КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
06 апреля 2020 | 17:33

"300-ден аса жұп ажырасуға арыз жазған". Карантин халыққа қалай әсер етті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы экологияға, қылмыс дерегіне, тіпті, тұрмыстық өмірге де әсерін тигізген. Мысалы, карантин жарияланғаннан бері әлемде ажырасу дерегі артқан. Ал қылмыс саны азайған екен. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың адам өміріне қалай ықпал еткенін баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы экологияға, қылмыс дерегіне, тіпті, тұрмыстық өмірге де әсерін тигізген. Мысалы, карантин жарияланғаннан бері әлемде ажырасу дерегі артқан. Ал қылмыс саны азайған екен. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың адам өміріне қалай ықпал еткенін баяндайды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық екі есе көбейді

Коронавирус індетінің тарауына байланысты әлемде көптеген ел халыққа үйінен шықпай, оқшаулануды тапсырған. Осы тұста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген екен. Мұндай мәлімдемені БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жасады.

Ол әр ел үкіметін жаппай оқшаулану кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге шақырды.

"Соңғы апталарда экономикалық және әлеуметтік қысымдар мен қорқыныш күшейген сайын, біз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жаһандық өршуіне куә болып отырмыз", - деді Гутерриш.

Оның айтуынша, оқшаулау қажеттілігіне байланысты кейбір әйел қатыгездікке бейім жұбайының уысына түскен.


© Reuters 

БҰҰ бас хатшысы сонымен бірге бірқатар елде қолдау қызметіне жүгінетін әйелдердің саны екі есеге артқанын атап өтті.

Гутерриштің сөзінше, медициналық мекемелер мен полиция қызметкерлеріне жұмыс көп жүктелген, ал зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау бойынша жергілікті топтарға ресурс жетіспейді екен.

Қытайда ажырасу дерегі артқан

Әлемде коронавирусқа байланысты әр отбасыға үйде оқшаулаулануды тапсырған алғашқы елдердің бірі Қытай болатын. Жылдың басында Қытайдың көп қаласы карантинге жабылып, отбасылар үйде "қамалған". Енді қалалар ашылып, АХАТ қайта жұмыс істей бастағанда елде ажырасуға арыз көптеп түскен.

Мысалы, Дачжоу қаласында 24 ақпаннан бері үш аптаның ішінде 300-ден аса жұп ажырасуға арыз жазған. Мұндай мәлімдемені АХАТ қызметкері Лу Шицзюнь жасады. Оның айтуынша, карантин кезінде отбасының бірге көп уақыт өткізуі ажырасуға алып келген.


© pixabay.com 

"Жас отбасыларға үйде көп уақыт өткізуге тура келеді. Олар ұсақ-түйекке жиі ұрсысып, ажырасуға ұмтылады", - деді Лу.

Кей қалада ажырасуға өтініш көп түсетіндіктер, бір күнде қабылдау лимитін тағайындаған. Мысалы, Сиань қаласындағы АХАТ бөлімдерінің біреуіне күніне 14 ажырасуға өтініш келіп түсіп жатыр екен. Фучжоу қаласында күніне он шақты отбасы ажырасуға арыз жазады.

Пол Маккартни, Мадонна секілді жұлдыздардың ажырасу процесіне қатысқан танымал адвокат Баронесса Шеклтонның айтуынша, 14 күн бойы үйде оқшаулану отбасы үшін қауіпті болуы мүмкін.

"14 күндік оқшаулау - бұл тек демалыс күндері немесе жұмыстан кейін көрісетін отбасылар үшін өте ұзақ уақыт. Ұзақ мерзімді бірге өткізген ерлі-зайыптылардың 30 пайызында жанжалдар саны артып, нәтижесінде ажырасып кетеді", - дейді ол.

Алматыда кептеліс жоқ

Тұрғындардың үйде оқшаулануы қалаларда кептелістің азаюына әкелген. Солардың бірі - Алматыда. 11 наурыздан бері Алматыда көшедегі көліктер саны 80 пайызға азайған. Қаладағы карантинге байланысты кептеліс азайған.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, қаладағы көліктердің саны "5" бағасымен өлшенеді. "5" деген баға жолда мүлде көлік жоқ дегенді білдіреді. Мысалы, әдетте қалада жұмыс күндері жолдағы көліктер санына "0,5" бағасы қойылады екен.


© tengrinews.kz 

Ал карантин уақытында қалада жолаушылар автобусы, полиция, такси, жедел жәрдем көлігін есептегенде, көліктер саны "4,8" деп бағаланған.

Мұндай жағдай кептеліспен күресіп жүрген Мәскеуде де байқалды. Қалалық көлік департаментінің мәліметінше, Мәскеуде карантин енгізілмесе де, жолдағы көліктер саны 11 пайызға төмендеген. Соның арқасында қалада таңғы кептеліс жойылған. Есесіне супермаркеті бар сауда үйлерінің маңында үлкен кептелістер бола бастаған.

Шымкентте бұзақылық 78 пайызға төмендеді

Қалалардың карантинге жабылуы қылмыс санының азаюына да әсер еткен. Мысалы, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Алматыдағы қылмыс саны 40,7 пайызға төмендеген. Дәлірек айтқанда, өзгенің затын ұрлау 56,7 пайызға, кісі тонау 36,8 пайызға, зорлау 33,3 пайызға, бұзақылық 31,25 пайызға азайған.

Мұндай көріністі Шымкентте де байқауға болады. Қалалық прокуратураның мәліметінше, біреудің мүлкін ұрлау дерегі 43 пайызға төмендеген. Жол-көлік оқиғалары да 10 пайызға аз тіркеледі екен. Қоғамдық орындардағы бұзақылық 78 пайызға, бопсалау 80 пайызға азайған.

Мұндай көрсеткіш тек Қазақстанда емес. Бельгияда коронавирусқа байланысты енгізілген шаралардан соң елде қылмың деңгейі төмендеген.

"Қылмыс өте аз жасалып жатыр. Нақты цифрлар жоқ, бірақ шамамен 30 пайызға төмендеді. Қылмыстың азайғанын байқап отырмыз", - деді полициядағыдар.

Бірақ қылмыстың, керісінше, артқан дерегі де бар. Мысалы, Ресейдің Красноярск аймағында тұрмыстық қылмыстар 19 пайызға көбейген.

Европол коронавирус пандемиясына байланысты қылмыстардың саны артқанын мәлімдеді. Агенттіктің мәліметінше, Еуропада коронавирусқа байланысты киберқылмыстар, алаяқтық, ұрлық дерегі артқан.

Экология тазарып келеді

Мамандар коронавирустың экологияға оң әсерін тигізгенін айтады. Себебі пандемияға байланысты әлемде көптеген өнеркәсіп, зауыт жабылған болатын.

Sciencealert.com мәліметі бойынша, парниктік газдар шығындарының әлемдік көшбасшысы саналатын Қытайда карантин басталғаннан бастап екі апта ішінде (өткен жылдармен салыстырғанда) энергияны тұтыну 25 пайызға төмендеген. Бұл өнеркәсіптік өндірістің, электр қуатын тұтынудың және көлікті пайдаланудың төмендеуіне байланысты. Парниктік газдар шығындары Италияда да азайған.

Колумбия университетінің зерттеушілері Нью-Йоркте карантин жарияланғаннан бері қалалық трафик 35 пайызға азайғанын, сондықтан газ әсерінен ауаның ластануы 50 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

Еуропалық ғарыш агенттігі кәрі құрлық үстінде ауаның тазарып келе жатқанын хабарлады. Мысалы, Париж аумағында соңғы 40 жылда қазіргідей таза ауа болмаған.

NASA агенттігі қытайлық Ухан мен Италияның ауасы тазарғанын байқаған.


Қытай аймағы ғарыштан 


Италия аймағы ғарыштан

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer