ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 августа 2021 | 17:34

"Ең үлкен жеңіліс". Әлем елдері Ауғанстандағы жағдай туралы не деді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото: © Reuters фото: © Reuters

Ауғанстанда "Талибан" радикал қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгеннен бері дүние жүзі назарын салып отыр. Әлем елдерінің көшбасшылары пікір білдіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әлем елдерінің Ауғанстандағы жағдайға қатысты ұстанымын жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда "Талибан" радикал қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгеннен бері дүние жүзі назарын салып отыр. Әлем елдерінің көшбасшылары пікір білдіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әлем елдерінің Ауғанстандағы жағдайға қатысты ұстанымын жинады. 

"Мақсатымыз ауғандарға көмектесу болмады"

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, америкалық әскер бұл елге неге барғанын түсіндірді. Оның сөзінше, АҚШ әскері Ауғанстан мемлекетіне көмектеспеген. 

"Біз Ауғанстанға 20 жыл бұрын 11 қыркүйектегі оқиғаны ұйымдастырғандарға жету үшін және "Әл-Каида" Ауғанстанды шабуыл базасы ретінде пайдаланбауына көз жеткізу үшін бардық. Оған қол жеткіздік. Біздің мақсатымыз ешқашан ауғандарға мемлекет құруға көмектесу болмады", - деді Байден үндеуінде.  


Фото: Reuters 

Сондай-ақ, ол Қытай мен Ресей АҚШ миллиондаған қаражатан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бергенін қалайтынын айтты. Дегенмен, Ақ үй хабарына қарағанда, АҚШ босқындарға көмектесу үшін 500 миллион доллар бөлген. 

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Кабулдың құлауын "жантүршігерлік оқиға" деп атады. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп болса, Ауғанстандағы жағдайды "АҚШ-тың - ең үлкен жеңілісі" деп бағалады. 

"Ауған халқын бәлеге ұшыратып қалдыра алмаймыз"

Еuronews мәліметінше, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан қашқан босқындарды қабылдап, депортацияламауға шақырды. 

"Зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға, Ауғанстанды барлық ауғанның құқықтарына және барлық халықаралық келісімді орындауға шақырамын. Алдағы күндер шешуші болады. Әлем бізге қарап отыр. Біз ауған халқын бәлеге ұшыратып қалдыра алмаймыз және қалдырмауымыз керек", - деді Гуттериш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Ол "Талибан" қозғалысы мен басқа да тараптарды ұстамды болуға шақырды. 


Фото: Reuters  

"Кейінгі әрекеттердің ешқайсы сәтті болмады"

РИА Новости ақпаратына сүйенсек, Ауғанстандағы жағдайға баға берген Германия канцлері Ангела Меркель оны жергілікті халық үшін де, Батыс үшін де "ащы, қайғылы және қорқынышты" деп атады. 

Меркельдің айтуынша, бұған бәрі жауапты, Ауғанстандағы жағдайды бәрі "қате бағалаған".

"Енді "Әл-Каида" бұдан былай 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегідей Америка Құрама Штаттарына Ауғанстаннан шабуыл жасай алмайтыны анық, осыдан кейінгі барлық нәрсе сәтсіз болды және қажетті нәтижеге қол жеткізілген жоқ", - Меркель.

"Ауғанстан террористердің баспанасына айналмауы керек"

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Франция президенті Эммануэль Макрон Париж ауған еліндегі жағдайды тұрақтандыру үшін Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақпен бірге әрекет етуге дайын екенін айтты. 

Оның сөзінше, бүгінде Франция ЕО елдерімен бірге босқындарға көмектесу бағдарламасын әзірлеп жатыр. 

"Ауғанстан қайтадан террористердің баспанасына айналмауы керек. Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздануы Еуропаға көші-қон ағынына әкелуі мүмкін. Алдын ала дайындалу үшін біз Германиямен және басқа да еуропалық мемлекеттермен келісілген және бірыңғай жауапты әзірлеу бойынша бастама көтереміз", - деді Макрон телеүндеуде.  


Фото: Reuters 

"Бірлескен жұмыс қажет"

РИА Новости мәліметінше, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО кеткеннен кейінгі жағдайды күйреу деп бағалады. 

"Әлемде сақталған көптеген аймақтық діни дағдарыстар мен қақтығыстарды шешуге көмектесу үшін бірлескен жұмыс қажет. Бұл АҚШ пен НАТО асығыс кеткеннен кейінгі Ауғанстандағы жағдайдың күйреуі анық көрсетіп берді", - деді Лавров. 

"Ахуал мұқият бақылауда"

Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды.

Ол Ауғанстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. 

"Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда", - деп жазды Тоқаев.


Фото: Reuters 

Өзбекстан Ауғанстанның ішкі істеріне араласпайды

Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырды және ел ішінде бірегей үкімет құру ниетін қолдайды. Бұл туралы республиканың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Ведомство билік транзиті консенсус негізінде және халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларын ескере отырып жүзеге асырылуы үшін Дохадағы ауғанаралық келіссөздер аясында бейбітшілікке үміт білдірді.

"Осы бағыттағы ахуалдың дамуы ұлттық келісімге қол жеткізуге және қуатты әрі іс-әрекетке қабілетті мемлекет қалыптасуы үшін жағдай жасауға әкелетініне сенімдіміз.

Өзбек тарапы Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көрші қарым-қатынасты қолдауға және көрші елдің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына адалдығын мәлімдейді", - делінген хабарламада.


Фото: Reuters 

Эстония 10 босқынды қабылдауға дайын, Жапония елшілігін жапты

Эстония премьер-министрі Кай Каллас мемлекет Ауғанстаннан қашқан 10 босқынға дейін қабылдауға дайын. 

Оның сөзінше, бұл он адамның ішіне ЕО немесе НАТО-мен жұмыс істеп, өзі мен туыстарына қауіп төнген ауғандар кіреді. Кай Каллас Эстония Ауғанстандаңы гуманитарлық дағдарысты шешуге үлес қосқысы келетінін айтты.  


Фото: Reuters 

Ал Жапония билігі Ауғанстандағы елшілігін уақытша жауып тастады. Әрине, бұған өңірдегі жағдай себеп. Жапон билігі Ыстамбұлда уақытша елшілігін ашып, дипломаттарды сол жаққа жіберді.  

"Елшілікте болған 12 қызметкердің бәрі 17 тамызда көрші мемлекеттің әскери ұшағымен Дубайға жеткізілді", - делінген Жапония СІМ хабарламасында. 

Содырлар келіп, президент қашты. Ауғанстанда не болып жатыр?

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Ауғанстан билігі ауысуынан Қазақстанға қандай қауіп бар?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer