ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 апреля 2021 | 13:14

Дүние жүзінде коронавирустың қандай штамдары анықталды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Коронавирустың жаңа штамы мен мутациялары көптеген елден анықталып жатыр. Оның ішінде, үш штамм Қазақстанда да табылды. Мамандар жаңа штамдар тез жұғатынын, сол үшін қауіпті екенін айтады. Жаңа штамдар туралы не белгілі? Олар қай елдерде тіркелді? Tengrinews.kz тілшісі шолып шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың жаңа штамы мен мутациялары көптеген елден анықталып жатыр. Оның ішінде, үш штамм Қазақстанда да табылды. Мамандар жаңа штамдар тез жұғатынын, сол үшін қауіпті екенін айтады. Жаңа штамдар туралы не белгілі? Олар қай елдерде тіркелді? Tengrinews.kz тілшісі шолып шықты. 

Ирландия

Былтыр 31 желтоқсанда Ирландияда коронавирустың жаңа штамына байланысты карантин жарияланған болатын. Елде вирустың нақты қай штамы тарағаны белгісіз.

"Біз әлдеқайда тез таралатын аурудың штамымен айналысатынымыз анық. Шын мәнінде, ол бізге белгілі пессимистік модельдерден жоғары қарқынмен таралады", - деген еді премьер-министр Микал Мартин.

Сондай-ақ, премьер-министр елдің денсаулық сақтау жүйесі аурудың тез таралуына байланысты шамадан тыс жүктеме шегінде екенін айтты. Ирландияда қатаң карантин шаралары осыған байланысты енгізілген еді.


Фото: elements.envato.com

Коронавирустың Франциядағы жаңа түрі

Биыл 16 наурызда Францияның солтүстік-батысындағы Бретань ауданында коронавирустың жаңа түрі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аса қауіпті емес. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған болатын.

Коронавирустың бұл түрін анықтау қиын болған. Себебі оны жұқтырған адамдарда SARS-CoV-2-нің симптомдары байқалған. Алайда ПТР-тесттердің нәтижесі теріс шыққан.  

"Коронавирустың жаңа түрі Кот-д`Армор департаментінің Ланьон орталығындағы ауруханадан анықталды. 13 наурызда 79 жағдай тіркелді, оның сегізі коронавирустың жаңа түрі. Олар секвестрлеу арқылы анықталды", - делінген Францияның ДСМ сайтында. 

Алдын ала мәлімет бойынша, мамандар оның "қауіпсіздігі мен адамға тарауы туралы" әлі шешім шығармаған. Мамандар вирусты зерттеумен айналысып жатыр және вирустың бұл түрі "алдыңғы вирус кезінде қалыптасқан антидене мен вакцинацияға" қалай әсер ететінін зерттейді. 


©REUTERS 

Ведомство мәліметінше, Франция билігі коронавирустың жаңа түрі туралы ақпаратты халықаралық денсаулық сақтау органдарына жіберген. 

Үндістандық штамм

Бүгін Америка Құрама штаттарында бұған дейін Үндістанда тіркелген екі мутациялы коронавирустың штамын жұқтырған адам анықталды.

Стэнфорд клиникалық вирусология зертханасының мамандары Калифорния штаты Сан-Франциско шығанағының аймағында вирустың жаңа түрі тіркелгенін растады. Олардың мәліметінше, бүгінде үндістандық нұсқаны жұқтырған болуы мүмкін жеті жағдай зерттеліп жатыр.

COVID-19-дың жаңа түрінің екі мутациялы деп аталу себебі - вируста екі өзгеріс байқалған. Алайда оның қаншалықты жұқпалы және вакцинаға төтеп бере алатыны әзірге белгісіз. Ал денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сөзінше, мутация вирустың тез тарауына және АҚШ-тағы науқастар саны өсуіне алып келуі мүмкін.

Калифорния университетінің сарапшысы Питер Чин-Хонг вирустың бұл түрі тез жұғуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Себебі Үндістанның Махараштра штатында коронавирус жағдайларының 20 пайызы вирустың жаңа түрін жұқтырған екен.


Фото: Pixabay.com

Айта кетейік, 24 наурызда Үндістанның 18 штатында ұлыбританиялық, бразилиялық, оңтүстікафрикалық және екі мутациялы вирус анықталған. Соңғы мәліметтер бойынша, вирустың бұл түрінен Махараштра штатында 231,9 мың адам емделіп жатыр. Жалпы бүгінде Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында. Елде COVID-19 жұқтырған 12 686 049 адам анықталған. Оның 11,7 миллионы аурудан айықса, 165 577 адам қайтыс болған.

Германияда вакцина төтеп бере алмайтын штамм пайда болуы мүмкін

Федерал канцлер кеңсесінің басшысы және ГФР ерекше тапсырмалар жөніндегі министрі Хельге Браун коронавирус жұқтырғандар саны вакцинация кезінде қатар өсе бастаса, қолданыстағы вакциналар төтеп бере алмайтын коронавирустың жаңа мутациясы пайда болуы мүмкін екенін айтады. Мұндай жағдайда жаңа вакциналар қажет болады. 

Хельге Браун "мұндай жағдайды болдырмау керегін" атап өтті. Ол коронавирусқа байланысты бүгінгі жағдайды "пандемияның ең ауыр кезеңі" деп бағалады. 

Германияда коронавирустың үшінші толқыны ақпанда басталған. Артынша 28 наурызда елде туристерге кіруге арналған ережені қатаңдатты. Қазақстан азаматтарына Германияға кей жағдайда ғана (бала туу, үйлену той, жерлеу рәсімі) және тек жақын туыстарға келуге рұқсат етілген. 

Қазақстан

Елімізде мутацияның штатында ұлыбританиялық, бразилиялық, оңтүстікафрикалық түрлері анықталды. Ықтимал мутация елдің төрт өңірінен басқа барлық аймағында табылды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, ықтимал мутация Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында әзірге анықталмаған. 

Алматыда ұлыбританиялық штамды анықтау үшін 40 ПТР-тест өткізілген. Оны тексеру үшін арнайы реактив керек. 40 тесттің 78 пайызы ұлыбританиялық штамм деп шықты. Яғни 40-ы тексерілді, соның 32-сі ұлыбританиялық штамм болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer