Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 января 2020 10:45

"Халық соғыстан қорықпайды". Ирандағы қазақ елде не болып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда тұратын қазақ Жафар Шадкам. © Tengrinews.kz, Reuters Иранда тұратын қазақ Жафар Шадкам. © Tengrinews.kz, Reuters

Иран мен АҚШ арасындағы әскери қақтығыс ирандық халыққа ықпалын тигізбеген. Жұрт әдеттегідей тұрмыс-тіршілігін істеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Иранда тұратын қазақ Жафар Шадкам баяндап берді. 


Иран мен АҚШ арасындағы әскери қақтығыс ирандық халыққа ықпалын тигізбеген. Жұрт әдеттегідей тұрмыс-тіршілігін істеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Иранда тұратын қазақ Жафар Шадкам баяндап берді. 

Қазақтар Жапарбай деп атап кеткен Жафар Шадкам Иранда дүниеге келген. 1966 жылы Гүлстан облысының Горган қаласында туған. Кейін Тегеранға оқуға түсіп, соңғы 20 жыл бойы Иран астанасында тұрып келеді. 

"Үш жылдан бері зейнеттемін. Спорт мекемесінде бірнеше жыл жұмыс істегенмін. Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы шетелге хабар тарататын радио ашқалы жатыр деген хабар естіп, емтиханнан өтіп, Қазақ радиосында аудармашы әрі диктор болып қызмет атқардым", - дейді ол. 

Бүгінде Иранда тұратын қазақтардың нақты саны белгісіз. Дегенмен басым бөлігі Гүлстан облысында тұрып жатыр. Қазақ диаспорасы көп жағдайда шоғырланып, бір аймақта тұрады екен. 

Ирандық қазақтың сөзінше, жергілікті халық АҚШ-пен түрлі қақтығыстарға үйреніп кеткен. 

"Расын айтқанда, соңғы уақытта болып жатқан әскери әрекеттер халықтың тұрмыс-тіршілігіне әсер етпеді. Иранда Ислам республикасы жүйесі орнағанына 40 жыл уақыт болды. Осы жылдар бойы Иран мен АҚШ арасында осындай қақтығыстар жиі болады. Америкалықтар соғысқа дайынбыз деп жиі мәлімдейді, бірақ Иран халқы оған мән бермейді. Бәріне бұл үйреншікті жағдай сияқты, қалжыңдап, күле қарайды. "АҚШ дайын болса, біз де дайынбыз" деп сенімді айтады", - дейді ол. 

Оның айтуынша, әскери әрекеттер салдарынан Иран риалы (1 теңге шамамен 0.011 риальға тең) құнсызданған екен. 

"Иранның әскери әрекетінен кейін елеулі өзгеріс байқалмайды. Халық күнделікті тіршілігін істеп жүр. Сол баяғы қалпында. Әскери әрекеттерден кейін Иран риалы (валютасы - Еск.) құнсызданып, доллар бағасы сәл жоғарылап кеткен еді. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамптың кешегі мәлімдемесінен кейін валюта тұрақтанып келеді", - дейді Жафар Шадкам. 

Шадкам генерал Касем Сулейманидің өлімі ирандықтарды ашуландырғанын айтады. 

"Иран генералы Касем Сулеймани Иракқа ресми сапармен барғанда оны және қасындағы 40-қа жуық әскериді зымыранмен соққы жасап өлтірген. Содан кейін Иран билігімен қатар, халық та кек алуды қалады. Себебі Сулейманидің Иранда өте абыройлы. Оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде халық көптеп жиналды. Мысалы, Тегеранда өткен рәсімде халық миллиондап келді. Генералдың туған жері Керман қаласында адамдардың көп болуынан халық қысылып, 70-тен аса адам қаза тапты", - дейді ол.  

Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша, Сулейманиді жерлеу рәсімінде 56 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жарақат алған.


© Reuters 

Оның айтуынша, Иранда соңғы уақытта адам өлімімен аяқталатын оқиғалар көбейген.

"Өздеріңіз естіген боларсыздар, Тегераннан ұшып шыққан украиналық ұшақ көп ұзамай апатқа ұшыраған еді. Ішінде басым бөлігі ирандықтар мен канадалық студенттер екен. Олар билет арзан болған соң Канадаға Киев арқылы ұшпақ болыпты. Одан бөлек таяуда Тегераннан Гүлстандағы Гомбед қаласына бет алған жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 19 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі - түркмендер", - дейді ирандық қазақ. 

Зымыранмен соққылар жасалғаннан кейін де халық соғыс болады деп қорықпаған.

"Иран билігі халыққа сәт сайын "Біз соғыс бастамаймыз, бірақ әлдекім соғыс бастаса, біз оны тәмамдаймыз" деп айтып отырады. Кешегі Иранның зымыранмен соққысы кек алу процесінің басталуы. Мұнымен ғана шектелмейді. "АҚШ әскерін бүкіл Таяу Шығыс аймағынан қуып шығармайынша тоқтамаймыз" деп айтып жатыр билік", - дейді Шадкам. 


© Reuters 

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Ирак астанасы Бағдат әуежайының маңына үш зымыран ұшырып, салдарынан Иран генералы Касем Сулеймани қаза тапқан болатын. Пентагон мұның жоспарланған соққы екенін мәлімдеген еді. 

Касем Сулейманидің қазасынан кейін Иран 8 қаңтарда Ирактағы екі америкалық әуебазаға шабуыл жасап, "Азап шегуші Сүлеймани" операциясының басталғанын жариялады. АҚШ нысандарына қарата "жер - жер" класындағы ондаған зымыран ұшырылды.

Шабуыл нәтижесінде Эйн-әл-Асад әуебазасында орналасқан бірнеше жойғыш ұшақ зақымдалған. Басқа ақпараттарға сенсек, бірнеше ұшақ жойылған. Иранның Press TV телеарнасы 80 адамның қаза болғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети