Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында төтенше соғыс жағдайы енгізілгенін жеткізді. Қазір Киевте жүрген қазақстандықтар Tengrinews.kz тілшісіне елде не болып жатқанын әңгімелеп берді.
Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында төтенше соғыс жағдайы енгізілгенін жеткізді. Қазір Киевте жүрген қазақстандықтар Tengrinews.kz тілшісіне елде не болып жатқанын әңгімелеп берді.
Қазақстандық Зафар Сүлейменов Киевте жұмыс істейді.
"Қысқа-нұсқа айтқанда, жойқын жарылыстар болып жатыр. Өзім Голосеев пен Васильков станцияларының арасында тұрамын. Осы төңіректе бір дүкен жарылды", - дейді ол.
Зафардың сөзінше, Украинадағы халық екі лагерьге бөлінген.
"Киевте екіұдай жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Неге десеңіз, халықтың жартысы көлігіне мініп, Львовты не басқа да жақын қалаларды бетке алса, қалғаны қаладан кетпей, мінез көрсетіп отыр", - деді ол.
Сонымен қатар, ол ел тұрғындары дүрлігіп отырғанын жеткізді.
"Қазір ғана дүкенге кірген едім, адамдар банкоматтан бар ақшасын шешіп жатыр. Әзірге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі бар. Жалпы жағдайға баға беру қиын, бірақ ел дүрлігіп отыр, оны аңғармау мүмкін емес. Ел президенті Зеленский халыққа үндеу жасап, барлығымыздың үйде отырып, сақ болуымызды сұрады. Енді жағдай тезірек оңалып кетсе екен", - деп сөзін аяқтады Зафар Сүлейменов.
Ал алматылық Ернар Жұмабаев осыдан үш ай бұрын Украинаға туыстарының үйіне қонаққа барған. Оның айтуынша, бұл кезде тек Ресей басып кіруі мүмкін деген сыбыстар жүрген, ал қала тыныш болған. Қазір Ернар Киевтің шетінде достарының үйінде. Туыстарына қайтуға жүрексініп отырғанын айтады.
"Жағдай өте тез ушығып кетті. Мен достарымның үйінде демалып жатқанмын. Күтпеген жерден ел бомбаланып жатқанын біліп жатырмыз. Бірнеше жарылыс даусын естідік. Бірақ қазір тыныш. Үйден шығуға жүрексініп отырмыз. Қорқынышты", - дейді ол.
Ернар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда үлкен кезек екенін де айтты. Алайда қала сыртында сирена болмапты.
"Терезеге қарасам, жұрт заттарын жинап, көлікке мініп бір жаққа кетіп жатыр. Ал мен мұнда қанша уақыт болатынымды білмеймін. Қазақстан елшілігі эвакуациялайтын шығар. Әзірге еш нәрсе белгісіз, қазір туыстарыма қалай жетерімді ойластырып жатырмын. Сабыр сақтауға тырып отырмыз. Бірақ қалада төтенше жағдай енгізілді. Такси табу қиын. Бағалар көтеріліп кетті. Қалада кептеліс болып жатқан шығар", - деді ол.
- Днепрдегі құрметті консулдығы
Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна.
Консулдық аймағы: Днепропетровск облысы.
Мекенжайы: 49000, Украина, Днепр, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22.
Телефоны: +38 (098) 222-94-37.
Электрон пошта: consul.kz.dp@gmail.com - Одессадағы құрметті консулдығы
Құрметті консул: Продаевич Сергей Александрович.
Консулдық аймағы: Одесса, Николаев және Херсон облысы.
Мекенжайы: 65007, Украина, Одесса, Пантелеймоновская көшесі, 101/11.
Телефоны: +38 (094) 949-27-52.
Электрон пошта: consulkzod@gmail.com - Харьков қаласындағы құрметті консулдығы
Құрметті консул: Наджафли Эмин Мұса оглы.
Консулдық округ: Харьковь, Полтава және Сума облыстары.
Мекенжайы: 61052, Украина, Харьков қаласы, Полтавский көшесі, 7.
Телефоны: +38 (067) 190-77-77.
Электрон пошта: consul.kz.kh@gmail.com
Веб-сайты: consulkz.kh.ua - Львовтағы құрметті консулдығы
Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна.
Консулдық округ: Львов, Закарпатье, Ивано-Франков, Черновицк, Тернопольск, Хмельницкий, Ровенский және Волынский облыстары.
Мекенжайы: 79016, Украина, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1.
Телефоны: +38 (032) 240-36-70.
Электрон пошта: consul@kazconsul.com.ua
Украинадағы елшіліктің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде кейінгі ақпаратты қадағалау керек екені айтылды.
Елшіліктің байланыс телефондары: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08
Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!