ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
17 июля 2020 | 17:23

"Биыл желтоқсанда тоқтайды". Пандемияның бітетін мерзімі туралы қандай болжамдар айтылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости© РИА Новости©

Коронавинус эпидемиясы туралы әлі көп нәрсе белгісіз. Оның емі табылмады, пандемияның қашан бітетінінен де ғалымдар бейхабар. Бір болжам бойынша, ол екі-үш жылға созылуы мүмкін. Ал тағы бірі пандемияның биыл аяқталатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың тоқтайтын мерзімі туралы болжамдарға шолу жасайды.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавинус эпидемиясы туралы әлі көп нәрсе белгісіз. Оның емі табылмады, пандемияның қашан бітетінінен де ғалымдар бейхабар. Бір болжам бойынша, ол екі-үш жылға созылуы мүмкін. Ал тағы бірі пандемияның биыл аяқталатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың тоқтайтын мерзімі туралы болжамдарға шолу жасайды.

"Биыл желтоқсанда тоқтайды"

Кей ғалымның болжамынша, адамзат әлемдік індеттен биыл құтылуы ықтимал.  

Сингапур технология және дизайн университетінің сарапшылары жаһандық коронавирус пандемиясының жыл соңына дейін аяқталады деп болжап отыр.

Американдық The New York Post басылымының мәліметі бойынша, АҚШ вирустың тарауын биыл күзде жеңе алады екен.

Тиісті деректерді алу үшін сингапурлық ғалымдар бүкіл әлемдегі адамдардың инфекция және қалпына келу динамикасын сипаттайтын арнайы математикалық модельді қолданған.

"Бүкіл әлем пандемиядан желтоқсанның басында құтылады деп күтуге болады", - дейді ғалымдар.

Сонымен бірге, ғалымдар бұл пікірдің тек болжам екенін айтты, сондықтан елдер шектеулерді алып тастауға асықпауы керек деп санайды.


© Reuters 

"Вакцина табылмай, вирус тоқтамайды"

Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әл-ауқат министрі Пак Нунг Ху сингапурлік әріптестерімен келіспейді. Оның пікірінше, пандемия бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы KBS World Radio хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, вирусқа қарсы сенімді вакцина пайда болғанға дейін ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін емес.

Министр өз еліндегі сөзінде вирустың таралуын тоқтатуға тек медицина қызметкерлері ғана емес, бүкіл Оңтүстік Корея қоғамдастығы ұмтылуы керек екенін айтты.

"3055 корейдің арасында өткізілген COVID-19 антиденелеріне жасалған тестілердің нәтижелері бойынша олардың тек біреуі оң нәтиже көрсеткенін еске салайын. COVID-19-бен қатар өмір сүруді үйреніп, күнделікті өмір мен карантиндік шаралар арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін тек медицина қызметкерлері ғана емес, бүкіл Оңтүстік Корея қоғамы вирустың таралуын тоқтатуға тырысуы керек", - деді министр.

Ал Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Ларидің болжамынша, коронавирус пандемиясы тағы екі-үш жылға созылуы мүмкін.

Мұндай тұжырымдар алдыңғы пандемия тәжірибесіне негізделген, деп түсіндірді Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

"Вирус тоқтауының үш түрлі сценарийі"

Миннесота университеті Инфекциялық ауруларды зерттеу орталығының (CIDRAP) есебіне сәйкес, пандемия 18-ден 24 айға дейін созылуы мүмкін. Оны дүние жүзі халқының үштен екісінің иммунитетті дамыған кезде ғана бақылауға алуға болады дейді зерттеушілер.

Бұрынғы пандемиялардың дерегіне сүйене отырып, бұл індет 18-24 айға созылуы мүмкін және халықтың 60-тан 70 пайызына дейін иммунитет пайда болғанға дейін тоқтамайды, делінген зерттеу орталығының есебінде.


© Reuters 

CIDRAP мамандары коронавирустың тоқтауына үш түрлі сценарий келтірген.

Біріншісі, пандемияның бірінші толқыны 2020 жылы бітіп, келесі жылы вирус әлсірей бастайды. Мұнда елдердің қандай шара қолданатыны маңызды екені айтылады.

Ал екінші сценарий бойынша, пандемияның бірінші толқыны таяуда аяқталып, қысқа ол қайта тарай бастайды. Ғалымдар, 1918 жылы 50 милилон адамның өмірін қиған испан тұмауы осындай сценариймен жалғасықанын айтады.

Үшінші сценарий бойынша, коронавирустың екінші толқыны болмайды. Зерттеушілердің пайымы бойынша, коронавирус жұқтыру мен одан қайтыс болу дерегі ара-кідік тіркелгенімен, дүние жүзінде вирус тарауы тоқтайды.

"Вирус биыл тоқтамайды"

Ал Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшаньнің коронавирустың аяқталу мерзімі туралы пікірі басқаша.

Вирусолог COVID-19 биыл қыс мезгілі мен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды деп болжап отыр, алайда жұқтырудың екінші толқыны масштабты түрде болмайды.

"Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемінде вирус жұқтырудың өсімі жалғасуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын", - деді Чжун Наньшань.

Вирусолог қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.


© Reuters

"Халықтың бәрі дерлік ауырып шыққанда эпидемия тоқтайды"

Қазақстандық жоғары санаттағы дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ғалия Жұманбаева вирустың нақты қашан тоқтайтынына болжам жасамады. Ол COVID-19-ден қай жағдайда құтыла алатынымызды айтты.

"Иммунитет барлық адамда тұрақты, мықты, ұзақ болмай, біздің иммунитетіміз вирустың РНҚ мутациясына төтеп беріп үлгермесе, шамамен үш айдан кейін қайта жұқтыру болуы мүмкін. Салдарынан жаңа карантин. Себебі иммунитет орташа есеппен үш айға шыдайды", - деді профессор қарағандылық "Новый Вестник" басылымына берген сұхбатында.

Ол Қазақстанда коронавирус эпидемиясы қоғамдық иммунитеттің 70 пайызы, яғни тұрғындардың бәрі дерлік ауырып шыққанда тоқтайтынын айтады.

Оның айтуынша, вирустан ең тиімді қорғану - иммунитет. "Маска тағу - ұзақ әңгіме. Масканы далада тағудың керегі жоқ деп есептеймін. Ал жабық жерде тағуға болады", - деген пікір білдірді маман.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети