23 июня 2020 | 15:07

"Болжам қате болды". Коронавирустың екінші толқыны басталған елдер

© Reuters

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 9,1 миллионнан асты. Науқастар саны бойынша үштікте: АҚШ, Бразилия және көршілес Ресей елі тұр. Коронавирус пандемиясы басталған кезде науқастар саны көп болған бірнеше елде ахуал әлдеқайда жақсарса, енді бірінде COVID-19-дың екінші толқыны байқалып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус пандемиясының екінші кезеңі басталып жатқан елдерге шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 9,1 миллионнан асты. Науқастар саны бойынша үштікте: АҚШ, Бразилия және көршілес Ресей елі тұр. Коронавирус пандемиясы басталған кезде науқастар саны көп болған бірнеше елде ахуал әлдеқайда жақсарса, енді бірінде COVID-19-дың екінші толқыны байқалып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус пандемиясының екінші кезеңі басталып жатқан елдерге шолу жасады.

Қытай

Реклама
Реклама

Worldometers мәліметіне сүйенсек, Қытай коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 21-орында тұр. Елде COVID-19 анықталған 83 418 науқастың 78 мыңы аурудан айығып шыққан. Жалпы 4634 адам қайтыс болған. Шамамен 350 адам әлі де ем қабылдап жатыр. 13 мамырда Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының эпидемиологы У Цзунью елде коронавирустың тағы бір толқыны болуы екіталай екенін айтқан.

"Мен Қытайда COVID-19 эпидемиясының екінші толқыны болады деп есептемеймін. Соңғы үш айда коронавирустың алдын алуда үлкен тәжірибе жинадық. Жаңа дерек тіркелген жағдайда оны бақылауға алып, тарап кетпеуінің алдын аламыз. Сондықтан, меніңше, екінші толқын болмайды", - деді ол "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде.

Елде алғаш коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай режимі 24 қаңтармен 30 сәуір аралығында болған. Ал 16 маусымда Қытай базарында коронавирустың қазіргі түрінен де қауіпті індет тарап жатқаны белгілі болды. Бұл жолы вирус Бейжіңдегі "Синьфади" базарында тараған. Бүгінде базар жабылып, аймақта әскери жағдай режимі жарияланған. Бұл базарда шамамен 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді екен.


"Синьфади" базары. © Shine.cn

"Ухандағыдан да қауіпті". Бейжің базарында коронавирус тарап жатыр

Осылайша 17 маусымда ел астанасы Бейжіңнің карантинге жабылғаны белгілі болды. Қаладағы 28 шағынауданның тұрғындарына Бейжіңнен шығуға тыйым салынған.

Бүгінде, ВВС мәліметі бойынша, 1255 әуе рейстері тоқтатылған. Теміржол қатынасы 9 шілдеге дейін шектелген. Мектептер, бассейндер мен фитнес залдары жабылып, спорт шаралары тоқтатылған. Жолдар ашық, мекемелер мен компаниялар қалыпты режим бойынша жұмыс істеп жатыр екен.

АҚШ

11 маусымда желіде Америка құрама штаттарында коронавирус пандемиясының екінші толқыны келе жатыр деген ақпарат тарады. Елде мамырдың ортасынан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастаған. Көптеген БАҚ АҚШ-тың көптеген штатында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсуіне елдегі жаппай тәртіпсіздік себеп болуы мүмкін екенін жазған. Айта кетейік, бүгінде елде 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында қара нәсілді ер адамның өліміне байланысты жаппай наразылық шарасы болып жатыр.

Алайда коронавирустың екінші толқыны бүкіл елде емес, бірнеше штатта ғана байқалған көрінеді. Оның ішінде, Аризона, Техас, Флорида және Калифорния. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлаған.

Карантин режимі жеңілдегеннен кейін бір айдан соң Флоридада (11 маусымдағы мәлімет бойынша) коронавирус жұқтырған 8533 адам анықталған. Бұл штат орнатқан жаңа антирекорды. Одан бөлек, Техаста COVID-19 анықталған 2,5 тіркелген. Бұл штатта коронавирус пандемиясы басталғалы тіркелген адам саны көп кезең екен.

© Reuters

Оңтүстік Корея

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 61 орында тұрған Оңтүстік Корея елде пандемияның екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. РИА Новости хабарлауынша, елдегі ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Чон Ын Ген Сеул мен оның шеткі аймақтарында коронавирустың екінші толқыны басталғанын айтқан.

"Алғашында коронавирустың екінші толқыны күзде не көктемде болады деп болжадық. Бірақ біздің болжам қате болып шықты. Біз адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан инфекцияның тарауы тоқтамайды деген тұжырымға келдік", - дейді орталық басшысы.

Сонымен қатар, ел астанасының әкімдігі егер алдағы үш күнде тәулігіне орта есеппен 30 науқастан көп анықталса және ауруханалар 70 пайызға толып тұрса, тұрғындар қатаң әлеуметтік қашықтықты сақтауына тура келетінін ескерткен.

Айта кетейік, өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясын жұқтырған 46 адам және 1 адам қайтыс болғаны анықталған.

"Ақшалай да, заттай да көмек беріледі" - Кореяда тұратын қазақ елде COVID-19 қалай басылғанын айтты

Қазақстан

Бүгінде елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 18 мыңнан асты. Оның ішінде 11 мыңнан аса адам аурудан айығып, жалпы 127 адам қайтыс болған. Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күздің екінші жартысында болуы мүмкін деп болжанған. Бұл туралы ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров онлайн-брифингте айтқан болатын. 

Ал 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус пандемиясының екінші толқыны мамырда басталып кеткенін айтты.

"Қазақстанда вирустың бірінші толқыны өтіп кетті: ауырғандар саны көп болған кезең сәуірдің екінші жартысында болып, артынша көрсеткіш төмендей бастады. Шамамен мамырдың ортасында науқастардың саны өсе бастады. Яғни, вирустың екінші толқыны басталды", - деген еді министр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная