КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА AZERBAIJAN AIRLINES БЛИЗ АКТАУ: ONLINE-ТРАНСЛЯЦИЯ
03 февраля 2021 | 13:08

Ағайынды Навальныйларға қатысты "Ив Роше" ісі: оқиға қалай басталды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алексей Навальный. Фото: Reuters Алексей Навальный. Фото: Reuters

2 ақпанда Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды. Сот үкімі бойынша, "Ив Роше" ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. ️Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді. "Ив Роше" ісі қалай басталды? Биліктің ұстанымы қандай болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2 ақпанда Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды. Сот үкімі бойынша, "Ив Роше" ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. ️Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді. "Ив Роше" ісі қалай басталды? Биліктің ұстанымы қандай болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Оқиға неден басталды?

2012 жылдың 14 желтоқсанында "Ив Роше Восток" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Yves Rocher-дің Ресейдегі бөлімшесі) бас директоры Бруно Лепрудың өтініші негізінде Олег және Алексей Навальныйларға қатысты "алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру" айыптары бойынша іс қозғалған болатын.

Тергеу мәліметі бойынша, 2008 жылдың көктемінде "Олег Навальный "Ив Роше Восток" ЖШҚ өкілдерін "Почта России" федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорыны "Ив Роше Востоктың" сәлемдемелерді жібере алмайтынын және оларды "Главное подписное агентство" ЖШҚ-мен жоғары бағамен көлік қызметтерін жүзеге асыру туралы келісім жасасуға көндірген". "Ив Роше Востокқа" келтірілген залал 26 миллион рубль деп бағаланған. Ал Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, Алексей Навальный жалпы операцияны басқарып, "көлеңкеде қалып" жұмыс істеген.

Алексей және Олег Навальный. Фото: Reuters

Осылайша 2013 жылдың 29 қазанында Алексей және Олег Навальныйға "Ив Роше Восток" ЖШҚ мен "Многопрофильная процессинговая компания" ЖШҚ-ның ақшалай қаражатын алдау арқылы, сондай-ақ ақшалай қаражатты заңдастыру" бойынша айып тағылды.

Сот отырыстары            

2013 жылдың қарашасында Мәскеу қаласының Басман соты ағайынды Навальныйлардың мүлігіне тыйым салды. "Ив Роше" компаниясының уәкілетті өкілі Вадим Алексеевич Кодол 2013 жылдың ақпанында тергеу туралы өтінішінде ағайынды Навальныйлармен жұмыс кезінде тасымалдау келісімшарттарындағы бағалар орташа нарықтық не төмен болғанын атап өтті. Ал "Ив Роше" өкілі Кристиан Мельник келісімшарттарды жасау кезінде қандай да бір залал болмағаны және пайда жоғалмағанын хабарлаған. Сонымен қатар, залал келтірілгені туралы болжамды Бруно Лепру ("Ив Роше Восток" бас директоры) қылмыстық іс және құжаттарды алу аясында компания қызметкерлерінен жауап алғаннан кейін жасаған. Артынша Бруно Лепту сотта жәбірленуші ретінде сөз сөйлеуден бас тартып, "Ив Роше Восток" ЖШҚ бас директоры қызметінен кетіп, шетелге кетіп қалады.

Фото: Reuters

Бруно Лепту негізгі куәгер болғанына қарамастан сотқа шақырылмаған. Олег Навальныйдың қорғаушысы Кирилл Полозов жәбірленушілер өзінің ұстанымын түсіндіріп, олар ешқандай шағымы жоқ екенін айтса да сот жәбірленушілердің ұстанымына қарамастан айыпталушыларды кінәлі деп тани алатынын айтқан.

2014 жылы 19 желтоқсандағы сот отырысы кезінде прокурор ағайынды Навальныйларды 10 және 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот шешімі 2015 жылдың 15 қаңтарында шығады деп күтілген. Алайда 2014 жылы 30 желтоқсанда Алексей Навальный 3,5 жылға шартты мерзімге және бес жылға сынақ мерзіміне, оның бауыры Олег 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Одан бөлек, екеуіне 500 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындалды.

Артынша сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсті. 2015 жылы 17 ақпанда Мәскеу қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырып, Алексей Навальныйдың айыппұлын алып тастады.

2015 жылы 5 қаңтарда Ресейге Адам құқықтары жөніндегі Конвенцияның 5, 6, 7 және 18-баптары бұзылғаны үшін шағым түскен болатын. 2016 жылы 8 наурызда сот 6 және 7-баптары бойынша шағым түсірді. Сот Ресей үкіметі жауап беруі тиіс бірқатар сұрақ қойды. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот үкімнің жосықсыз әрі негізсіз екенін және тергеу кезінде қамауға алудың саяси астары барын мәлімдеген. АҚЕС шешімі бойынша, Ресей ағайынды Навальныйларға 76 мың еуро төлеуі керек болған.

Фото: Reuters

2018 жылы 25 сәуірде Ресей Жоғарғы Сотының Президиумы "Ив Роше" ісі бойынша ағайынды Навальныйларға үкімді алып тастаудан бас тартып, керісінше, жаңа жағдайларды қарау үшін істі қайта бастау туралы шешім қабылдады. Сол жылы маусымда Олег Навальный Орлов облысындағы ИК-5 колониясынан босатылып шығып, шілде айында Алексей Навальныйға Ресей үкіметі тарапынан "Ив Роше" ісі бойынша өтемақы ретінде 4 миллион рубль берілген.

2021 жылғы оқиға

Былтыр 28 желтоқсанда Ресейдің Федералды жазаны орындау қызметі (ФЖОҚ) Алексей Навальный "сот жүктеген міндеттерді орындамай жүргенін және қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауынан жалтарғанын" мәлімдеді. ФЖОҚ Навальныйдың 29 желтоқсан таңғы 09.00-де келуін, келмеген жағдайда шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыратындарын айтты. 13 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда бірақ келетінін хабарлады. Ал ФЖОҚ оны сотқа дейін ұстап, шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру үшін барлық шараны қолданатынын мәлімдеді.


Фото: Reuters

17 қаңтарда Навальный уәде еткеніндей Ресейге ұшып келеді. Сол уақытта оны ФЖОҚ қызметкерлері ұстап, алып кетті. 18 қаңтарда өткен сот отырысында оппозиционер 30 тәулікке қамалды. Артынша ол "Матросская тишина" тергеу изоляторына қамалды. Сөйтіп 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында Навальныйды қолдауға арналған митинг өтті.

Ал кеше, 2 ақпанда шыққан Мәскеу қалалық сотының үкімі бойынша оппозиционер Алексей Навальный 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer