ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 сентября 2020 | 17:27

"Бейкүнә адамды өлтірді". Иранда өлім жазасына кесілген чемпион кім?

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: EPA/UPG Фото: EPA/UPG

2 күннен бері бұқаралық ақпарат құралдары күрестен әлем чемпионы, ирандық Навид Афкари туралы жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаға шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2 күннен бері бұқаралық ақпарат құралдары күрестен әлем чемпионы, ирандық Навид Афкари туралы жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаға шолу жасады.

NCRI мәліметінше, Навид 1993 жылы Шираз қаласында туған. Шираз 2019 жылы ирандық режимге қарсы шыққан қалалардың бірі болды. Осы қалада наразылық білдірген жастар өлтірілген. Иран билігі күрестен әлем чемпионын көтеріліс қайта басталып кетуінен қорқып дарға асты, деп жазады NCRI. 

Спортшының өлімінен кейін әлемнің әр түкпірінен наразылық білдіріп жатқандар көбейді.

27 жастағы Навид Афкариді өзі туылған қаласындағы Адель-Абад түрмесінде өлтірілді. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп, UFC президенті Дана Уайт, ХОК президенті Томас Бах және көптеген лауазымды тұлға құтқарып қалуға тырысты. Бірақ Иран билігі ештеңені өзгертпеді: Афкариді дарға асып, отбасымен қоштасуға да мүмкіндік бермеді.

"Оның өлімі ұмытылмайды"

Иранның IRNA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, алғашында Навид Афкари елдің экономикалық саясаятына қарсы бейбіт митингіге қатысқаны үшін айыпталды.

Mizan хабарына қарағанда, ол 2018 жылғы тамызда Шираз қаласында митингіге шыққан кезде құқық қорғау органдарының өкілін өлтірді деген күдікке де ілінген. Қайтыс болған қызметкері - Иран үкіметі қауіпсіздік қызметінің агенті Хасан Туркман. 

Адам құқығын қорғау ұйымының өкілдері Афкариді азаптап, кінәні мойындауға итермелегенін мәлімдеді, деп жазды championat.

Өлім жазасынан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео пікір білдірді.

"Бұл жаман және қатаң акт... Бұл режим қаншалықты "сұмдық" болса да адамзат қадір-қасиетін аясыз басу. Иран халықтың дауысын өшіре алмайды. Бүгіз біз Навид Афкаридің отбасы және ирандықтармен бірге аяусыз, қатаң режимнің "қолынан" шыққан өлімге қара жамылып отырмыз. Оның өмірі мен өлімі ұмытылмайды", - деді Помпео.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dana White (@danawhite)

"Жүрегімді ауырттыңыз"

12 қыркүйекте Лас-Вегаста UFC аралас жекпе-жектен турнир өтіп жатқан. Сол уақытта спортшылар Афкаридің өлімі туралы естиді. Жеңіл салмақта негізгі кардта Бобби Грин Алан Патрикті жеңді. Бірақ Бобби жеңгені үшін қуануға шамасы болмады, тіпті сұхбатын да бөліп тастады. Себебі Афкариге қатысты ақпарат көңілін босатты.

"Қазір бұл жігіттің өлтірілгені туралы айтып жүрегімді ауырттыңыз. Оны құтқарамыз деп ойладым. Ол өмірмен қоштасты. Ол жай наразылық білдіргені үшін өмірден озды. Біреу өмірден өтіп жатыр, ал мен бұл жерде жай тұрмын. Қазір сөйлей алмаймын, жекпе-жек туралы айта алмаймын. Есімнен адасатын шығармын. Сөйлей алмаймын. Рақмет, кешіріңіздер", - деді Бобби баспасөз конференциясында.

"Бейкүнә адамды өлтірдіңіз"

Халықаралық олимпиада комитетінің де Афкаридің құтқаруға шамасы келмеді. Спортшылар, ХОК және басқа халықаралық ұйымдар көмектескісі келгенмен, еш нәтиже шықпады. ХОК президенті Томас Бах жаңалықты естіп, есеңгіреп қалғанын айтты және Навид Афкаридің отбасы мен достарына көңіл айтты.

Ал Адам құқығын қорғау ұйымында 27 жастағы жігіттің соңғы сөздері жазылған аудиосы бар болып шықты.

"Егер мен жазаға тартып, өлтірсеңіздер, онда өзің тыңдату үшін күрескен және қолдан келгенше барын салған бейкүнә адамды өлтіргеніңізді біліңіз. Бірақ ешкім тыңдағысы да келген жоқ", - деп қалдырған спортшы.

CNN мәліметінше, Афкари қайтыс болған агенттің отбасына босату ақысын төлеп, кешірімін алу керек еді. Егер бұл оны орындай алмаса, сот өлім жазасын орындауға үкімі шығаратын болған. Судьялар Афкари Хасан Туркманның өліміне кінәсін мойындағанын айтқан соң Жоғарғы сот өлім жазасы туралы шешімін шығарған.

"Отбасы қоштасып үлгермеген"

Ал IRNA агенттігі қайтыс болған адамның отбасы өтемақы алудан және кешіруден бас тарқан соң дарға асылғанын жазды.

Афкаридің қорғаушысы Хасан Юнеси CNN-ге меценаттар Шираз қаласына барып, өтемақы үшін ақша жинауға тырысқанын, бірақ кеш болғанын айтқан. Себебі Шираздың соты үкім шығарып қойған және отбасы онымен қоштасып та үлгермеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer