ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 апреля 2020 | 13:20

"COVID-19 қолдан жасалған ба?" - Коронавирусқа қатысты жалған ақпараттар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

COVID-19 жұқтырған адам саны күн санап артып келеді. Науқастардың саны көбейген сайын коронавирусқа байланысты жалған ақпараттардың да саны азаяр емес. Бірі коронавирустан қорғану үшін виски ішу керек десе, вирусты қолдан жасаған адам тұтқындалды деседі. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты дүниежүзінде тараған фейк хабарларға шолу жасады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 жұқтырған адам саны күн санап артып келеді. Науқастардың саны көбейген сайын коронавирусқа байланысты жалған ақпараттардың да саны азаяр емес. Бірі коронавирустан қорғану үшін виски ішу керек десе, вирусты қолдан жасаған адам тұтқындалды деседі. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты дүниежүзінде тараған фейк хабарларға шолу жасады.  

Коронавирустың бөлшектері ауада ұзақ сақталады - фейк

Бұл - жалған ақпарат. Егер науқас жөтеліп не түшкірсе, ауыз қуысынан шыққан тамшылар бірнеше метрге ұшады. Сондықтан науқас адамның маска тағып жүргені маңызды. Ал коронавирустың бөлшектері ауыр болғандықтан ауада ұзақ сақталып қалмайды.

Вирусты алкогольмен өлтіруге болады - фейк

Желіде ер адамдар коронавирусты тез жұқтыруы мүмкін, сондықтан олар күніне 250 грамм алкоголь, оның ішінде виски, коньяк ішуі керек деген ақпарат тараған. Мұндай ақпарат Қытайда да тараған көрінеді.  

Алайда бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды. Дәрігерлердің сөзінше, алкоголь керісінше адам организмін, оның ішінде иммунитетін әлсіретеді екен. Мамандар вирусты жеңудің тиімді жолы - гигиена мен сақтық шараларын сақтау екенін ескертеді.

Вирусты масалар тасымалдауы мүмкін - фейк

Бұл тұжырым да жалған. Себебі коронавирус тек науқас адамнан сау адамға жұғады. Вирустың негізі түшкіргенде және жөтелгенде тарауы мүмкін.

Антибиотиктер коронавирусты өлтіреді - фейк

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, антибиотиктер коронавирустан қорғамайды. Оны тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек. Бүгінде дүниежүзінде коронавирусты емдейтін нақты препарат жоқ. Әр елде дәрігерлер коронавирусты емдеуге әртүрлі дәрі қолданып жатыр.

Пневмонияға қарсы вакцина коронавирустан қорғайды - фейк

Пневмонияға қарсы вакцина, мәселен пневмокок немесе В типті гемофильді таяқшаларға қарсы вакцина коронавирустан қорғамайды. Вирустың бұл түрі басқаларынан өзгеше. Бүгінде ғалымдар коронависқа қарсы нақты вакцинаны әзірлеумен айналысып жатыр.

COVID-19 қолдан жасалды - фейк

Сәуірдің басында БАҚ беттерінде "АҚШ-та COVID-19 вирусын жасап, Қытайға сатқан деген болжаммен осы вирусты жасаушы болуы мүмкін ғалым қамауға алынды. Гарвард университетінің (АҚШ) химия және биология кафедрасының меңгерушісі доктор Чарльз Либер қазір күдікті ретінде қамауға алынды. Америкалық ғалымның Ухан университетімен COVID-19 жасауға келісімшарты болған. Либер Гарвардтағы (АҚШ) өзінің кеңсесінде қамауға алынды" деген ақпарат тарап кетті. Хабарлама жалған болып шықты. Бұл хабарды қазақстандық басылымдар да таратып үлгерген.

Яғни, АҚШ билігі Чарльз Либерді қытайлық билік қолдау көрсететін Thousand Talents Program қатысқанын жасырғаны үшін айыптаған және бұл жерде биозертхананың еш қатысы жоқ болып шыққан. Аталған бағдарлама бойынша, Қытай шетелдік ғалымдарға тәжірибе алмасуды ұсынып, материалдық қолдау көрсетеді. Чарльз Либер Ухандағы технологиялық университетте сабақ беру және университет жанынан зертхана ашып, соны басқару ұсынылған. Сондай-ақ, айына 50 мың доллар жалақы беруге және зертханаға 1,5 миллион доллар берген. Әңгіме тек сол университетке қатысты болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer