ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 февраля 2022 | 14:49

Депутаттар, байлар мен банктерге шектеу. Ресейге қай елдер санкция салды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: reuters.com Сурет: reuters.com

Ресей президенті Владимир Путин Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы жарлыққа қол қойғанна кейін АҚШ, ЕО елдері Ресейге санкциялар жариялады. Елдің ірі банктері мен кәсіпкер, депуттарға шектеу енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі Ресейге қай ел қандай санкция жариялағанын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы жарлыққа қол қойғанна кейін АҚШ, ЕО елдері Ресейге санкциялар жариялады. Елдің ірі банктері мен кәсіпкер, депуттарға шектеу енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі Ресейге қай ел қандай санкция жариялағанын баяндайды. 

Ұлыбритания 

Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды. Бұл туралы Reuters жазды.

Премьер-министр Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің кез келген активтеріне және Ұлыбританияға кіруіне тыйым салынатынын айтты. "Бұл біз жасауға дайын істің алғашқы толқыны", - деді Джонсон.

Оның айтуынша, "Россия", IS Банк, General Банк, Промсвязьбанк және Қара теңіз банкі санкцияларға ұшырады. Агенттік мәліметінше, санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің қатарына ресейлік және фин бизнесмені мен қоғам қайраткері, сондай-ақ Владимир Путиннің "жақын досы және одақтасы" Геннадий Тимченко кірді.

Сонымен қатар, Борис Джонсон кеше Ресейге Чемпиондар лигасының финалы сияқты футбол жарыстарына қатысуға рұқсат етілмеуі керек екенін мәлімдеді. Ұлыбритания тиісті басқару органдарымен мамырда Санкт-Петербургтегі Чемпиондар лигасы финалының өтетін орны туралы мәселені қозғайтынын айтты. Ал УЕФА-ның еуропалық футбол басқару органы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді.

АҚШ 

АҚШ президенті Джо Байден 22 ақпанда Ресейге қарсы санкциялардың "бірінші траншын" жариялап, Ресей "агрессиясын жалғастыра берсе, шараларды күшейтеміз" деп қорқытты. Бұл туралы DW сайтында жазылды. 

"Біз Ресейдің егемен қарызына санкция салып жатырмыз. Бұл Ресей үкіметін батыс қаржыландыруды тоқтатты дегенді білдіреді. Ол енді Батыстан қарыз алып, оны біздің нарықтарда немесе Еуропа нарықтарында саудалай алмайды", - деді Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Шектеу шаралары ВЭБ.РФ және Промсвязьбанк банктеріне де (олардың 42 еншілес ұйымын қосқанда – еск.) және ресейлік "элита" өкілдеріне де әсер етеді. 

Атап айтқанда, санкцияларға ұшырағандар арасында ЦСКА футбол клубы бар. Сондай-ақ, тізімде Беларусьтің БелВЭБ банкінде орналасқан ресейлік экспорттық орталық пен Украинаның Проминвестбанкі бар. АҚШ Қаржы министрлігі америкалық компаниялар мен тұлғаларға ВЭБ-пен операцияларды 2022 жылдың 24 наурызына дейін аяқтауды бұйырды.

РИА Новости мәліметінше, Ресей қарызына қарсы АҚШ-тың жаңа санкциялары 1 наурыздан кейін Ресей банкі, Ұлттық әл-ауқат қоры және қаржы министрлігі шығарған облигациялардың қайталама нарығына әсер етеді. Бұл бойынша санкциялар, әдетте, америкалық юрисдикциядағы активтер бұғатталады және АҚШ-тың жеке және заңды тұлғалары үшін мәмілелерге тыйым салынатынын білдіреді.

Санкциялар салынғаннан кейін Промсвязьбанк қазір оның шетел валютасымен және бағалы қағаздармен операциялары шектелгенін, оның иелері шектеулер жариялаған елдерде өз карталарын пайдалана алмайтынын, ал рубльмен жасалған барлық клиенттік операция шектелмейтінін айтты. Сондай-ақ, Ресейде банк карталарының барлық түрі, соның ішінде халықаралық төлем жүйелерінің карталары жұмыс істей беретіні хабарланды.

Еуропалық Одақ

Еуроодақ шенеуніктері дайындалып жатқан санкцияларға қатысты көп мәлімдеме жасады. Нәтижесінде Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель15 ақпанда Путинге Донбасс республикаларының тәуелсіздігін мойындауды ұсынған ресейлік 351 депутатқа шектеу енгізіленін айтты. Бұл туралы gazeta.ru жазды.

Сондай-ақ, бұл шаралар тағы 27 жеке тұлға мен ұйымға әсер етеді. ЕО ДХР мен ЛХР-ді тану "халықаралық құқық пен Минск келісімдерінің өрескел бұзылуы" екенін мәлімдеді.

"Ресей президенті Владимир Путин санкциялар тізіміне кірмейді", - деді Боррел. 

Санкция тізіміне енген адамдар енді ЕО елдеріне кіре алмайды және олармен іс жүргізуге болмайды. 

"Миланда шоппинг, Сент-Тропеде кештер және Антверпенде гауһар болмайды. Бұл бірінші қадам", - деп жазды Боррель Twitter-дегі парақшасында дейді gazeta.ru. Кейінірек бұл хабарлама ЕО өкілінің аккаунтынан жоғалып кетті. 

Германия

Германия да сейсенбіде ДХР мен ЛХР-ді тануға жауап ретінде нақты бастама көтерді. Германияның экономика министрлігі канцлер Олаф Шольцтың ұсынысы бойынша "Солтүстік ағын - 2" сертификаттау процесін тоқтатты. Ол елдің Экономика министрлігінен газ құбыры әзірге сертификат алмауы үшін қажетті әкімшілік шара қабылдауды сұрады. "Бұл сертификатсыз " Солтүстік ағын - 2" іске қосылмайды", — деді Шольц.

Аустралия

Аустралия жа Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Скотт Моррисон ABC эфирінде мәлімдеді.

"Ресейдің көршісіне басып кіруіне жол берілмейді... Аустралия үкіметі Ресей Федерациясының Украинаға қарсы агрессиясына жауап ретінде дереу ресейліктерге санкциялар салады. Біз де Қырым мен Севастопольге, Донецк және Луганск аймақтарына қолданылатын санкциялардың әсерін кеңейтеміз... Бастапқыда біз Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің сегіз мүшесіне кіруге тыйым саламыз және қаржылық санкциялар енгіземіз", - деді Моррисон.

Жапония

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида сәрсенбіде Ресейдің Донецк және Луганск республикаларын тануына байланысты санкциялар енгізілгенін жариялады.

"Біздің ел мына санкцияларды енгізу туралы ұйғарды: екі республика өкілдеріне виза беруді және капиталды тоқтату, осы екі республикамен экспорттық-импорттық қатынастарға тыйым салу. Бұдан әрі біз осы шаралар бойынша нақты шешім қабылдаймыз және қажетті рәсімдерді кешіктірмей жүргіземіз", - деді премьер-министр Кисида.

Жоспарланған кездесулер болмайды

Кейінгі оқиғалардан кейін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан 25 ақпанда жоспарланған ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуі болмайтынын мәлімдеді.

Ал Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки де АҚШ пен Ресей президенттерінің бұған дейін талқыланған кездесуі қазір жоспарда жоқ екенін, дегенмен АҚШ әкімшілігі дипломаттарға есік жаппайтынын хабарлады. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer