ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 ноября 2019 | 16:38

39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

39 адамның мәйіті табылған жүк көлігі © REUTERS 39 адамның мәйіті табылған жүк көлігі © REUTERS

Биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды. Оның сегізі - әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Алғашқы деректер бойынша, қаза тапқандардың барлығы Ұлыбританияға заңсыз өтпекші болған қытай азаматтары. Оқиға бойынша 25 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған. Tengrinews.kz тілшісі Ұлыбританиядағы қанды оқиғаға қатысты шетел басылымдарының ақпараттарына шолу жасайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды. Оның сегізі - әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Алғашқы деректер бойынша, қаза тапқандардың барлығы Ұлыбританияға заңсыз өтпекші болған қытай азаматтары. Оқиға бойынша 25 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған. Tengrinews.kz тілшісі Ұлыбританиядағы қанды оқиғаға қатысты шетел басылымдарының ақпараттарына шолу жасайды. 

Мәйіт табылған жүк көлігі қайдан шықты?

Daily Mail мәліметінше, 23 қазанда таңертеңгі уақытта парамедиктер полицияға хабарласқан. Жедел-жәрдем Дартфорд-Кроссинг өнеркәсіптік аймағына келген. Мәйітті алғашқылардың бірі болып парамедиктер тоңазытқыш қондырғысымен жабдықталған Scania жүк көлігінен анықтаған. 

БАҚ мәліметтерінше, көлікте тоңазытқыш қондырғысы қосылып тұрған және іштегі температура -25 градусқа дейін жеткен болуы мүмкін. 


Құрбан болғандарға арналған гүл шоқтары ©REUTERS

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, мәйіттер туралы алғашқы хабар сағат 01:40-та түскен. Көлік  Англияға 19 қазанда Холихед қаласы арқылы келген, яғни іштегі адамдар жүк көлігінде 4 күндей болған. 

Қаза тапқандар жайлы не белгілі?

Қаза тапқандардың бірі - жеткіншек. Қалған 38-і ересек адам. Ұлыбританиялық Daily Mail және METRO сайттары құрбан болуы мүмкін адамдардың фотосуреттерін жариялаған.

Олардың бірі - 26 жастағы Вьетнам тұрғыны Фам Тхи Тра Май. Оның туыстарының айтуынша, Фам Тхи Тра Май Қытайдан Ұлыбританияға өту үшін 30 мың фунт стерлинг төлеген. 


Фам Тхи Тра Май. © dailymail

Жас қыздың өміріне туыстары одан жантүршігерлік хабарлама келгеннен кейін алаңдай бастаған. 

"Кешір анашым, менің шетелге сапарым сәтсіз аяқталды. Мен сені және әкемді қатты жақсы көремін. Маған дем жетпей жатқандықтан өліп барамын", - деп хабарлама жіберген ол ата-анасына. 

Хабарлама жүк көлігі Ұлыбританияға келерден 2 сағат бұрын жіберілген. 


Хабарлама скриншоты © dailymail

Тағы құрбан болуы мүмкін адамның бірі - 20 жастағы Нгуен Динь Луонг. Оның туыстары Нгуен Динь Луонг де жүк көлігінде болуы мүмкін деп қауіптенген. Себебі жақындары оның екі телефонынан да хабарлама алған. 


Нгуен Динь Луонг. © dailymail

Ұлыбританиялық БАҚ мәліметінше, қаза тапқан адамдардың алтауы вьетнамдық болуы мүмкін. Бүгінде бұл ақпаратты Лондондағы Вьетнам елшілігі тексеріп жатыр. 

Бұл - жалғыз оқиға емес

Биылғы қанды оқиға алғашқы жағдай емес. 2000 жылы Кент графствосындағы кеден қызметкерлері қызанаққа толы жүк көлігінің ішінен Қытайдан келе жатқан 54 ер адам мен 4 әйелдің мәйітін тапқан. Олар Бельгиядан Ұлыбританияға бағыт алып келе жатқан жерлерінен желдету тесіктері жабылып қалғандықтан дем ала алмай, көз жұмған. 

Жүк көлігінің жүргізушісі Перри Вакер байқаусызда адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. 

2015 жылы тамызда Австрияда жүк көлігінен 71 адамның мәйіті табылған. Қаза тапқандардың 59-ы ер адам, 8-і әйел адам және төртеуі балалар. Олар Сирия, Ирак және Ауғанстан азаматтары екені анықталған. Қаза тапқандардың өліміне қатысты 4 банданың мүшесі Венгрияда ұсталған. Олардың үшеуі болгарлық және біреуі ауғандық. 2018 жылдың маусымында оларды 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шыққан. 

Ал Ұлыбританиядағы бұл оқиғаға қатысы бар 25 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған. Қазір ол қамауда. Одан бөлек тағы екі адам күдіктілер тізімінде. Олар - 38 жастағы ер адам мен әйел адамы. Уоррингтон тұрғындарына байқаусызда адам өлтірді деп және адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінген. 


Мо Робинсон © facebook.com/mo.robinson.5

Ұлыбританияда адам саудасы өршіп тұрғаны рас па?

РИА Новости сайтының мәліметінше, Ла-Манш арқылы заңсыз келетін мигранттар жайлы ақпарат жиі шығатын көрінеді. Ұлыбританияның Ұлттық қылмыс агенттігінің 2018 жылғы есебі бойынша құлдық құрбандары көбіне британдықтардың өзі екен - 1625 оқиға, екінші орында Албанияния - 947 оқиға болса үшінші орында Вьетнам - 702 оқиға тіркелген. Кейінгі орындарға Қытай, Румыния, Судан, Эритрея, Нигерия және Үндістан жайғасқан. 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құлдыққа қарсы бұрынғы уәкілі Кевин Хайланд адам саудасына қарсы ұлыбританиялық жүйені сәтсіз деп танып, шұғыл реформа жүргізуге шақырған. Ол Эссекстегі оқиғаны естігеннен кейін таңғалғанын жасырмаған және мұндай оқиға әлі де қайталануы мүмкін екенін мәлімдеген. Себебі ол британдық полицияның қызметін нашар деп бағалап, олар қылмыстық істерді әділетсіз қарастыратынын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети