ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 мая 2021 | 13:39

Израильдегі қазақ: "Сәт сайын жағдай қалай өзгерер екен деп алаңдап отырамыз"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Израильге жіберілген зымырандар. © Reuters Израильге жіберілген зымырандар. © Reuters

Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс он күннен бері басылмай тұр. Бүгінде екі тарап бір-біріне мыңдаған зымыран ұшырып үлгерді. Палестина халқы қақтығыс аумағынан көшіп жатыр. Израиль халқы да кезекті шабуылдардан қорқып жүр. Кеше қақтығыс аймағынан алыста орналасқан Хайфаға бомба тасталады деген ақпарат тарап, тұрғындар дүрбелең салған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс он күннен бері басылмай тұр. Бүгінде екі тарап бір-біріне мыңдаған зымыран ұшырып үлгерді. Палестина халқы қақтығыс аумағынан көшіп жатыр. Израиль халқы да кезекті шабуылдардан қорқып жүр. Кеше қақтығыс аймағынан алыста орналасқан Хайфаға бомба тасталады деген ақпарат тарап, тұрғындар дүрбелең салған.

Қазақстандық Динара Әлібекова қазір Израильдің осы Хайфа қаласында тұрып жатыр. Ол Tengrinews.kz тілшісіне елде не болып жатқанын айтып берді.

Хайфа - Израильдің солтүстігіндегі қала. Қақтығыс аймағынан алыста орналасқан. Динараның айтуынша, сонда да тұрғындар бұл қақтығыстан қорқып жүр екен.

"Елдің солтүстігінде тұрған соң қақтығыс болғанын келесі күні ғана білдік. Тұрғындар соны айтып шулап жатты, жаңалықта да осы оқиға болды. Әлеуметтік желіде зымыранмен шабуыл жасалған кездің видеосы тарады. Жағдай әлі тұрақсыз, бұл қақтығыс қашан аяқталатыны белгісіз", - дейді Динара.

Динара Әлібекова негізі Жамбыл облысы онкологиялық диспансерінде онколог-маммолог болып жұмыс істейді. Былтыр арнайы грант иегері атанып, 2020 жылы желтоқсанда Израильге аттанған. Бүгінде Хайфадағы Рамбам медициналық орталығында тәжірибе алып жатыр.

"Қақтығыс басталғанын естігінде қатты қорықтым, халық дүрбелең салды. Бірақ елшілік, консул өкілдері хабарласып, Израильдегі әр қазақстандық туралы мәлімет жинады. Сирена даусы естілгенде не істеу керегін түсіндіріп, қауіпсіздік ережесін айтты. Жағдайды бақылап отырғанын, қақтығыс күрделенсе, эвакуация жоспары барын айтқан соң, сәл тынышталдық", - дейді ол.


© Reuters

Динара қақтығыс басқа өңірде болып жатса да, қорқыныш бар екенін айтады.

"Әрине, мұндай жағдайды бұрын көрмеген соң, бәріміз де қорқып жүрміз. Сәт сайын жағдай қалай өзгерер екен деп алаңдап отырамыз. Қалада сирена даусы естіліп, Хайфаға да шабуыл жасала ма екен деген қорқынышпен тұрып жатырмыз", - дейді қазақстандық.

Израиль мен Палестина қақтығысы неден басталды?

Бірақ, оның айтуынша, бүгінде хайфалықтар арасында дүрбелең жоқ. Бәрі қалыпты өмір сүріп жатыр.

"Жергілікті тұрғындар арасында қатты қорқыныш байқамадым. Бәрі әдеттегідей жұмыс істеп, емделіп жүр, дүкендер де қалыпты режимде ашық тұр. Осындағылардан мұның себебін сұрағанмын. Оларды мұндай жағдайларда, жер сілкінгенде, су тасқыны болғанда не істеу керегін бала кезінен бәріне үйретеді екен. Сондықтан халық қазір дүрбелең салып жатқан жоқ", - дейді Динара.


© Reuters

Қақтығыс басталған кезде халық арасында бір ақпарат тарапты. Онда Хайфаға бомба тасталады делінген.

"ХАМАС (Палестинадағы қозғалыс - авт.) бүгін кешкі 6-да Хайфа мен Эйлатқа бомба тастайтынын мәлімдеді. Тыл қызметі бомбадан қауіпсіз жерге баруға дайын болуды ескертті", - делінген желіде тараған хабарламада.

Мұндай хабарлама Динараға да келген. Бұл ақпаратқа сенер-сенбесін білмей, алаңдағанын айтады. Бірақ қорқынышты ештеңе болмаған.

"Бәрі жақсы, ештеңе болған жоқ. Бұл фейк-хабарлама болған секілді", - дейді ол.

Енді Динара Әлібекова елге қашан оралатыны нақты белгісіз. Бәрі Израильдегі қазіргі жағдайға байланысты екенін айтады.

58 бала қаза тапқан. Дүние жүзі Израиль мен Палестинаны бітімге шақырып жатыр

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer