КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
13 июля 2021 | 12:40

"Бас бостандығынан айыру, айыппұл". Шетелде жалған вакцина паспорты үшін қандай жаза бар?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato Фото:elements.envato

Бүгінде бірнеше елде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын паспорттар енгізіле бастады. Одан бөлек, сол құжатты жасап, жалған паспорт сататын алаяқтар да шыққан. Әр елде алаяқтықтың мұндай түріне әртүрлі жаза қарастырылған. Tengrinews.kz тілшісі шетелде жалған паспорт жасағандар мен оны сатып алғандар қалай жазаланатынына шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде бірнеше елде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын паспорттар енгізіле бастады. Одан бөлек, сол құжатты жасап, жалған паспорт сататын алаяқтар да шыққан. Әр елде алаяқтықтың мұндай түріне әртүрлі жаза қарастырылған. Tengrinews.kz тілшісі шетелде жалған паспорт жасағандар мен оны сатып алғандар қалай жазаланатынына шолу жасады.

Ресей

Ресей Федерациясында екпе паспорты биыл қаңтардан бастап берілді. Көп ұзамай жалған паспорт жасайтындар да шыққан. Бүгінде елде вакцина салдырғаны туралы жалған сертификат жасатқандарға арнайы жаза да қарастырылған: бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл туралы 28 шілдеде Федерация Кеңесінің Конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Клишас мәлімдеген болатын.

"Құқық беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжат ретінде көрінеу жалған сертификатты сатып алу, сақтау, пайдалану немесе өткізу мақсатында тасымалдау не пайдалану қылмыстық жаза деп қаралып, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді Клишас.

Сенатордың сөзінше, жалған құжат жасатқандар оны қолданып үлгерсе де, үлгермесе де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ресейде жалған сертификат жасайтындар ұстала бастаған. Мысалы 5 шілдеде 4,1 мың рубльге (шамамен 24 мың теңге) жалған құжат жасайтын алаяқ ұсталды. Алаяқты полицейлер арнайы тәжірибе жүргізіп анықтаған. Олар алаяқпен алдын ала келісіп, сертификат жасатқан. Ал тапсырыс қабылдаушы құжатты курьермен жеткізетінін, ол үшін қосымша 450 рубль төлеу керегін айтқан.

Германия

Вакцина құжатын сататындармен белсенді күресіп жатқан елдердің бірі - Германия. Vesti.ru мәліметінше, елде вакцинация құжатын 100 еуроға (шамамен 51 мың теңге) арнайы телеграм-арналар арқылы сатып алуға болады екен. Алаяқтар сертификат алған адам ЕО ішінде еркін жүре алатынын айтып сендірген.

Германияда да жалған вакцинация құжатын жасау қылмыстық жауапкершілік ретінде қаралады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мамырда айтқан болатын. Яғни жалған құжат қолданған азаматтарға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл ретінде жаза қарастырылуы мүмкін.

Қазақстан

Қазақстанда да вакцинация паспортын қолдан жасағандар қылмыстық жазаға тартылады. Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Қытай

Коронавирусқа қарсы вакцина құжатын енгізген елдердің бірі - Қытай. Аспан асты елі тұрғындарға екпе паспортын биылғы наурыздан бере бастады. Сертификатқа жергілікті WeСhat әлеуметтік желісінің мини-қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Сертификатты ҚХР азаматы төлқұжаты арқылы ала алады. Құжатта тест тапсырған уақыты мен орны, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны не салдырмағаны туралы ақпарат болады. Одан бөлек, паспортта аты-жөні, ұлты мен паспорт нөмірі жазылған.

Италия

Euronews мәліметінше, Италияда да вакцинация паспортын телеграм-арналар арқылы сатып алуға болады. Полицейлер 10 қылмыстық жүйені әшкерелеген. Бағасы - шамамен 100-150 еуро. Жалпы құжатты сатып алуға 250 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Жүзге жуық адам сатушының өзімен тікелей байланыспақ болған.

Полицейлер Euronews-ке берген сұхбатында пандемия кезінде алаяқтар жаңа жағдайларға тез ыңғайланып алатынын айтқан. Мысалы алаяқтар коронавирус тестінің нәтижесін теріс шығаруды да үйреніп алған екен. Испанияда әзірше жалған құжат жасап, оны сатқандар немесе сатып алғандарға қандай жаза қарастырылатыны белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer