ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 сентября 2020 | 12:42

Еуроодақ Беларуське санкция салу мәселесін неге шегерді?

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Беларусьте тамыз айында өткен президент сайлауы кезінде Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская Еуроодақты беларусьтік шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды. Ол қажет болса, оппозиция бірнеше жыл бойы наразылық шараларын өткізетінін айтты. Алайда дүйсенбіде ЕО СІМ басшылары Беларуське қарсы санкция бойынша келісе алмады. Tengrinews.kz тілшісі Еуроодақтың Беларусь шенеуніктеріне қарсы санкция енгізуіне қатысты мәлімдемелерін ұсынады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусьте тамыз айында өткен президент сайлауы кезінде Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская Еуроодақты беларусьтік шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды. Ол қажет болса, оппозиция бірнеше жыл бойы наразылық шараларын өткізетінін айтты. Алайда дүйсенбіде ЕО СІМ басшылары Беларуське қарсы санкция бойынша келісе алмады. Tengrinews.kz тілшісі Еуроодақтың Беларусь шенеуніктеріне қарсы санкция енгізуіне қатысты мәлімдемелерін ұсынады. 

Дүйсенбіде Брюссельде Светлана Тихановская Еуроодақ СІМ басшыларымен кездесіп, Еуропалық парламенттің сыртқы істер жөніндегі комитетінің алдында сөз сөйлейді. 

ВВС мәліметінше, кей деректе ЕО-ның санкциялық тізімінде Лукашенконың фамилиясы жоқ деп жазылған.

"Әрине мен бұл елдерден көмек сұрадым. Біз халықтың күшімен жағдайдың реттелуі үшін көп жұмыс атқардық, бірақ қазір сырттан көмек керегін түсініп отырмыз. Бұл санкцияларды енгізу үшін өте көп уақыт керек. Басшылардың санкцияға қатысты асықпауының себебі бар деп ойлаймын, бірақ мен шешім шығарғанда батыл болуын сұрадым", - деді Тихановская баспасөз мәслихатында. 

Тихановская ЕО сыртқы істер министрлерімен кездесті.

"Ол бізге Беларусьтегі жағдай туралы айтып берді. Біз белорус халқының әділ сайлауға қатысты құқын қорғау үшін ұлттық диалог құрғымыз келетінін атап өткім келеді", - деді журналистерге ЕО ішкі істер жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.

Еуроодақ Лукашенконың легитимдігін мойындамады

"Біз бәріміз процестің қорытындысы бойынша Лукашенконың өкілеттігін мойындамаймыз, оны жалған деп есептейміз", - деді ол.

ЕО СІМ басшылары санкция шығарарда келісімге келмеді

Бірақ Беларуське қарсы санкцияны СІМ басшылығы келісе алмады. Бұл сұрақты енді ЕО елдерінің басшылары мен үкіметі шешеді.

ЕО санкция туралы келісе алмағаны туралы алғаш болып Латвия СІМ басшысы Эдгар Ринкевич Twitter желісінде жазды.

"Өкінішке қарай, бүгін біз одаққа мүше елдердің бірі "тұтқын ұстап отырса" да, адам құқығын бұзғаны үшін санкцияларға байланысты шешім шығара алмадық. Бұл белорустерге, біздің қоғамға және әлемге кері әсер етеді", - деп жазды ол Кипрдің қосымша шартсыз санкция енгізу туралы келісімін ескеріп.

Санкцияға Кипр қарсы болды

Беларуське қарсы санкцияны Кипр өкілі қолдамаған. 

Латвия СІМ басшысы Эдгар Ринкевичтің мәлімдемесіне жауап ретінде Кипр сыртқы істер министрі Никос Христодулидис Еуроодақтың адам құқының бұзылуына қатысты шарасы барлық елде бірдей болу керек деп есептейтінін айтты.

"Біздің негізгі құндылықтар мен принциптердің бұзылуына байланысты ойымыз "а-ля карт" принципі бойынша әрекет ете алмайды. Бірізділік болу керек", - деді ол.

"Бірізділік" дегенде бұл елдің өкілдері Түркияға қарсы санкция енгізуді де талап етіп отыр. Кипр билігінің айтуынша, Түркия оның экономикалық аймағында мұнай-газ кен орнын барлап жатыр. Кипр дипломаттары бірнеше рет ашық айтты: егер белорус шенеуніктеріне қарсы санкция енгізілетін болса, онда тек Түркияға қатысты да сондай шара қабылдануы керек.

Енді санкцияға байланысты соңғы шешім Еуропа кеңесінің айрықша саммитінде шығарылады. Ол 24 қыркүйекте өтеді және оған Еуропа елдерінің басшылары қатысады. Алайда санкцияға тағы Кипр позициясы кедергі болуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer