ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 апреля 2020 | 12:21

"2 метр алшақ тұрған". Израиль халқы ерекше митингіге шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлемде коронавирус індеті тарап, адамдар үйде оқшауланып отырғанымен, кей елде митинг болып жатыр. Бірақ митингіге шыққандар коронавирустан сақтық шарасын ұмытпаған. Мысалы, Израильде шеруге шыққандар бір-бірінен алшақ тұрса, ресейліктер митингіні онлайн түрінде жасаған. Tengrinews.kz тілшісі пандемия кезінде митингіге шыққандар туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде коронавирус індеті тарап, адамдар үйде оқшауланып отырғанымен, кей елде митинг болып жатыр. Бірақ митингіге шыққандар коронавирустан сақтық шарасын ұмытпаған. Мысалы, Израильде шеруге шыққандар бір-бірінен алшақ тұрса, ресейліктер митингіні онлайн түрінде жасаған. Tengrinews.kz тілшісі пандемия кезінде митингіге шыққандар туралы баяндайды.

АҚШ-та жұмыссыздық өршіп келеді 

18 сәуірде АҚШ астанасы Вашингтонда Капитолия ғимаратының алдында 2,5 мың адам карантинге қарсы митингіге шықты. Тұрғындар ошлаулану режимін жеңілдетуді талап еткен, себебі халық карантинге байланысты жұмыссыз қалған.

Митингіге шыққандар губернатор Джей Инслидің карантиндік шектеулер туралы жарлығына наразылық білдірген. Инсли өз жарлығы арқылы халыққа жұмыстан шығып, бизнесін жауып, "үйде отыруды" талап еткен болатын.

Қатысушылар астанаға көлігімен басқа штаттардан да келген. Олар орталық көшедегі парламент ғимаратының алдын жауып тастаған.


© Reuters 

Вашингтон полициясының ресми өкілі Крис Лофтистің айтуынша, наразылық білдіргендер митинг біткен соң да елорда аумағында қалып қойған. Құқық қорғаушылар митингіде ешқандай әрекет етпеген.

Fox News мәліметі бойынша, митинг Вашингтонда ғана емес, Кентукки, Мэриленд, Мичиган, Огайо, Техас және Висконсинде де өткен. Кей штаттың губернаторлары қозғалысқа шектеуті алып тастаса да, акция жалғаса берген.

Қатысушылар жұмыс қажет екенін айтып, наразылық білдірген. Митингіге шыққандар арасында АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары да болған. Олар "Американы қайта ұлы қыл!" деген жазбамен шыққан.

Мичиган штатында акцияға шыққандар сәуірдің аяғына дейін үйде отыруды бұйырған мэр Гретхен Уитмердің отставкаға кетуін талап еткен. Сол үшін олар "Бейбіт құлдыққа қарағанда қауіпті бостандық жақсы" деп ұрандаған. Митингіге шыққандардың басым бөлігі медициналық маска тағуды ұмытпаған.

Әр аймақта наразылық ұзақ уақыт бойы аяқталмады. Себебі елде қазір жұмыссыздық проблемасы әлі өршіп тұр. Соңғы бір айдың өзінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға 22 миллион адам өтініш берген.

Дональд Трамп болса, митингіге шыққандарды "тамаша адамдар" деп атады.

"Бұл адамдарды көрдім. Сұхбаттарын оқыдым. Бұл - тамаша адамдар. Олар өз өмірінен айырылды. Олар елімізді жақсы көреді, жұмысқа оралуды қалайды", - деді Трамп.

Израильде митингіге шыққандар 2 метр қашықта тұрған

19 сәуірде кешкілік Израильдің Тель-Авив қаласында тұрғындар үкіметке қарсы митингіге шыққан. Рабин алаңында бес мыңға жуық адам жиналған. The Times of Israel мәліметінше, наразылыққа шыққандар митинг кезінде де әлеуметтік қашықтықты ұстанған.

Израильде коронавирус кезінде митингіге шығуға тыйым салынбаған. Бірақ Израиль денсаулық сақтау министрлігінің ережесі бойынша, эпидемия кезіндегі бұқаралық іс-шараның бәрінде қатысушылар бір-бірінен кем дегенде екі метрге алшақ тұруы керек. Сондықтан таяуда үкіметке қарсы наразылығын білдіруге шыққандар бір-бірінен сондай қашықтықты сақтап тұрды.


© EPA-EFE/ABIR SULTAN

Наразылық шарасын "Қара байрақтар" қозғалысы ұйымдастырған. Жиналғандар премьер-министр, "Ликуд" партиясының басшысы Биньямин Нетаньяху мен оның саяси қарсыласы, Кнессет басшысы, "Кахол Лаван" партиясының жетекшісі Бени Ганц жүргізген коалициялық келіссөздерді тоқтатуды талап етті. Митингіге шыққандар бұл саясаткерлерді Израиль демократиясын бұзушылар деп атады.


Фото mayak.org сайтынан 

Сонымен қатар, халық премьер-министрді коронавируспен күресті сылтауратып, жемқорлық үшін қылмыстық жауаптан қашты деп сынаған.

Ресейліктер онлайн-митингіге шықты

Ал кеше Ресейдің бірнеше қаласында оқшаулануға қарсы наразылық шарасы өтті. Ресейлік митингіні онлайн түрінде жасады. "Яндекс.Карта" және "Яндекс.Навигатор" сервистерінің қолданушылары оқшаулану режиміне қарсы жаппай пікір қалдырған.

Виртуал митинг Дондағы Ростовта басталған. Бұл қаланың тұрғындары сервисте облыс үкіметінің ғимаратының маңында пікір қалдырып, коронавирусқа байланысты карантин жариялауды не шектеулерді алып тастауды талап еткен.

"Халыққа жәрдемақы беріңдер! Жұмыссыз қалғандар қалай күн көреді?", "Балаларымды аштан қалдырмаңдар", "Тамақ жегіміз келеді! Жұмыс жоқ!", - деп жазды олар.


Фото Twitter желісінен 

Бірақ пікірлер көп ұзамай өшірілген. "Яндекс.Навигатора" өкілінің айтуынша, пікірлердің жолға қатысы жоқ және кейбірі былапыт сөздер болған соң, олар өшірілген.

Ростовтықтардың наразылық шарасы мұнымен бітпеді, олар кейін қаланың басқа да орындары маңында пікір қалдыра бастады: "ТЖ режимін енгізіңдер немесе Конституцияны өз пайдаларыңа өзгерте бермеңдер", "Ел кедей, халыққа көмектесетін уақыт жеткен шығар".

Дондағы Ростов тұрғындарының бастамасын Самара, Нижний Новгород, Красноярск, Краснодар, Белград және басқа да қалалар жалғастырып кетті.

Мәскеу мен Санкт-Петербург тұрғындары да онлайн-митингіге қатысты. Мәскеудегілер акцияны Қызыл алаңда, кейін Тверь көшесінде жалғастырған. Ал Петербургте "митингіге шыққандар" Дворцовая алаңында жиналған.

Енді 28 сәуірде "Нет!" кампаниясының ұйымдастырушылары коронавирусқа байланысты қолданылған шараларға қарсы онлайн-митинг өткізбек. Бұл жолы олар наразылық шарасын YouTube хостингінде ұйымдастырмақ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer