбедім. Басымда ол кезде тәж болмады (...) Жалпы "Әлем ханымы" деген атақ алғандарды сахнада көріп жатамыз. Ресми түрде табыстағанын енді сезіндім", - деді Жұлдыз Абдукаримова.

Халықаралық конкурстың тәжін Жұлдызға журналист, аталған байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан табыстады және ол тәжді конкурс нәтижесі шықпай тұрып, бір күн бұрын Болгариядан ұйымдастырушылар жібергенін айтты.

"Тәж бен лентаны ұйымдастырушылар дауыс беру аяқталмай тұрып, бір күн бұрын жіберді. Себебі олар Жұлдыздың 25 мың дауысқа алда келе жатқанын көрді және ешкім оны қуып жете алмайтынын білді. Сондықтан экспресс-поштамен жіберді", - деді Арай Әлімхан.

Сонымен қатар, Арай Әлімхан Жұлдызбен қатар тағы Қазақстаннан бес адамның анкетасын конкурс ұйымдастырушыларына жібергенін атап өтті. Ол жақтағы қазылар іріктеу кезінде Жұлдызды таңдапты. Журналистер олардың кім екенін сұрады.

"Айта алмайды екенмін. Өйткені олар конкурстан өткен жоқ. Менің ойымша, олар ренжіп қалуы мүмкін. Арасында шоу-бизнес өкілдері деп айтпай-ақ қояйын, бір актриса бар, бір мұғалім болды. Екі келіншек үйде отырады екен. Үйде дегенде баламен декретте отыр екен", - деді ол. 

Арай Әлімхан келесі жылы аталған конкурс Қазақстанда өтуі мүмкін екенін атап өтті. Егер конкурс Қазақстанда өтіп жатса, Жұлдыз тәжді 2021 жылдың жеңімпазына табыстай алады. Енді тек бұл конкурсты өткізу үшін еліміздегі мемлекеттік органдар - Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауы мен қаржылай көмектесетін, демеушілер керегін айтты.

"Біріншіден, Жұлдыздың жеңісінің арқасында (елімізде өткізу - ред.). Екіншіден, ұйымдастырушылармен өте тығыз байланыста болғандықтан. Олар менің соншалық жүгіріп жүргенімді байқады. Мен оларға осындай мүмкіндік берсеңіздер деп. Жұлдыз биыл онлайн қатысып отыр. Қаржылай көмек алмайды ғой. Содан кейін мүмкін Қазақстан осындай мүмкіндік алар деп ұсыныс жасадым. Олар екі аптадай ойланып, рұқсатын берді. Оған дейін олар Қытайда, Болгарияда, Еуропада, ОАР т.б. мемлекеттерде өткізген. Қазақстанды ешқашан қарастырмаған екен. Біз үшін бұл - үлкен мүмкіндік. 90-нан аса елден қанша қатысушы келеді, туристер келеді", - деді Арай Әлімхан. 

Сонымен қатар, Жұлдыз Абдукаримованың айтуынша, күйеуі Қайрат Нұртас конкурсқа қатысуын бірден қолдаған және ата-аналарының жеңісін мақтан тұтатынын айтты.

"Қайраттың үлесі көп. Себебі ең алдымен ең бастысы оның қолдауы болды. Одан кейін әрине, бір шарты бар ғой балалы болу, осы жерде де Қайраттың үлесі жоғары деп ойлаймын. Сондықтан үлкен рақмет айтамын.  Менің екі жақтағы анам жақсы қабылдады. Өздеріңіз  Әрине, екі ата-анам да қолдады. Мен бала күнімнен сұлулық байқауына қатысқым келетін. Оны әкем біледі. Ол жеңісім үшін қатты қуанды. Оның қуанышы - мен үшін мақтаныш", - деді актриса.

Содан кейін Жұлдыз алдағы жоспарымен де бөлісті және саясаткер болмайтынын атап өтті.

"Саясатқа араласамын деп айта алмаспын. Бірақ қоғамның белсенді мүшесі болуға қарсы емеспін. Себебі қазірдің өзінде де әйел адамға неше түрлі зорлық-зомбылық көрсетіп жатады. Және қаншама әйел, көпбалалы ана көбінесе бала босанғаннан кейін бала қарауында, декретте үйде отырып қалады. Жұмыссыз қалады. Сол әйелдерге қолдау көрсетсе... Үйде отырып, ақша тапса да, ол да бір көмек деп ойлаймын. Сондықтан қоғам белсендісі болуға қарсы емеспін", - деді ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Конкурс нәтижесі шыққаннан кейін қазақстандықтар бұл қай конкурс екенін сұрап, күмән келтіргендер де болған. Ал "Әлем ханымы" конкурсының Қазақстандағы ресми өкілі, журналист Арай Әлімхан бұған қатысты пікір білдіріп, сайыстың ресми өкілі екенін айтты. Сондай-ақ Жұлдыз Абдукаримова оны қолдаған қарапайым халық екенін және "ресми ақпаратқа сену керегін" атап өтті.

"Басқа қаражат деп ел аузында жүрген қауесеттер болып жатса, мен айтар едім, дауыс берген қарапайым халық өзі біледі. Дауыс күнде беріп жүрген қаншама жан бар. Оның ақылы емес екенін бәрі біледі. Сондықтан оны әркімнің өз санасына қалдырсам (...) Сізге міне дауыс бердім, тіпті Ресейде тұратын қазақстандықтар, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым дауыс бергені туралы пікір қалдырып жатты. Олар – енді қарапайым халық, оқырман, соларға сенетін шығар деп ойлаймын. Ол кісілердің бәрі тегін дауыс берді. Егер де сөйтіп айтып жатқан адамдар қарапайым халықтың еңбегін жоққа шығарып жатыр деп ойлаймын. Бұл жерде алдымен Алланың қалауы, халықтың қолдауы, бір-бірін қолдап, бір-біріне сенсе деймін", - деді ол.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" титулын жеңіп алғаны белгілі болды. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша Жұлдыз Абдукаримова бірінші орынға ие болды.

Қайрат Нұртастың әйелінің Instagram желісіндегі парақшасында 2,3 миллионнан аса қолданушысы бар. Қайрат екеуі екі ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр. Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардан қолдау көрсетуін сұраған еді.

2019 жылы бұл конкурсқа Арай Әлімхан қатысқан. Ол 96 үміткердің ішінен 13-орын алған болатын.

Ал биыл сұлулық байқауында тағы бір қазақстандық - 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова да бақ сынады. Ол ұйымдастырушыларға өзі хабарласып, өтінім жіберіп, Орта Азия атынан қатысты. 

"Әлем ханымы" - бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыс құрған ханымдарға арналған жыл сайынғы сұлулық байқауы ретінде ұйымдастырылған. "Әлем ханымы" байқауы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, ол алғаш рет Болгарияда өтті. Оған әлемнің кез келген елінен үйленген, ажырасқан немесе жесір қалған 18-55 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Биыл пандемияға байланысты конкурс онлайн форматта өтті, бірақ ұйымдастырушылар келесі жылы конкурсқа қатысушылардың өз жобаларын таныстыру үшін келуге мүмкіндігі болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer