ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 апреля 2020 | 12:43

"Болжамдар қорқынышты". Түркия коронавируспен қалай күресіп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп барады: бүгінгі статистика - 1,3 миллион адам. Ал Түркия COVID-19 тараған елдер қатарында 9-орында. Жалпы елде 30 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 649 адам қайтыс болған. 83 миллионнан аса тұрғыны бар Түркия коронавируспен қалай күресіп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп барады: бүгінгі статистика - 1,3 миллион адам. Ал Түркия COVID-19 тараған елдер қатарында 9-орында. Жалпы елде 30 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 649 адам қайтыс болған. 83 миллионнан аса тұрғыны бар Түркия коронавируспен қалай күресіп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Түркия коронавируспен қалай күресіп жатыр?

Түркияда алғаш коронавирус 11 наурызда Еуропадан келген адамнан анықталған. Алғашқы науқаспен жақын байланыста болған адамдар бірден оқшауланған. Елдегі екінші жағдай да бірінші науқаспен байланыста болған адамнан анықталған. Сөйтіп, бір айдың ішінде Түркияда коронавирус жұқтырғандардың саны 21 мыңға жеткен.

Түркияда коронавирус анықталардан бір ай бұрын сақтық және вирустың алдын алу шараларын қабылдаған. Мәселен, түрік елі 10 ақпанда Қытайдан мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды тоқтатқан. Ал 26 ақпанда елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған жағдайда науқастар жатқызылатын ауруханалар тізімі дайын екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, елге Қытайдан, Ираннан келген адамдар бірден 14 күнге карантинге жатқызылған.

Түркия коронавирус індетін тоқтату үшін белсенді күресіп жатқан елдердің бірі. Біріншіден, елде екі санаттағы адамдарға сыртқа шығуға тыйым салынған. Олар 20 жасқа дейінге және 65 жастан кейінгі тұрғындар.

Екіншіден, елдегі азық-түлік дүкендері сағат 09:00-21:00 аралығында ғана істейді. Оның өзінде әр 10 шаршы метрде 1 адамнан артық тұруға болмайды. Түркиядағы қоғамдық орындар: кафе, бар, спортзалдары, бассейн жабылған. Сонымен қатар, адам көп жиналатын мешітте мінәжат етуге тыйым салынған. Одан бөлек, қоғамдық көліктерде тек 50 пайыз адам болуы керек.

27 наурызда ел президенті Режеп Тайип Ердоған Түркия толығымен халықаралық әуе рейстері тоқтатылатынын мәлімдеді. Яғни, ел тұрғындары шетелге жергілікті биліктің рұқсатымен ғана шыға алады.

Ал бүгін Ердоған Түркияда медициналық маска тегін таратылатынын мәлімдеді.

"Провинциялардың әкімшілігі, Түркияның мемлекеттік қызметтерінің порталы мен Түркия поштасы порталда өтініш қалдырған елдің барлық азаматына тегін маска тарата бастады. Бұл маскаларды сатуға тыйым салынатынын айтқым келеді. Супермаркеттерде тұрған маскалар да тегін таратылады", - деді Президент.

Түркия - коронавируспен күресу үшін ем іздеп жатқан елдердің бірі. 5 сәуірде бұл елде коронавирусқа қарсы ем туралы ақпарат тарады.

Жануарларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өткен. Бұл туралы Хаджеттеп (Анкара) университеті медициналық факультетінің профессоры Атеш Қара айтты.

"Жақсы жаңалық. Жануарларға микро ине арқылы жасалған коронавирусқа қарсы вакцина иммунды жауабын берді. Яғни қарсы денелер бөлінді. Қазір "бұл адамдарды қорғай ала ма?" деген жауапты білетін уақыт келді", - деп жазды ғалым Twitter желісіндегі парақшасында.

Сарапшылардың пікірі қандай?

Түркиядағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны Италияға қарағанда қарқынды өсіп келеді. Бұл туралы профессор Майкл Танчум Twitter желісіндегі парақшасында жазған.

"Алдағы бірнеше күн елдегі коронавирусқа байланысты жағдай қалай өрбитінін көрсетеді", - деді профессор.

Deutsche Welle мәліметінше, ауыл шаруашылығы бойынша сарапшы Экбер Йылдырым егер үкімет ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына дер кезінде қол ұшын созбаса, Түркияда бірнеше айдың ішінде азық-түлік өнімдері тапшы болуы мүмкін екенін айтқан.

"Өкінішке қарай, билік тұрақты өндірісті дамыту үшін ауыл және мал шаруашылығына қолдау шараларын қарастырмады", - дейді сарапшы.

Жергілікті халыққа қандай көмек жасалып жатыр?

"Известия" мәліметінше, Түркия билігі коронавируспен күреске 15 миллиард доллар (100 миллиард түрік лиры) бөлген. Бұл туралы 20 наурызда президент әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеген. 

Одан бөлек, Режеп Тайип Ердоған елдегі коронавирусқа байланысты республикадағы қонақүйлерде тұру салығы 2020 жылдың қарашасына дейін кейінге қалатынын мәлімдеген. Айта кетейік, Түркияда 2020 жылдың 1 сәуірінен туристердің отельдерде тұрғаны үшін салық салынбақ болған. Бұл салық саяхатшыларға қонақүйде көрсетілетін қызметтеріне: тамақтану, бассейн, түрлі ойын-сауық шаралары үшін қолданылмақ болған. 

Түркия Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат министрлігінің ресми сайтында тұрақты әлеуметтік көмек алатын 2 миллион отбасы 1000 лира қаржылай көмек алады. Бұл үшін мемлекеттен арнайы 2 миллиард лира бөлінді делінген. Министр Зехра Зюмрюттің айтуынша, көмек "экономикалық тұрақтылық" пакеті аясында жүзеге асады және наурыз айының аяғында беріле бастайды.

Түркия Президентінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты жүзеге асырылатын іс-шаралардың тізімінде ең төменгі зейнетақы мөлшері 1500 лираға көтеру туралы бөлім бар. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer